
Соңғы күндері Қазақстанның айырбастау пункттері ел тұрғындары мен қонақтарының назарын аудара бастады. Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматыда доллар 550 теңгеден сатылады, ал 547-548 теңгеден сатып алынады. Осындай жағдай Астана мен Шымкент сияқты басқа да ірі қалаларда байқалады.Доллар 550 тенге. Бұған дейін тенге доллар бағамы психологиялық меже -қызыл сызықтан бір аттап, кері қайтып, қырық құбылып отырған еді. Аз ғана уақытқа созылған теке-тірес доллардың пайдасына шешілді. Ұлттық банктің сөзімен айтқанда «валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуы және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты» Ұлттық Банк валюталық интервенцияға амалының жоқтығынан барды.
Бас банктің айтуынша, экономикалық жағдайлар қолайлы, мұнай да бізгі тиімді бағада. Бұл теңгенің құнсыздануына іргелі себептердің жоқ екенін тағы да дәлелдеп тұр.
«Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын», – делінген хабарламада.
Қорытындылай келе, валюта бағамы өзгеруі мүмкін екенін, бірақ Қазақстан экономикасының тұрақтылығын Ұлттық банк қабылдайтын шараларды қоса алғанда, көптеген факторлар қолдайтынын есте сақтау маңызды.
Бұған дейін біз Ұлттық банк жасырын интервенцияға баруы мүмкін екенін айтқанбыз. өткен аптаның аяғында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына интервенция көмектеспейтінін айтқан. Енді Ұлттық банк теңгені еркін айналымға шығарып, күшінің қандай екенін бақыламаққа шешім шығарған сынды.
Халыққа арналған кеңестер
Қазақстан халқы тыныштықты сақтап, дүрлікпеуі керек. Валюта бағамының ауытқуы — бұл экономикалық циклдің табиғи бөлігі және дағдарыс туралы үнемі айғақтай бермейтінін есте сақтау маңызды.
Сапарды алдын ала жоспарлаңыз: Егер сіз шетелге сапарды жоспарласаңыз, валютаны алдын ала айырбастауға тырысыңыз.
Жаңалықтарды қадағалаңыз: Қазақстанның Ұлттық банкі сияқты ресми дереккөздердің жаңартуларын ұдайы тексеріңіз.
Дүрлікпеңіз: Бағамның күрт ауытқуы кезінде ойланбай сатып алу немесе валюта айырбастау керек емес.