
Бұл көрсеткіштің де төбесі көрініп қалды
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанада айырбастау пункттері станада долларды 539-540 теңгеден сатып алып, 546-547 теңгеден сатып жатыр. Ал Алматыда сатып алу бағасы 544–545 теңге болса, сату бағасы 546 теңгеге дейін құбылып тұр.
Теңге бағасы 10 шілдеден бастап құбыла бастады.
Сарапшылар бұл ретте соңғы межені қандай цифрға тоқтатарын білмей білмей тұр. Бірақ нарықта доллардың нарықтың құнынан алыпсатарлық сипаты басым деген пікірлер көбірек айтылып жатыр. Теңгені тағы да еркін бағамға жіберіп, сырттай бақылап отырған Ұлттық банкке айтылар сын да көбейіп кетті. Кейбір сарапшылар кезекті девальвациясының кезі келді , бағаны бұғаудан босат керек десе, енді бірі интервенция қажет деп отыр. Ұлттық банк әзірге мұның маусымдық сипаты басым, адандауға негіз жоқ, арандап қалмаңыздар деп отыр.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Ұлттық банкке валюта нарығында интервенция жүргізу жөн деп отыр Олардың пайымынща теңге әлсіреуінің фундаменталды экономикалық негізі жоқ, бұл нарықтағы алыпсатарлық әрекеттердің белгісі қана.
Ал мұнай нарығының сарапшысы Олжас Байдилдинов шілде айындағы теңге әлсіреуін мұнай бағасының төмендеуі және республикалық бюджеттің теңгедегі кірісінің қысқаруымен байланыстырады.
Ол сәуір айында бюджет мұнайдың бір барреліне 75 доллар және 1 доллар 470 т бағамымен есептелгенін, егер мұнай бағасы ұзақ уақыт бойы $65 шамасында сақталса, жазда доллар 542 теңгеден асуы мүмкін екенін жазған. Экономикалық сарапшы Олжас Мамадәлінің айтуынша, теңгенің бір қанаты рубльге, бір қанаты АҚШ-тың монетарлық саясатына, бірінші кезекте ФРЖ шешіміне байланып тұрғанын айтады. Қазір нарық мөлшерлеменің ықтимал өсуін күтуде және бұл бағамға әсер етеді. Екіншіден, Қазақстан Ұлттық банкінің саясаты маңызды рөл атқарады: интервенциялар бар ма, олар қаншалықты белсенді жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда балансы, атап айтқанда Ресеймен де әсер етеді — рубльге қатысты жағдай да әсер етеді.
Юань бағамы да маңызды: Қытай жаһандық үдерістерге барған сайын әсер етіп келеді.
Kurs.kz сервисінің деректеріне сәйкес, долларды сатып алу және сатудың шекті бағалары мынадай болды:
• Астана: сатып алу — 533 теңгеден 538 теңгеге дейін, сату — 540 теңгеден 545 теңгеге дейін;
• Алматы: сатып алу — 536,7 теңгеден 543,8 теңгеге дейін, сату — 539 теңгеден 547 теңгеге дейін;
• Шымкент: сатып алу — 540-543 теңге, сату — 544-546 теңге.
Осылайша, айырбастау орындарындағы рекордтық баға 547 теңгеге дейін жаңартылды.
Теңгені қысып тұрған қандай фактор
Сарапшының айтуынша, нарыққа қатысушылар арасында ҚР ұлттық валютасының әлсіреуіне келесі факторлар себеп болуы мүмкін деген расталмаған сыбыстар талқылануда:
• теңгенің «құлдырауының» басталуы ірі қаржы топтарының бірі тарапынан ірі валюталық конверсия болуы мүмкін, бұл валютаға сұраныстың маусымдық өсуімен тұспа-тұс келді;
Сонымен қатар, егер сатып алушылар тарапынан ағымдағы қысым сақталса және монетарлық билік тарапынан бағамды ұстап тұру бойынша әлсіз реакция болса, доллар жақын күндері валюта биржасындағы 545 теңге деңгейін сынақтан өткізуі мүмкін.
Бұл деңгей нарық үшін келесі маңызды белгі болады. Ал алдыңғы негізгі деңгейлер өтіп кетті: бұл бір доллар үшін 537, 540 және 541 теңге.
Сәйкесінше, айырбастау пункттері өз бағамын белгілі бір диапазонда үстеме бағамен белгілей алатынын ескерсек, онда олардың «бағалары» 550 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Яғни доллар құнының ең жоғарғы мәні әлі де жаңартылуы мүмкін.
Бұған дейін сарапшылар айырбастау пункттерінің доллар бағамын неге асыра көтеретінін айтқан болатын.
Сондай-ақ біз доллар бағамына алаңдамау үшін оны қалай сатып алу керектігін, Үлттық банк пен үкімет доллар бағамына алаңдай бермей, экономикамен айналысуы керек екенін айттық.
Оған қоса, біз айырбастаушыларға арналған таблоларды орнатуға тыйым салынғаннан кейін қазақстандықтарға доллардың құнын қайда және қалай білу керектігі туралы кеңестермен бөлістік.