Сарапшылар бұған инфляция мен көлеңкелі экономика ықпал етіп жатыр деген ойда. Елімізде мобильді аударымдар арқылы төлем жасау – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының айтуынша. 2024 жылы Қазақстан экономикасындағы қолма қол ақшаның үлесі 20 пайызға өсіп, 4,4 трлн теңгеге жеткен.
![Фото: Bizmedia.kz](https://s.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/v-rk-raznicza-mezhdu-srednej-summoj-zajma-poluchennoj-nalichnymi-i-onlajn-prevysila-60-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)
Қаржыгерлердің есебіне сүйенсек, былтыр әрбір қазақстандыққа орта есеппен 218 мың теңге қолма-қол ақша тиесілі болған. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш – 184 мың теңгені құраған болатын.
2024 жылы халық банкоматтан 25,4 трлн теңге қолма қол ақша шешіп алған. , бұл 2023 жылғы 22,9 трлн теңгемен салыстырғанда 11%-ға көп.
Негізгі өсім Алматы (+1,4 трлн теңге),
Шымкент (+389 млрд теңге) және Жетісу облысына (+249 млрд теңге) тиесілі.
Былтыр қолма-қол ақшасыз транзакция көлемі 165 трлн теңгеге жетті (+16%). ҚҚҚ пікірінше, бұған келесі факторлар әсер етті:
бөлшек және көтерме сауданың 9,8% және 8,6%-ға жеделдеуі (тиісінше 22,4 трлн және 47,3 трлн теңгеге дейін);
онлайн-банкинг пайдаланушылары санының 23 млн-нан 25,9 млн адамға дейін көбеюі;
сауда кәсіпорындарының санының 910 мыңнан 1,1 млн-ға дейін өсуі;
POS-терминалдар желісінің 1 млн-нан 1,4 млн-ға дейін кеңеюі.
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өскеніне қарамастан, олардың жалпы есеп айырысу құрылымындағы үлесі аз ғана өзгеріп, 86,2%-дан 86,7%-ға дейін артты. Бұл қолма-қол ақша айналымының ұлғаюымен байланысты.
Дегенмен, қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі қолма-қол ақша алудан 6,5 есеге артық.
Орташа есеппен бір қолма-қол ақшасыз транзакция сомасы жыл ішінде 4%-ға өсіп, 12,6 мың теңгеден 13,1 мың теңгеге жетті, ал банкоматтан қолма-қол ақша алу сомасы 12,4%-ға өсіп, 94,7 мың теңгеден 106,4 мың теңгеге дейін артты.
Бірінші Кредиттік Бюро мамандарының айтуынша, өткен жылы ел аумағында қолма-қол ақша шешіп алу бойынша 238,4 млн операция орындалған. Жалпы қазақстандықтар 25,4 трлн теңгені қолма-қол ақшамен алған. Оның 32%-в Алматы тұрғындарына тиесілі.
Ал екінші орында Астана, бас қаланың тұрғындары 2,6 трлн теңгені қолма-қол ақша түрінде пайдаланған. Дәл осындай көлем Шымкентте де тіркелген (2,1 трлн теңге).
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, ай сайын 100 немесе одан көп тұлғадан 3 ай қатарынан мобильді аударым жасалса, сонда ғана тұлға екінші деңгейлі банктің назарына ілінеді. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментін хабарлауынша, міндетті декларациялаудың төртінші кезеңі жойылғаннан кейін кейбір кәсіпкерлер қайтадан белсенді түрде клиенттерден аударымдарды қабылдай бастаған. Мемлекеттік кірістер комитеті талдау критерийлерін өзгертіп, мобильді аударымдар санын ғана емес, олардың жалпы көлемін де ескеруді жоспарлап отыр.
Енді мобильді аударымдардың жалпы саны ғана емес, сондай-ақ олардың жалпы көлемі де есепке алынады. Егер әр адамнан 1 теңгеден аударым түссе, мұнда сома маңызды емес, бастысы – адамдар саны. 50 адам 1 теңгеден жіберсе, бұл 50 мобильді аударым. Егер осылай 100-ден астам адам үш ай қатарынан аударым жасайтын болса, бұл бақылауға алынады. Мобильді аударымды жеке мақсатта пайдаланатындар, яғни туыстарына, жақындарына, балаларына ақша аударатындарға бақылау жасалмайды. Өйткені оны оңай дәлелдеп алуға болады. Мәселен, анасы күнде баласына ақша жіберуі мүмкін, ол күніне 10 рет аударым жасауы мүмкін, бірақ бұл тек 1 адам, бір ғана жеке тұлға жіберуші болып есептеледі. Мұндай жағдайда бақыланбайды.
2024 жылдың тоғыз айында қазақстандықтар 18,5 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (16,6 трлн теңге) артық. Айналыстағы (банк жүйесінен тыс) қолма-қол ақша көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,3% -ға өсіп, 4 трлн теңгені құрады. Орташа алғанда Қазақстанның бір тұрғынына қазір 197 мың теңге қолма-қол ақша келеді, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 178 мың теңгені құраған болатын.
Нәтижесінде қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі өткен жылдағыдай 86% деңгейінде сақталды. Интернет-төлемдердің үлесі 83% -дан 80,5% -ға дейін, POS-терминал арқылы төлемдердің үлесі 11,8% -дан 9,6% -ға дейін төмендеді, ал QR-төлемдердің үлесі, керісінше, 5,2% -дан 9,9% -ға дейін өсті.
«Абсолюттік мәнде QR-төлемдер 5,3 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге дейін артып, POS-терминал арқылы төлем көлемінен асып түсті (11,3 трлн теңге). Бұл ретте олардың одан әрі өсу әлеуеті жеңілдігіне, қолайлылығына, транзакцияларда үнемдеуге және төлемдер үшін бірыңғай QR-кодты енгізу жоспарларына байланысты елеулі болып қалады [2025 жылдың бірінші жартысында]» деп атап өтті ҚҚҚ талдаушылары.
Тұтастай алғанда, 2024 жылдың тоғыз айында елдегі қолма-қол жасалмайтын карточкалық транзакциялар көлемі 117,1 трлн теңгені (+ 15%) немесе ЖІӨ-ге қатысты 87% құрады.
ҚҚҚ-да бір операцияның «орташа чегі» қолма-қол жасалмайтын транзакциялар бойынша 12,6 мыңнан 13,1 мыңға дейін (+ 4,3%), банкоматтардан алу бойынша 97,2 мыңнан 111,7 мың теңгеге дейін (+ 14,9%) өскенін байқады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жалақының өсуін көрсетеді.
2021 жылдан бастап Қазақстанда біртіндеп жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Келесі жылы қорытынды — төртінші кезең іске қосылады, оған барлық қазақстандықтар қатысады.