
ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2025 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен ҚР Ұлттық банкінің реттеудің ерекше режимін енгізу және алып тастау, төлем ұйымдарының реттеудің ерекше режимі аясындағы қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізді.
- Атап айтқанда, тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеудің ерекше режимін енгізу және күшін жою, реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтерге және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары».
- Реттеудің ерекше режиміне қатысу үшін Ұлттық Банктің іріктеу өлшемдері:
- өтініш беруші ҚР екінші деңгейдегі банкі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, ҚР резидент төлем ұйымы және (немесе) қаржы ұйымы болып табылмайтын ҚР резидент өзге заңды тұлға болып табылады;
- құрылтайшы жеке тұлғаның не құрылтайшы заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болмаса және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмаса;
- Реттеудің ерекше режимі шеңберінде жүзеге асыру (ұсыну) жоспарланған өтініш берушінің қызметі (қызметі) төменде санамаланған шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:
- төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында бәсекелестіктің артуына ықпал етеді;
- көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарының дамуына ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді;
- төлем қызметтерінің және (немесе) цифрлық активтердің географиялық қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді;
- төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында жаңа технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді (бизнес-процестерді) енгізуді көздейді;
- көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылар, цифрлық активтерді ұстаушылар және көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарына қатысушылар үшін шығындар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;
• реттеудің ерекше режиміне қатысу үшін өтініш беруші ұсынған бизнес-жоспар реттеудің ерекше режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.
Цифрлық активтерге және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты реттеудің ерекше режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттары, шарттың қолданылу мерзімі, тұтынушылардың саны, міндеттемелердің көлемі, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңдар нормаларының және Ұлттық Банктің көрсетілген заңдарға сәйкес қатысушыларға қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу шектері реттеудің ерекше режимін Ұлттық банк айқындайды
Реттеудің ерекше режимі:
• қатысушылар ҚР заңнамасына сәйкес реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) төлем қызметтерімен байланысты қызметті тоқтатқан кезде;
• Ұлттық банк реттеудің ерекше режиміне қатысушымен шартты мерзімінің өтуі немесе мерзімінен бұрын бұзуы кезінде;
• төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен шығарған кезде;
• ҚР екінші деңгейдегі банкін және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырған кезде;
• азаматтық заңнамада немесе шартта көзделген өзге де жағдайларда.
Сондай-ақ, реттеудің ерекше режимін алып тастау немесе ол енгізілген мерзім аяқталған кезде шарттың қолданысы тоқтатылады және қатысушы реттеудің ерекше режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті тоқтатады
. Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін қатысушы 5 жұмыс күні ішінде өзінің тұтынушыларын төлем қызметін немесе қызметін көрсетуді тоқтату туралы хабардар етеді. реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтермен немесе төлем қызметтерімен байланысты және төлем қызметін көрсету немесе қызмет туралы шартқа сәйкес өзінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерді орындайды, реттеудің ерекше режимі шеңберінде тұтынушылармен жасалған цифрлық активтермен немесе төлем қызметтерімен байланысты (тұтынушымен шарт), азаматтық заңнама, ҚР төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнама және ҚР цифрлық активтер туралы заңнама.
Реттеудің ерекше режимі шеңберінде цифрлық активтермен немесе көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қатысушы Қағидаларға қосымшада көзделген Реттеудің ерекше режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді,
сондай-ақ:
• Ұлттық банктен тиісті ақпаратты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде енгізілген реттеудің ерекше режимінің мерзімдері мен шарттарының өзгеруі туралы тұтынушыларды хабардар етеді;
• ай сайын, айдың 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкке шарттың талаптарына сәйкес төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтерге және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қызметті көрсетудің (жүзеге асырудың) аралық нәтижелері туралы ақпарат береді.