
Қазіргі уақытта биржа KASE ресми тізіміне жаңа ETF енгізу бойынша жоспарларды зерттеп, өзге ойыншылармен бірге талқылауды бастады.
«Қазіргі уақытта ETF әлеуетті провайдерлерімен, сондай-ақ нормативтік базаны жетілдіру және ұжымдық инвестициялау құралдарын іске қосу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында реттеушілермен белсенді түрде консультациялар жүргізілуде. Сауда-саттықта алғашқы ETF-тің пайда болуы биржалық инвестициялық қорлар туралы ережені бекітуді, тиісті шығарылымдарды тіркеуді және техникалық талаптарды орындауды қоса алғанда, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін мүмкін болады «, — деп нақтылады биржа өкілдері.
Бұдан басқа, ҚТЖ, QazaqGaz және «Самұрық-Энерго» акцияларының ірі эмитенттерімен жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ реттеушімен бірге IPO-ға шығу үшін жеке сектор эмитенттерін ынталандыру жөніндегі бағдарлама пысықталуда.
- Сонымен қатар, болашақта биржа цифрлы активтермен интегарциялануды жоспарлап отыр.
- Осылайша, өзара есеп айырысу аясында ұлттық валютаға және/немесе цифрлық теңгеге байланыстырылған стейблкоинді пайдалану мүмкіндігі талқыланады.
- Біз саудаға қол жетімді бірқатар сандық құралдарды қосу мүмкіндігін қарастырудамыз. Олардың ішінде — цифрлық платформада шығарылатын токенделген бағалы қағаздар (акциялар мен облигациялар). Сондай-ақ жасыл және инфрақұрылымдық қағаздар, биржалық туынды және ETF қаралады. Бұл бағытта, оның ішінде заңнамаға сәйкес және реттеушімен келісілген жағдайда, сандық активтерді қоса алғанда, активтердің әртүрлі сыныптарының динамикасын қадағалайтын қорларды құру мүмкіндіктері зерделенеді «, дейді КАСЕ
Бұл ретте оларды іске қосу Ұлттық банк пен ҚНДРА әзірлеумен айналысатын нормативтік-құқықтық база бекітілгеннен кейін ғана мүмкін болады.