
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс алаңында 2026 жылдың 1 сәуірінен кейін коммуналдық қызметтер бағасының өсу ықтималдығын анықтап, биыл биыл темір жол тасымалы құны 24% -ға өскенін, ал газ 33% -ға қымбаттағанын еске салды. Оның айтуынша, бағаны көтеруді қазірден бастамасақ, кейін қуып жете алмаймыз.
«Тарифтердің негізгі өсуі биыл болды. Біз келесі жылдың сәуірінен бастап бәрін бірден көтереміз деп айтпаймыз» дейді ол.
Қазақстан экономикасындағы жағдай инфляциялық қысымның айтарлықтай күшеюімен сипатталады. Ағымдағы жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша елдегі инфляцияның жылдық деңгейі 12,9% -ға жетті және бұл соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
С.Жұманғарин еске салып өткендей, коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру бағдарламасы 2018 жылы басталған болатын.
«Содан кейін тексерістер басталды, бәрі тоқтатылды, үлкен шу көтерілді. Осыдан кейін коммуналдық желілер қатты тозып кетті. Ол кезде бұл деңгей 75-80% -ға жеткен. Егер қазір көтеруді бастамасақ, сосын қуып жете алмаймыз. Бәрін қайта бастауға тура келеді, ал бұған ешқандай қаражат жетпейді», — деп түсіндірді ол.
Сарапшылар біздің ел инфляция қысымына тәуелді, құшағында тұншығып жатқан ел екенімізді айтады. Сарапшы Олжас Мамадәлінің айтуынша, бар болғаны 12 пайыздың инфляциядан сеңге басын ұрған балықтай есееңгіреп қалдық. Инфляция деңгейі 56 пайыпдан асып кеткен кейбір елдердегі жағдай бізбен салыстырғанда көш ілгері. «Дамыған елдерде инфляциямен күрес деген түсінік жоқ, Экономиканы әртараптандыру, экономикалық ресурстар деңгейі оның қажеттілігін сездірмейді», дейді сарапшы.
Сонымен, бүгінгі күннің жаңалығы 1 сәуірден кейін не болады деген сауалға берілген жауап жетім қыздың жүгіндей болса да жағдайдан хабар беріп қалды.