
Мемлекет қазақстандықтарға автокөлік сатып алуға көмектеседі, деп хабарлайды үкімет. Бұл шешім премьер-министр мен министрлер кабинеті мүшелерінің қатысуымен өткен кеңесте қабылданды.
Отандық автоөндірушілер мен банктер халық үшін көлік сатып алуды қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.
Бұдан басқа, елде жаңа тетік — жеке тұлғалар үшін автомобильдер лизингі енгізіледі. Бұл сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу
Ол былайша жұмыс істейді:
адам автомобильді лизингтік компаниядан пайдалануға алады, ол үшін ай сайын төлемдер төлейді, ал шарт мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті қалдық құны бойынша сатып алып, иесі бола алады. Бұл көлікті бөліп-бөліп сатып алуға ұқсас, бірақ заңды түрде машина алдымен лизингтік компанияға тиесілі.