
Күні бүгінге дейін осы тақырып көтерілсе, тіреуі қайтарды, біреуі жоқ деп келдік. Forte, Халық және ЦентрКредит банктері мемлекет алдындағы барлық қарыздарын жауып, мәселеге нүкте қойды. Ендігі назар Alatay City, РБК, Еуразия мен Нұрбанкке ауып отыр. Бүгінгі күнге дейін RBK банкі 47,9 миллиард теңгені мерзімінен бұрын өтеді. Енді аталмыш банк қарызын ішінара өтеуге кіріскен-сынды.
Банкте атап өткендей, 2025 жылдың мамырында өткен 2024 жылдың қорытындылары бойынша акционерлер жиналысында 18,3 млрд теңгеге мемлекеттік көмекті ішінара-мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылданды.
«Осылайша, 27 тамыздағы шешім мерзімінен бұрын өтеу көлемін екі еседен астамға — 18,3 млрд теңгеден 37,302 млрд теңгеге дейін арттырады», — деп түсіндірді банкте.
Банк 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде қаражат тартты.
«Мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарудың едәуір көлемі банктің тұрақты қаржылық жағдайының және оның тиімді қызметінің арқасында мүмкін болды», — деп түсіндірді Bank RBK басқарма төрағасы Наталья Акентьева.
2022, 2023 және 2024 жылдардың қорытындылары бойынша банктің мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтару мөлшері шамамен 67 млрд теңгені құрайды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін банк мемлекеттен алынған қаражат бойынша 67,3 млрд теңге мөлшерінде купондық сыйақы төледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына бірнеше банк кірді: Еуразиялық банк, ЦентрКредит Банкі, Bank RBK, Jusan Bank — бұған дейін оның алдындағыларға мемлекеттік көмек берілген болатын: АТФБ Банк пен Цеснабанк. 2020 жылы Нұрбанк мемлекеттік қолдауға ие болды. 2015 жылы мемлекеттік көмек Қазкоммербанкке көрсетілді, оны кейіннен Halyk Bank сатып алды, мемлекеттік көмек оған мұра болып қалды. Бағдарлама Қазақстанның банк секторын сауықтыру үшін қабылданды.
2023 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз теңгерімдерінде мемлекеттік көмегі бар банктердің дивидендтер төлеуіне шектеу енгізді. Акционерлерге дивидендтер төлеу үшін банктер дивидендтер сомасының 10% -дан 66% -ға дейінгі мөлшерінде мемлекеттік көмекті қайтаруы тиіс.
Bank RBK реттелген облигацияларды орналастыру арқылы 243,7 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алды. Олар бойынша өтеу мерзімі 2032 жылғы қарашада басталады. 2022 жылы банк 13 млрд теңгеге жуық мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтарса, 2023 жылы — 16,6 млрд теңге.
KASE деректері бойынша, 2025 жылдың 1 сәуіріне банктегі 89,77% — үлеске «КСС ФИНАНС» ЖШС, 6,49% — 2022 жылы банктің акционері болған Наталья Акентьеваға тиесілі.
«Владимир Ким банктің соңғы бақылаушы акционері болып табылады», — делінген банктің 2024 жылғы қаржылық есептілігінде. Оның ірі активтерінің бірі — KAZ Minerals Ltd тобы, онда ол 63,5% акцияға ие. Топ Қазақстандағы ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Осы жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «банк акционерлері қарызды мерзімінен бұрын қайтарсын» деп талап қойған еді. Ұлттық Банк төрағасы да бұл бағытта бірнеше келіссөз жүргізіп үлгерді. Нәтижесінде жеті банктің үшеуі қаржыны ерте қайтарып берді. Ал қалған төртеуі жақын жылдары әрекет етуге тырысатын болады.