
Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, 1 доллар 529,59 теңгеге дейіг төмендеп, теңге бірден 4 теңгеге дейін күш алып қалды. Оның алдында премьер Олжас Бектенов инфляцияны төмендету міндеті өте маңызды және кешенді көзқарасты қажет ететінін, Ұлттық банкпен бірлесіп қабылданған шараларды жүзеге асыруды жалғастыра беретінін айтқан үкімет ендігі шешімнің қай бағытты назарға айтқанын айтқан жоқ. Басқаша айтқанда үкіметтің қолындағы карта әлі ашылған жоқ,
Ұлттық банк долларының ресми бағамы 21 шілдеге 533,61 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде орташа есеппен мынадай валюта бағамдары белгіленген:
• доллар: сатып алу — 528-530 теңге, сату — 530,5-531,5 теңге;
• еуро: сатып алу — 615-618 теңге, сату — 619-622 теңге;
• рубль: сатып алу — 6,65-6,7 теңге, сату — 6,75-6,8 теңге.
Сарапшылардың айтуынша, , әлем нарығында АҚШ долларының индексі қайта төмендеп жатыр
Сарапшылар не дейді
Қаржыгер Бейсенбек Зиябековтың айтуынша, дәл қазір тенге доллар бағамының нарықтық құнын тек сұраныс пен ұсыныс кана анықтайды. Ұлттық банк тек соны реттеп отыратын бас барометр гана. Сарапшы айтып өткендей, экономиканың сауығуы халықтың психологиясының долларға деген тәуелдігінің төмендеуінен басталады. Бұл ретте, Ұлттық банк доллардың қанша екенін күн сайын еске салып тұратын көше таблоларын ретке келтіру туралы шешімі дұрыс шешім. Дамыған елдерде доллар бағамына тек биржаларда ғана назар аударылып, бас банк рұхсат ретілген орындарда ғана сатылады.
«Үкімет те, Ұлттық банк те доллар бағамына алаңдап, теңге күш жиса, соны сүйіншілетпей, экономикамен айналыссын. Сол кезде ғана халық базар бағасын доллармен теңестіруге асықпайды» дейді сарапшы.