Қымбат доллар кімге керек?

Ұлттық банк доллардың қымбаттауына маусымдық факторлардың әсері бар деген қағиданы санамызға сіңірмек болып келе жатқанына талай жыл болды. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтың доллардың көтерілу факторларының бірі демалыс маусымының басталуы, демек шетелге демалуға баратындар арасында валютаға деген сұраныс жоғары деген түсініктемесі қайғылы әрі күлкілі болып отыр.

 Мұнай да нарықтың құнынан адасып қалды.  

«Негізгі факторлар — демалыс маусымының басталуы. Өздеріңіз білетіндей, бізде жазда жеке тұлғалар тарапынан валютаға сұраныс бар — көбінесе долларға, біршама мөлшерде еуроға сұраныс бар», — деп түсіндірді жағдайды еліміздің бас банкінің төрағасы.

Өткен жылдары демалыс маусымы долларға онша әсер етпегені қызық, ал қазір әсер етті. Бізде долларды көп сатуға Ұлттық банк пен Ұлттық қордың ғана құқы бар. Басқаларының алыпсатарлығы нарыққа айтарлықтай әсер ете қоймайды. 

Теңгеміз күшейген сайын оның салмағын экономиканың әлеуеті көтере ала деген қауіпке одан сайын салмақ қосып жатыр.

Теңге ешкімге дес бермей кеткен кезде Ұлттық банктің доллардың пайдасына кері интервенция жасайтынын кейбір сарапшылар жоққа шығармайды. 2024 жылғы желтоқсанда халықаралық есептеулердегі доллардың үлесі 1,44 пайыздық тармаққа, 49,12% -ға дейін ұлғайды, SWIFT халықаралық жүйесінің деректерінен келіп шығады. Сонымен қатар доллар халықаралық есеп айырысу үшін ең көп пайдаланылатын валюталар рейтингінде көшбасшы орын алуын жалғастыруда.Ұлт­тық банк кейде алдына ейбір макроэкономикалық пара­метрлерді орындау үшін валюта баға­мы­ның тым әлсіремегені, сонымен бірге тым нығая бермейтіні тиімді деген ұста­ным­ға басымдық беріп кетеді. Мұнайды доллармен саудалау өндірушілерге тиімді болды, оның түсімі бюджеттің бүйірін шығармаса да аш қалдырмады.

Доллар демалыс маусымы емес, жастықтың астында, сандықтың ішінде жатқан кезде де айылын жимағанын ұмытқан жоқпыз. Сарапшылардың айтқанына сенсек, долларға қатысты траги-комедиялардың бәрі қолдан жасалып жатқанға ұқсайды. Қымбат мұнай қазір теңгеге емес, бюджет пен Ұлттық қордың жартығын жұмсауға жұмсалып жатыр. Шартты түрде, егер бір ай бұрын 100 долларды 50 мың теңгеге айналдыруға болатын болса, қазір ол 523 мың теңгеге жуық. Ал мемлекеттік бағдарламалардың миллиондаған бюджеттері ауқымында қымбат доллардың пайдасы одан да айқын болып отыр.

Тегеуірінді теңге алдымен халыққа керек.

Мұнай-газ саудасының құлағында отырған ойыншылар осыны түсінген күні экономикамыз халықтық сипат алып, қымбат теңге инфляцияны тежейтін күшке айналады. Сарапшы Ілияс Исаевтың айтуынша, үкімет қаржы трейдерлерінің жолын кесу, мұнай-газ түсімінің тағдырын теңгемен байланыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың есігін ашты. Енді кері шегінуге жолдың қалмағанын Ұлттық банк те, Үкімет те көріп отыр.  Бірақ дәл қазіргідей жағдайда долларлың пайдасын Ұлттық қорға бұрып, қор жинап алу ҰБ мен үкіметке ғана тиімді.

Айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаевтың айтуынша, сыртқы тұрақсыздық пен Ұлттық қордың бюджеттік «алхимиясы» жағдайында алтын жай металға ғана емес, қаржылық әл-ауқаттың кепіліне айналады. Кейбіреулері доллар сатып алу керек пе деп ойласа, кейбіреулері құймаларды баяғыда ақырын сатып алып жүр.

Демек халық жиған тергенін әртараптандыру жағын өзі ойлау керек.

Продолжая тему:
#Деньги #Доллар США #Казахстан #Курс валют #Национальный Банк Казахстана
Сара Назарбаева продолжает лечение в Совминке
15 июля 2025 в 21:57
Прокуратура Павлодарской области помогла взыскать задолженность
14 июля 2025 в 17:12
За отказ бесплатно доставить еду компания поплатилась штрафом
15 июля 2025 в 21:36
В Костанайской области строят птицефабрику и завод
14 июля 2025 в 14:25
Qazstat: Число пользователей стационарными телефонами в Казахстане уменьшается
15 июля 2025 в 21:07
Ночные головные боли: врач объяснила, что они могут означать
15 июля 2025 в 12:39
Продолжается прием детей в 1 класс
15 июля 2025 в 20:36
Вторая тумбочка. Токаев получил право распределения резерва на инициативы президента
11 июля 2025 в 17:49
Пилотный проект по сигналам светофоров в реальном времени запущен в Костанае
15 июля 2025 в 20:02
Глава Нацбанка высказался о возможности пересмотра прогноза по инфляции
11 июля 2025 в 13:44
В Алмалинском районе Алматы ограничат движение на участке улицы Клочкова
15 июля 2025 в 19:34
Казахстан совместно с КНР запускают строительство завода карбамида в Актюбинской области
15 июля 2025 в 17:12
100 млн тенге было переведено ТОО RealBet в фонд Перизат Кайрат на помощь пострадавшим от паводков
15 июля 2025 в 19:13
В Жамбылскую область поступила новая партия спецтехники для водного хозяйства
14 июля 2025 в 10:21
Почти 40 млн тенге компенсации отсудил предприниматель за годы под стражей
15 июля 2025 в 18:38
Global Banking and Finance: Казахстан теперь не только про нефть, а про людей
11 июля 2025 в 17:18
Модернизация Зеленого базара: Территория будет расчищена и открыта
15 июля 2025 в 18:13
Бектенов назвал схему, по которой крупный бизнес платит меньше налогов
15 июля 2025 в 14:22
Точная стоимость АЭС в Казахстане станет известна к декабрю
15 июля 2025 в 18:11
Назван простой способ сохранить ясность ума после 50 — и это не кроссворды
15 июля 2025 в 13:31
Прибыль Alatau City Bank выросла на 45% за полгода
15 июля 2025 в 17:51
Токаев подписал новый закон по ЖКХ
15 июля 2025 в 15:42
Bereke Bank: Выгодный курс валют — теперь в вашем смартфоне
15 июля 2025 в 17:45
Пропускаете завтрак? Вы рискуете больше, чем думали
11 июля 2025 в 13:29