
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен цифрлық штаб штаб бірыңғай цифрлық экожүйені дамытуға, креативті индустрияларды, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған шешімдер қабылдады.Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына жекелеген мобильді қосымшаларды әзірлеуді тоқтату тапсырылды. Барлық цифрлық сервистер азаматтар үшін бірыңғай, ыңғайлы және қауіпсіз орта құру үшін тек eGov және Aitu платформаларында енгізілуі тиіс.
Осы бастама шеңберінде барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңмен интеграцияланатын болады. Мұндай тәсіл цифрлық шешімдердің бытыраңқылығын жоюға, процестерді жеделдетуге және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп деген үміт бар.
AITU – қазақстандық IT нарығының жетістігі. Ұлттық SuperApp қолданбасы мессенджердің, медиаплатформаның, қаржылық қызметтердің және шағын қосымшалардың функцияларын біріктіреді. Қазірдің өзінде AITU қосымшасы 6 млн рет жүктелді. Ай сайынғы пайдаланушылар саны 500 мыңға жуық. Бір қосымшамен-ақ фильм көреді, музыка тыңдайды, хабарлама алмасады, жаңалықтар оқиды және тағы басқа мүмкіндіктерді пайдаланады.
Енді
Қаржы, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп 2025 жылғы 10 қарашаға дейін ақпараттық технологиялар саласындағы басым бағыттар тізімін кеңейтуі тиіс. Бұл Astana Hub-ды инновациялар мен кәсіпкерліктің өңірлік орталығы ретінде дамыту үшін қажет.
Бұдан басқа, Alem.cloud Ұлттық суперкомпьютерлік орталығының есептеу қуаттарын бөлу тәртібі бекітіледі, сондай-ақ тиісті нормативтік акт әзірленеді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне қолданыстағы бағдарламалар аясында жоғары оқу орындарын қолдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойын дизайны және басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды.
Бұдан басқа
Бұдан басқа, тізбе Қазақстанның резидент еместеріне бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бизнес-процестердің аутсорсингі бойынша, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту бойынша қызметтер көрсетумен толықтырылды. Қызметті кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейтеді.
Alem.cloud суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарын бөлу ережелерін бекіту Astana Hub стартаптарына, ғылыми ұйымдар мен университеттерге, мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, сондай-ақ шетелдік компанияларды қоса алғанда, жеке сектор жобаларына жоғары өнімді қуаттарға қол жеткізудің нақты және ашық тетігін құрады.