
Алатау ауданын аралау барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды крематорий ғимаратын аралап көрді.
«Нысан 2024 жылдың соңында пайдалануға берілген сәттен бастап крематорийлердің қызметін регламенттейтін қолданыстағы санитарлық ережелерде нормалардың болмауына байланысты оның соңғы теңгерім ұстаушысын анықтау мәселесі туындады», — деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Әкімдік крематорийді реттеуде қолданыстағы санитарлық, қала құрылысы және экологиялық талаптар ескерілетіне сенімді. Мекеменің ашылу күні әлі белгісіз.
Алматыдағы крематорийдің тарихы ұзақ әрі күрделі
Мәселе бірде-бір мемлекеттік ведомство крематорий ғимаратын өз балансына алғысы келмейтіндігінде, бұл оның іске қосылуының кешігуіне алып келеді. Проблема құқықтық базаның болмауымен қиындай түседі: депутаттар кремациялау бойынша нормативтік актілерді ешқашан қабылдамады. Нәтижесінде бюджет пен халық зардап шекті, ал нысанның тағдыры белгісіз.
Оны салу туралы алғаш рет 1980-жылдардың соңында, КСРО кезінде сөз қозғалған болатын.
1983 жылы жаңа зират — «Батыс» (оны Алматыда бурундайлық деп атайдыі) ашылды және оны кеңейту қарқыны көмудің басқа тәсілі туралы ойлануға мәжбүр етті. Алайда 2004 жылға дейін ешқандай қадам жасалған жоқ. Оң шешім қабылданғаннан кейін де құрылыс басталған жоқ: Қазақстанда кремациялау дәстүрі жоқ, сұраныс аз.
Кезінде Арнайы ритуалдық қызмет көрсету комбинаты» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған Марат Исмаиловтың айтуынша, Крематорий құрылысы туралы әңгіме 1987 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Бұдан басқа, кремациялау кезінде минералдану кезеңі 50 жылдан бір сағаттан үш сағатқа дейін қысқартылады. Демек, дәстүрлі жерлеу кезінде биомасса табытпен бірге 50 жыл бойы ыдырайды. Бұл жерлерді бірден жалпы пайдаланымдағы жерлерден сызып тастауға болады. Өйткені осы мерзім аяқталғаннан кейін де саябақ аймағынан басқа бұл аумақта ештеңе салуға болмайды.
Алайда, кейбір қала тұрғындары крематорийдің түтін шығаратын құбырлары қалаға пайдасыз деп есептейді. Осыған байланысты алматылықтар арасында желіде нағыз пікірталас жүріп жатыр.
2020 жылы іс жылжыды
крематорий жобасына тендер жарияланды, жобалық-сметалық құжаттамаға 46,8 млн теңге бөлінді, жобаның құны 1,3 млрд теңгеге бағаланды. Алатау ауданындағы патологиялық-анатомиялық бюроның жанында, ТЭЦ-2 жақын жерде орналасатын орын анықталды. Кремация кешенінде қоштасуға арналған зал, екі пеш (адам сүйектеріне және биоқалдарға арналған), салт-жоралық керек-жарақтар дүкені, әкімшілік пен жұмысшыларға арналған үй-жайлар, айналасында — бір шақырымдық санитариялық аймақ болуы тиіс. Крематорий екі ауысымдық жұмыс кезінде тәулігіне 24 кремацияға есептелген.
2021 жылғы қаңтарда мердігер — «Mega Build Kazakhstan» ЖШС тағайындалды, ол нысанды қыркүйекке дейін салуы тиіс, бірақ жабдықтарды жеткізудің кешігуіне байланысты мерзім өзгерді: ғимарат 2021 жылғы желтоқсанда дайын болды. Содан кейін коммуникациялармен қиындықтар туындады: трассаның орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты газ құбырын 185 метрден 1664 метрге дейін ұлғайтуға тура келді. Жұмыстардың аяқталу күнін 2022 жылдың үшінші тоқсанына (ауа райына байланысты), содан кейін — 2023 жылдың бірінші тоқсанына (бағаның өсуіне байланысты) ауыстырды.