
Bloomberg хабарлағандай, Қазақстан билігі Пекинмен өсіп келе жатқан сауданы қаржыландыру және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін қытай валютасын тартуды қажет етеді. Мемлекеттік компаниялар бұған дейін де panda bonds (юаньмен номинацияланған және ҚХР-дың ішкі нарығында шетелдік компаниялар сататын облигациялар) және dim sum bonds (Гонконгта шығарылған және Қытайда сатылатын облигациялар) шығарған. Бірақ жалпы ел үшін бұл өзінің қарыз қағаздарын юаньда орналастырудың алғашқы тәжірибесі болады.
Экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, негізгі себептер — экспортқа бағытталған жобалар үшін қаржыландыруды тарту және елдің инвестициялық серіктес ретінде сенімді екенін көрсету. Президент Тоқаев таяуда ШЫҰ саммитіне сапары кезінде келіскен жобалар да қытай валютасымен төленеді.
Осы уақытқа дейін KASE-де теңгемен және АҚШ долларымен есеп айырысу жүргізілді. Юанды есептік валюта ретінде енгізу нарық қатысушыларының алдында бірден бірнеше жаңа мүмкіндіктер ашады:
• Компаниялар, әсіресе Қытайдан әлеуетті инвесторлар пулын кеңейте отырып, юаньмен капитал тарта алады.
• Қазақстанның қаржы нарығы батыстық валюталарға тәуелділікті төмендете отырып, икемді бола түсуде.
• Инвесторлар жұмыс істеу үшін қосымша құрал алады, бұл биржаның өтімділігін арттырады.
Бұл ретте KASE ресми тізімінде юаньмен номинацияланған 4 құрал бар, олардың барлығы 2025 жылы орналастырылған:
• 2025 жылғы 04 наурыз — «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (AGKKpp7) 430 млн CNY индекстелген купондық облигациялары;
• 2025 жылғы 04 шілде — «Еуразиялық даму банкі» АҚ (EABRb54) 1 млрд CNY индекстелген купондық облигациялары;
• 2025 жылғы 09 шілде — «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (IDFRpp2) 500 млн CNY индекстелген купондық облигациялары;
• 2025 жылғы 01 қыркүйек — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (BRKZe21) 2 млрд CNY купондық халықаралық облигациялары.
2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап биржада бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы мәмілелер, сондай-ақ қытай юанімен (CNY) есеп айырысулармен репо операциялары қолжетімді болды
Жаңа сауда режимдерін енгізу нарық қатысушыларына қосымша құралдарды ұсынуға және қор нарығындағы есеп айырысу валютасын әртараптандыруға арналған.
Осы өзгерістерді іске асыру үшін KASE ішкі құжаттарға түзетулер енгізді, соның ішінде:
- Сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы туралы ереже;
- ASTS + жүйесінде репо операцияларын жүзеге асыру қағидалары;
- Қор нарығындағы сауда режимдері мен операциялар туралы ереже;
- Орталық контрагенттің қатысуымен мәмілелер жасасу тәртібі;
- Сауда-клирингтік шоттарды жүргізу тәртібі;
- Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы;
- Автоматты түрде жүзеге асырылатын репо операцияларының ерекшелігі.
Құжаттардың жаңартылған редакциялары KASE ресми сайтында «Сауда-саттық» бөлімінде жарияланған