
Қаржы министрлігінің мәліметінде Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс теріс түрде қалыптасқаны анықталды.
- 2025 жылдың 1 тамызына Ұлттық қор қаражаты 34,7 трлн теңгені құрады.
- 2024 жылы бұл көрсеткіш 29,9 трлн теңге деңгейінде болды.
- Ағымдағы жылдың басынан бері түсімдер 1,7 трлн теңгені құрады,
- Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе аз.
Бұл ретте қаражаттың ең көп үлесі жергілікті бюджеттерге аударылатындарды қоспағанда, мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардан түсті — 2,3 трлн теңге (бір жыл бұрын 2,4 трлн теңге).
- Сондай-ақ, түсімдердің жоғары көлемі осы секторға қатысушылар жүзеге асыратын операциялардан — 11,7 млрд теңге (бір жыл бұрын 1,9 млрд теңге) болды.
- Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріске келетін болсақ, ол шамамен (-) 584,5 млрд теңгені құрады.
Салыстыру үшін:
- 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 464,4 млрд теңге деңгейінде болды.
Ал үлкен қоржыннан алу 3,5 трлн теңгеге жетті.
- Оның ішінде кепілдендірілген трансферттер — 2 трлн теңге, мақсатты трансферттер — 1,5 трлн теңгеге жуық.
- Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға 24,8 млрд теңге бағытталды.
Осылайша, есепті кезеңнің соңына Ұлттық қордың қаражаты 32,9 трлн теңгені құрады.