
Үкіметтің экономикалық блогы қаржы үнемдеудің, белбеуді тарта байлаудың қандай екенін өзінен бастауға шешім шығарды. Миллиардтар далаға кетпеуі үшін Үкімет бюджеттік саясатты қайта қарап жатыр.
Осыған дейін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке маңызды емес салалардағы артық шығындарды қысқарту жөнінде тапсырма беріп, бұл мәселенің нәтижесіне жауап беретін жедел топ құрылды. ді. Бұл қадам бюджетті тиімді пайдалану және қаржы тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынған. Осыған байланысты мемлекеттік шығындарды оңтайландыруға бағытталған арнайы жедел топ құрылды.
Аталған жедел топтың құрамында Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқаратын кіші топ. Бұл топтың басты міндеті – мемлекеттік шығыстарды ұтымды пайдалану және бюджетті тиімді жоспарлау жолдарын әзірлеу.
Жұмыс 4 негізгі бағыт бойынша жүргізеді. Олардың ішінде:
- әлеуметтік сала мен нақты экономика секторындағы шығындарды қайта қарау,
- салалық ерекшеліктер мен нақты проблемаларды ескеру,
- заңнамалық және әдістемелік кедергілерді анықтау,
- шығындарды жай ғана қысқарту емес, ақылды және сараланған үнемдеуді енгізу.
Не істелді
Әр саланың нақты жағдайына қарап, қай жерде артық шығын бар, қай жерде қосымша қолдау қажет – соны анықтау көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Ұлттық қор қаржысын сақтау, ақша-кредит және фискалдық саясат арасындағы сәйкессіздікті жою секілді жүйелік мәселелер де күн тәртібінде. Бұл шаралар ел қаржысының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Енді болады
Қазақстан Үкіметі экономикалық тиімділігі төмен семинарлар мен конференциялардан бас таруға шешім қабылдады. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы кеше журналистермен кездескен кезде 2026 жылғы бюджеттің шығыс бөлігінде 68 млрд теңге үнемделетінін айтты.
«Конференцияларда, семинарларда 68 млрд. теңге қысқартылды. Мұны біз штаттық бірліктерді, үй-жайларды жалдауды, көлік қызметтерін ескере отырып қайта санадық, іссапарлар мен байланыс қызметтерін реттедік. Барлық шаруашылық қамтамасыз ету тауарларына ревизия жүргіздік, қайталанған позициялар болды «, — деді Бейсенбекұлы.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі осындай жұмысты біржолғы гранттар, субсидиялар және экономикалық тиімділігі төмен жобалар бойынша жүргізді.
Осының аясында, қорытындысында, вице-министр атап өткендей, 68 млрд теңге үнемделді.