
Банктің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов Freedom AI Talks іс-шарасында банктер ондаған жылдар бойы жүріп өткен жолдан біз 7 айда өткенін, жеті ай ішінде клиенттердің 1 млн ипотекалық өтінімін өңдеп бергенін айтып берді. Жұмағұловтың сөзінше, салада алғашқы болып автоматтандыру жүйесін енгізу арқылы компания нарықтағы үлесін көбейтті, Freedom Bank-тің автоматтандырылған жүйесі кіріскенде, өтініш жіберу, мүлікті бағалау сынды қызметтердің көпшілігін үйде отырып істеу мүмкіндігі пайда болған.
«Біз жеті ай ішінде миллион онлайн-өтінім алдық. Егер бұл процесс офлайнда қалатын болса, бізге олардың барлығын өңдеу үшін ондаған жылдар қажет болар еді «, — деді спикер.
Ол технологиялардың банк жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі құралына айналғанын, өтінімдерді мақұлдау мерзімін қысқартуға және процесті клиенттер үшін барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.