Қазақстанда бензин бағасы еркін айналымда.

Энергетика министрлігі өсім «бірқалыпты» болады деп уәде берді, мұндағы жағда йды ЕАЭО нарығындағы бәсекелестік анықтайды. Бензин мен дизельдің қымбаттауы мүмкін еместігі туралы бұған дейін бірінші вице-премьер Роман Скляр айтқан болатын. Ол Қазақстанның барлық қуаттылығымен мұнай өнімдерін жеткіліксіз өндіретінін мойындады.
Бензин бағасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 127 қатысушы арасында бесінші орынды еншілепті.
Алматы мен Астана да қалалар арасында отын рейтингінде алғашқы ондыққа енді.
Қыркүйек айында біздің редакция екі аптаға жетпейтін уақыт ішінде Қазақстанның ірі қалаларында АИ-92 маркалы бензин бағасының екінші рет қымбаттағанын тіркеді. Отын бағасының өсуі бұған дейін де тіркелген болатын.
Қазақстанда бензин бір жыл ішінде 8,3% -ға қымбаттады. Алайда, осы өсімді ескере отырып, еліміз бұрынғысынша әлемдегі ең төмен отын бағасымен ерекшеленетінін атап өтеміз.
Мысалы, Numbeo ұсынған бензин бағасы бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан литріне орташа құны 249 теңге болатын бесінші орынды иеленді.
Қазақстаннан арзан бензин Ливияда (15 теңге), Египетте (189 теңге), Кувейтте (192 теңге) және Алжирде (194 теңге) сатылады.
Қазақстанның көршілері де рейтингте. Мысалы, Әзірбайжан 15-орынды (литріне 361 теңге), ал Ресей 18-орынды (390 теңге) иеленді.
Әлемдегі ең қымбат бензин Мьянмада сатылады — литріне 4 404 теңге.
Айта кетейік, Қазақстан қалалар рейтингінде Numbeo-дан ерекшеленген. Астана бензиннің литріне орташа бағасы 250 теңгемен 6-орынды, ал Алматы бағасы 262 теңгемен 7-орынды иеленді. Барлығы рейтингке әлемнің 405 қаласы кірді.
Түсіну үшін: Мәскеуде бензин литрі орташа есеппен 408 теңге тұрады, осындай көрсеткішпен Ресей астанасы рейтингте 38-орынға шықты. 40-орынды иеленген Минскіде литрі 410 теңге, ал Бакуде 391 теңге тұрады (28-орын).
Ең арзан бензин Ливия астанасы — Триполиде (литріне 15 теңге), одан кейін Александрия (187 теңге), Алжир (191 теңге), Каир (193 теңге) және Кувейтте (194 теңге) сатылады.
Рейтингке кірген қалалар тізіміндегі ең қымбат бензин Гонконгта сатылады — литріне 1 702 теңге. Бұл ретте статистикаға «қымбат» қалалар да енгізілмеген, себебі олар бойынша деректер жеткіліксіз.
Естеріңізге сала кетейік, отынның қымбаттауы ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды, Ол кезде ҚР Энергетика министрлігі тоқсан екінші бензиннің бағасын «босатқан» болатын. Қазір АИ-92 орташа есеппен литріне 231-233 теңгеден сатылады, ал АИ-95 — 290 теңгеден қымбат.
Бензин бағасын субсидиялау кері әсер еткенін сарапшылардың бәрі айтады. Олар мұндай саясат нарықтағы бұрмалауларға алып келетінін және халықты неғұрлым атаулы қолдау мен нарықтық баға белгілеу пайдасына қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті.
Арзан бензин жемқорлар үшін пайдалы.
Сарапшы Сапарбай Жобаевтың айтуынша, арзан бензин жемқорлар үшін пайдалы. Халыққа арзан бензин беріп жатырмыз деп мемлекеттен жәрдем алады. «Контрабанда жолымен бензині қымбат елдерге сатады. Ақша бюджетге түспестен, жемқорлар қалтасына түседі. «Негізі, авторитар және кедей елдерде бензин арзан» дейді ол.
Экономист Алмас Чукин Digital Business-пен әңгімелесу барысында болашақта қазақстандықтар қымбат отынға моральдық тұрғыдан дайындалуы керектігін айтты. Сарапшының пікірінше, АИ-92 құны Қырғызстан мен Өзбекстан деңгейіне ұмтылады, оның литрі тиісінше 396 және 482 теңге тұрады.
— Көрші елдердің нарықтық қисыны мен мысалдары бұған дайын болу керек деп болжайды. Бағалардың қалай өсетінін білмеймін, бірақ көршілеріміздің (ал бұл Қырғызстан мен Өзбекстан) салыстырмалы еркін бағаларының деңгейіне қарасақ, бәлкім, осы бағытқа жылжитын болады, — деп атап өтті Чукин.
Оның айтуынша, Ресейге бағдарланудың қажеті жоқ, себебі оның отын нарығын мемлекет субсидиялайды.