
Қазақ қоғамы бұл сапардың нәтижесінен көп үмітті.
АҚШ-қа сапары барысында Қазақстанның вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин конгрессте Джексон-Вэникке қатысты біздің елге қатысты түзетулерді алып тастау мәселесі тез арада реттелетініне үміттенетінін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы алғашқы президенттік билікке келген кезде бұл мәселе аздап сөз болды. Бірақ Трамп билігі осы тақырыпты әрмен қарай індетпей, үнсіз қалды.
Енді Жұманғариннің сапары мұны мемлекеттік деңгейде тұңғыш рет көтеріп отыр.
Сарапшылар бұл түзетуді алып тастау ісін президенттік деңгейге шығаратындай мәселе емес екенін , Үкіметтің айналысатын шаруасы екенін айтады.
Енді не болады
Бұл мәселе Жұманғариннің конгрестің бюджет және салық комитетінің мүшесі, «Қазақстан-АҚШ» кокусының тең төрағасы Джимми Панеттамен келіссөздерінде талқыланды. Вице-премьер оған мәселені ілгерілетуде Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. АҚШ-тың сауда туралы заңына енгізілген өзгертулер 1974 жылы қабылданды және АҚШ-тың адам құқықтарын бұзатын елдермен саудасын шектеуге бағытталған.
Кеңестік кезеңнің «қалдығы» деп саналатын бір кедергінің бар екенін қалың көпшілік жете біле бемейді. Ол – Джексон-Вэник түзетуі (Jackson-Vanik amendment).
1974 жылы конгрессмен Генри Джексон мен Чарльз Вэник Кеңес Үкіметімен сауда-саттықты шектейтін Заңға түзетулер енгізуді ұсынады. Ресей, алғашқылардың бірі болып шешімнің күшін жоюға мүмкіндік алды.
2000 жылы Грузия мен Қырғызстан, 2004 жылы Армения, 2005 жылы Украина, 2012 жылы Молдова және Ресей үшін түзетулердің күші жойылды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен алған ресми ақпаратта Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі кейінгі 25 жылда Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою мақсаты аясында Конгрестегі заңның күшіне енуі үшін 14 мәрте талпыныс жасаған екен. Олардың ішіндегі ең нәтижелі әрі көзге түсер бастама 118-Конгресс (2023–2024 жыл) шеңберінде жүзеге асырылыпты.
Ақ үйге сөзі жүретін ықпалды саясаткерлер мен тісқаққан дипломаттар
Қазақстанның геосаяси потеницалымен санасатын кез келді деп айтып жатқанын естіп жатырмыз. Конгресс Жексон және Веник заңына termination (күшін жойса) жасаса, АҚШ ел нарығына енеді.
Бұл мәселе Жұманғариннің конгрестің бюджет және салық комитетінің мүшесі, «Қазақстан-АҚШ» ұйымының тең төрағасы Джимми Панеттамен келіссөздерінде талқыланды. Вице-премьер оған мәселені ілгерілетуде Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. АҚШ-тың сауда туралы заңына енгізілген өзгертулер 1974 жылы қабылданды және АҚШ-тың адам құқықтарын бұзатын елдермен саудасын шектеуге бағытталған.
Серік Жұманғарин Қазақстан инвестициялар мен бизнес жүргізу үшін тұрақты және болжамды алаң болып қала беретінін атап өтті деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Жұманғарин мен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев конгресс мүшесі Девайн Миллермен кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамуын, соның ішінде энергетика, цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Ерболат Досаев Қазақстанның жаңа технологиялық экономиканы қалыптастыру және елдің АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі әріптесі ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі пайымын таныстырды. Кэрол Миллер болашақ ұрпақ үшін ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті және оны одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті
Бұл туралы министрлер кабинетінің аппаратынан хабарлады.