
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, 2022-2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Әлемде 9-орындамыз, бірақ мал жаятын жер жоқ!
Жер кодексінің 92-бабында жер игерілмеген, пайдаланылмаған жағдайда мемлекеттің меншігіне қайтарылатыны көрсетілген. Шабындықта шөп шабылуы қажет. Жер телімдерін заңсыз иемденіп отырғандардің дені ең шұрайлы алқаптарға ауыз салған. Жер қойнауындағы байлық пен мал үшін жайлы болар жерлерді иемденіп алғандар мемлекетке өз ерктерімен емес арнайы тексерістен соң мәжбүрлі түрде қайтарып жатыр.
Ел ішінде «шаруашылығымды дамытқым келеді, қалай істеу керегін де білемін. Бірақ өсіп-өніп, іс-тәжірибемді кейінгі ұрпаққа қалдыру мүмкін болмай отыр» деп жүрген кәсіпкерлер көп.
Өзгерістер
- Елді мекендерге жақын орналасқан 2 млн гектары жергілікті тұрғындардың мал бағуы үшін басымдық ретінде жалпы пайдалануға берілді.
- Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында конкурс арқылы бөлінген.
- Сондай-ақ, соңғы үш жылда бұрын пайдаланылмаған 3,8 млн гектар жер аумақтық инспекциялардың араласуынан кейін бұрынғы иелерімен игеріле бастады.
Бұған дейін не болды
Үкіметте нақтылағандай, 2025 жылы қайтару жоспарланған 2 млн га ауыл шаруашылығы жерлерінің 979,1 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлудің тиімді және ашық тетіктерін әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. Оның мәліметінше, негізгі қадамдардың бірі — деректерді цифрландыру және учаскелерді беру бойынша электрондық конкурстарға көшу.
«Бүгінгі таңда шөлді және жартылай шөлді аумақтарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатқан барлық алаңдар — 205,5 млн га цифрландырылды. 2025 жылдың соңына дейін аталған карталарды тиісті координаттар жүйесіне жүктеу жоспарланып отыр «, — деп атап өтті Мұрат Теміржанов.
Бұдан басқа, отырыста жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жер пайдалану құқығын ұзарту, сондай-ақ маусымдық шаруашылықтардың қызметін реттеу мәселелері қаралды.
Енді не болады
Сарапшылар мемлекет иелігіне қайтарылған жердің конкурс арқылы әділ бөлінетініне сенгісі келеді. Отандық инвесторлардың жер игеруге деген ықыласының ояна бастағанын біз де сезіп жүрміз. Олар жер игергісі келетінін ашық айтып жүр. Сарапшылардың айтуынша, бұл бағытта сөзден іске көшетін кез келді. Бізде көп жайт әлі теория, талқылау деңгейінде.
- 2019 жылы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Gate City Алматының теңгеріміне берілетінін Informburo.kz жазған.
- 2020 жылы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов серіктес қала жобасын 2021 жылы ғана іске асыра бастайтынын айтқан.
- Сол жылдың тамыз айында облыс әкімдігі мен BI Group холдингі арасында Gate city серіктес қаласында тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.
- AIF-2025 форумның сессия барысында «Eneverse KunKuat» және «Ракурс Консалтинг Груп» ЖШС-нің тең иесі Ораз Жандосов вице-премьер Қанат Бозымбаевқа Alatau City жобасы аясында жер бөлуді өтініп, мәселені төтесінен қойды. «Барлық энергия жаңартылатын болуы тиіс. Біз де осы жобаға қатысқымыз келеді. Біз 50 мегаватты ұсынамыз. Біз бұл мәселе бойынша кімге хабарласамыз. Біз жер игергіміз келеді» дейді О. Жандосов.