
Соңғы жарты жылдықта Ресей рублі жылдың ең тиімді валютасына айналды деген пікір басымырақ айтыла бастады: Жыл басынан бері рубль 40% -дан астам нығай деген пікірді Bank of America сарапшылары да жоққа шығармайды. Мамыр айында Ресейде доллар бағамы 80 рубльден төмен түсті. Бұл 2023 жылдан бері алғаш рет байқалған құбылыс.
Санкциялық қысым мен ұзаққа созылған геосаяси шиеленіс жағдайында сарапшылар үшін бұл күтпеген жағдай болды: 2024 жылғы желтоқсанның басында RUB/KZT бағамы бір рубль үшін 4,75 теңгені құрады. Желтоқсанның ортасына қарай 5,25 KZT дейін қысқа мерзімді өрлеу болды, одан кейін 2025 жылғы қаңтардың ортасына қарай 4,75 KZT дейін төмендеді.
Осы сәттен бастап, 2025 жылғы қаңтардың ортасынан бастап тұрақты өсу кезеңі басталды.
Рубль негізгі психологиялық кедергілерді сенімді түрде еңсерді: Қаңтардың соңына қарай бағам 5,00 теңгеден асты, ақпанның соңына қарай 5,50 теңгеден асты, ал сәуірдің ортасында 6,00 теңгеден асты. Бұл трендтің шарықтау шегі 2025 жылғы мамыр болды, ол кезде бағам өзінің ең жоғарғы мәні 6,43 теңгеге жетті. 2025 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша бағам абсолюттік максимумдардан аздап ғана ауытқуды көрсетіп, бір рубль үшін 6,39 теңге деңгейінде тұр.
Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, рубльдің нығаюы дәстүрлі түрде инфляцияға қысым жасап, Ресейден келетін импортты қымбаттатады. Дегенмен, мұндай жағдайда біз де қарап қалмаймыз. Рубль жағдайы Қазақстан үшін, сөзсіз, бірінші дәрежелі мәнге ие болғанмен, жалғыз анықтаушы фактор емес. Дәл қазір мұнайдың әлемдік бағасы мен доллар индексі де маңызды.
Спикердің пікірінше, рубльдің теңгеден айырмашылығы ерекше факторлардың, оның ішінде санкцияларға байланысты факторлардың әсеріне ұшырайды. Демек, ресейлік рубльдің бұл жағдайдағы динамикасы бағдар болып табылмауы тиіс — ол нарықтың шамадан тыс реакциясына ықпал етуі
мүмкін, бұл жергілікті нарықтағы бағам құрылымын бұрмалап, теңгенің артық құбылмалылығына алып келеді.
Әзірше, рубльдің нығаюы бірнеше негізгі себептермен түсіндіріліп жатыр. Бірінші себер Ресейдің Орталық банктің қатаң ақша-кредит саясаты рубльге қосымша дем беріп жатыр.
Ресей Банкінің негізгі мөлшерлемесінің қазіргі деңгейі рубльдегі активтердің тартымдылығын арттырып жатыр
Екіншіден, санкциялар енгізілгеннен кейін Ресей капиталдың әкетілуін айтарлықтай шектеп,. экспорттаушылар валюталық түсімнің бір бөлігін сатуға міндеттеп бастады. Кейбір сарапшылар рубльдің нығаюын көктемнің басында белсенді талқыланған Украинадағы қақтығыстың аяқталу мүмкіндігімен байланыстырады. Қазір біздің теңгемен салыстырғанда рубльге қолдау көрсетіп жатқан факторлар жетеді. РФ Орталық банк наурыз-маусым айларында 5,9 млрд рубльге сатылымға шығарды.
2025 жылғы маусымда Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі Brent мұнайы бағасының (барреліне 79 долларға дейін) көтерілуіне алып келді. Бұл рубльді қолдады, себебі Ресей энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып қала береді. Алайда, 24 маусымға қарай баға барреліне 68 долларға дейін төмендеді.
Рубльдің жылдың екінші жартысындағы жағдай туралы болжамдар әзірге айтыла қойған жоқ.
Көптеген сарапшылар пессимистік сценарийді ұстанып, ресей валютасының біртіндеп әлсіреуін болжап отыр.
Себебі Ресей Орталық банкі ақша-кредит саясатын жұмсарта бастады: 2025 жылғы маусымда негізгі мөлшерлеме 21% -дан 20% -ға дейін төмендеді. Бұл рубльдің инвесторлар үшін тартымдылығын азайтады.
Ресейлік экономист Софья Донец мамыр айының соңында өткен конференцияда рубльдің әлсірейтінін айтыпты. Оның жай-күйіне жаһандық шикізат жағдайы әсер етпек. «Шілде-тамызда 1 доллар 95-100 рубльге дейін қымбаттайды», дейді ол.
Ал SberCIB Investment Research сарапшылары рубльдің әлсіреуі 2025 жылдың тамызынан басталады деп болжап отыр. Үшінші тоқсанда ол бір доллар үшін 90 рубльге дейін төмендеп, жыл соңына қарай бір доллар үшін 95 рубльге жетуі мүмкін. Олардың пікірінше, рубль бағамына жоғары инфляция, импорттың өсуімен бірге валютаға сұраныстың өсуі, сондай-ақ экспорттың қысқаруы қысым көрсетуі мүмкін.
Ресей біздің ең басты сауда серігіміз
Рубльге қатысты кез-келген жағдай теңгенің айырбас бағамына әсер ететінін көріп жүрміз.
2025 жылдың басынан бері ресейлік рубль теңгеге қатысты 30% -ға дерлік нығайып, бір рубль үшін 4,8 теңгеден 6,6 теңгеге дейін ұлғайды. Бұл нығайту Қазақстан үшін ресейлік импорттың құнын арттырғанмен, оның ішкі нарықтағы баламамаларына әсер еткен жоқ.
Бұдан басқа, ұлттық валютадағы сауда шеңберінде рубль мен теңгенің нығаюы (теңге-рубль) долларға қажеттілікті азайтады. Ал бұл өңірдегі долларсыздандырудың жалпы үрдісіне сәйкес келеді.
Қазір қазақстандық валюта үшін күрделі жағдай қалыптасқан. Мәселен, 2024 жылдың соңында рубльдің әлсіреуі теңгенің құнсыздануына ықпал етті. Бұл ретте 2025 жылғы мамырда лорубль бір доллар үшін 79 рубльге дейін нығайған кезде Қазақстан валютасы бір доллар үшін 530 теңгеге жетіп, қайтадан төмендеуді көрсетті. Бұл динамика теңгенің әдетте рубльден кейінгі тарихи корреляциясына қайшы келеді.
Қазіргі уақытта бағам бір рубль үшін шамамен 6,69 теңгені құрайды. «Рубль үшін 8 теңге» сценарийі ресейлік рубль едәуір нығаюы тиіс дегенді білдіреді — бұл соңғы жылдары байқалған тарихи белгілерден едәуір артық болар еді.
«Неліктен теңге рубльден кейін нығая қойған жоқ?» деген сауалға әзірге толыққанды жауап жоқ. Бірақ ішкі түйсік мұның бәрін мұнай бағасымен байланыстырады. 2025 жылдың көктемінде Brent мұнайы барреліне 65 доллардан төмен түсіп, Қазақстанның валюталық түсімін қысқартты.
Теңге шикізат бағасының сезімтал
Ішкі бюджеттік тәуекелдер. Ұлттық қор активтерінің қысқаруы теңгені қолдау мүмкіндіктерін шектеді. Мемлекеттік қарыздың өсуі және қарыз алуға тәуелділік бағамның тұрақтылығы үшін қосымша тәуекелдер тудырады.
Рубльдің өсуі — Қазақстандағы инфляцияның жалғыз емес, маңызды факторы. Оның ықпалы ҚР экономикасының құрылымдық проблемаларынан: шикізат экспортына тәуелділіктен, импорттың әлсіз әртараптандырылуынан және капиталдың әкетілуінен күшейеді.
Ресей рублі 2025 жылдың басты тосын сыйы болып қала береді. Оның нығаюын Орталық банктің жоғары ставкасы, валюталық бақылау және мұнай кірістері қолдайды. Алайда жылдың екінші жартысында маусымдық факторлар мен шикізат бағасының төмендеу тәуекелдеріне байланысты түзету болуы мүмкін. Рубль күшті болып қалса, ресейлік импорт бағасының өсуі. Сарапшылар бизнеске валюталық тәуекелдерді әртараптандыруға, ал инвесторларға ресейлік рубль бағамының негізгі драйвері болып қалатын мұнай нарығының динамикасын бақылауға кеңес береді.
Сарапшылардың пайымдауынша, біз үшін рубльдің 5-5,5 теңге шамасында болуы тиімді болғанмен, екеуінің байланысы болжамға бағынбай барады. Кейбiр кезеңдерде олардың курстары бiр мезгiлде, басқаларына керiсiнше қозғалады. Бұл ретте талдаушылардың айтуынша, қазір теңге бағамы жаһандық факторларға, ең алдымен доллар мен мұнай құнына тәуелдірек. Қазақстанның валюта нарығында қазір салыстырмалы түрде тыныштық бар. Халық доллар бағасына қарап алаңдауды қойды. Қазіргі доллар мен теңге дәлізі 1 доллар үшін 522 теңге деңгейінде. Ұлттық банктің есептеуінше бұл біз үшін аса комфортты болмаса да алаңдататындай жағдай емес.
Сарапшы -қаржыгер Әнуар Үшбаевтың айтуында теңге мұнай бағасына сезімтал болса, ішкі нарық Ресей импортына сезімтал. Үкіметке бюджетті толтыру керек. Ал девальвация бюджет кірісін арттырады. Біріншіден, түсімді валютамен алатын барлық экспорттаушылар кейін өз пайдасын теңгемен белгілейді. Бағам өзгерген кезде бұл пайда номиналды мәнде ұлғаяды. Әрине, олардың салықтары да абсолюттік мәнде өседі.
Қалыптасқан баланс бұзылса рубль жылдам нығайып, бағам Қазақстан экономикасы үшін «ыңғайлы» бағамнан 8-9-дық шкалаға дейін ауытқитын болса, ҚР Ұлттық банкі бағамды неғұрлым теңгерімді арнаға қайтару үшін валюталық интервенцияға жүгінетіні белгілі.
АЛМАТЫ