
«Теңге бағамына не болып жатыр, ол неге мұнай бағасының өсуіне үн қатпайды және қазір доллар сатып алуға бола ма» деген мәселе жұрттты алаңдата бастағанда АҚШ доллары бірден 3.5 теңгеге арзандады. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге арзандап, 541,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 544,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,53 теңгеден сатып алынады, 5475,69 теңгеден сатылады. Еуро 631,88 –637,90 теңге, ал рубль 6,72 – 7,34 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 540,56 теңгеден сатып алынады, 547,56 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 629,64, сату — 639,64 теңге;
— рубль: сатып алу 6,69 теңге, сату — 6,84 теңге.
Еске салайық, таңертең елімізде доллар 540-550 теңге аралығында саудаланды. Алайда бұл ұлттық валютамыз күшейді дегенді білдірмейді. Қаржыгерлердің айтуынша, доллардың арзандауы жылдағы дәстүрлі құбылыс. Сарапшылардың айтуынша, доллардың 3.5 теңгеге арзандауы ет пен терінің арасындағы жел сиякты қалыпты құбылыс. Ол теңге бағамына немесе тауар құнына әсер ете алмайды. Доллар арзандады деп нарықтағы базар арзандамайды. Бірақ мұнайдың бағасы тағы бір кем дегенде 90-100 доллар баррельіне жететін болса, онда біз содан түскен түсім арқылы теңгеміздің құнын көтере аламыз.
Сарапшылардың айтуынша, доллардың тым қымбаттап кетуінің экономикалық себептері жоқ екенін осыған дейін айтқан. Теңгеге дем береді деп үміттенген мұнай, металдар, ЖІӨ көрсеткіші оң.
Доллардың арзандауы түрлі тетіктер арқылы валюталық операцияларға шектеулі бақылау енгізілуімен байланысты болуы әбден мүмкін.
Сарапшы Ғалым Құсайыновтың айтуынша, алдағы апта ішінде валютаны сатып алуға және сатуға үзіліс жасауға кеңес береді.
«Бізде негізгі валюта ұстаушылар — жер қойнауын пайдаланушылар. Келісім-шарттарсыз валюта сатып алуға тыйым салынғаннан кейін заңды тұлғалар хеджирлеу үшін сигналдарды пайдалана алмайды және тиісінше валюта нарығына ықпал ете алмайды. Олар сата алады, бірақ кейін сатып ала алмайды. Тиісінше, мысалы, экономикалық агенттерден валюта сатып алу қажеттілігі туындаған кезде (дивидендтерді төлеу маусымы немесе инвестициялық белсенділік) негізгі ұстаушылардың оны жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сатуға ниеті жоқ. Сәйкесінше, Қазақстанда мұнай бағасы теңге бағамына бірден әсер етпейтінін көріп отырмыз» дейді сарапшы.
Сарапшы тенге мен доллар бағамы қырық құбылып тұрған кезде асығыс шешім қабылдау басы артық шығын екенін айтты. Ағымдағы теңгелік құралдар жақсы кірістілік береді және ұзақ мерзімді кезеңде құнсыздануды жабуға мүмкіндік береді. «Мысалы, егер депозит жылдық 16%, ал валюталық депозит 1% әкелсе, онда төрелік — 15%. Сіздер бір жылдан кейін минуста қалуларыңыз үшін теңге кем дегенде 78 тармаққа әлсіреуі тиіс, бұл тек шұғыл макроэкономикалық күйзелістер болмаса, мүмкін емес, — деп түсіндірді сарапшы.
Ғалым Хұсайыновтың пікірінше, жинақтарды валютада сақтау — банкке автоматты түрде бару дегенді білдірмейді. Ол бұл мәселеге саналы түрде қарауды және классикалық валюталық салымға қарағанда табысты әрі сенімді құралдарды қарастыруды ұсынады.