Қазақстандықтардың қарызы 3,9 трлн теңгеге өсіп кетіпті

Ұлттық банктің деректерінде қазақстандықтардың  банктерге  қарызы 21,7 трлн теңге екені айтылған. Бұл осы жылдың мамыр айының бас кезіндегі көрсеткіштер. Салыстырсақ, қарыз мөлшері өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,9 трлн теңгеге көп.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова банктер туралы заң жобасынан қарыз алушылардың банк кредиттері бойынша берешегін есептен шығару мүмкіндігін қарастыратын барлық нормаларды алып тастауды өтінген болатын.

Сәуірде ҚНДРА жариялаған қаулы жобасында ЕДБ қарыздары бойынша 30 күннен астам мерзімін өткізіп алған қазақстандықтарға жаңа кредиттер беруден бас тартатыны          айтылған.

Сәуір айында қазақстандықтар бизнеспен байланысты емес мақсаттарға 1,6 трлн теңге несие алды, бұл өткен айға қарағанда 9,4% -ға артық

 Бұл ретте төлемдер бойынша 761 млрд теңге мерзімі өткен.

Біздің байлам

2024 жылдың желтоқсан айындағы деректерде халықтың  84 пайызының несиесі бар екені айтылған. Нақтыласақ  8,5 млнға жуық адам банк алдында қарыз. Соңғы 1,5 жылдың ішінде қарыз алушылардың саны 27 пайызға өскен. Оның 1 млн 700 мыңнан аса адам несиесін уақытында төлей алмай жатыр. Halyk Finance аналитикалық орталығының бас сарапшысы Мадина Қабжалелованың айтуынша, «Жалпы ішкі өнімдегі тұтынушылық несиенің үлесі 13 %-ға жуықтайды. Ал бұл көрсеткіш кей елдерде тіпті 100 %-ға жетіп қалыпты. Мемлекет несие беру бойынша шекті мөлшерлемені енгізгісі келетіні айтылып жүр. Сарапшының пайымынша  бұл ай сайынғы төлемін уақытылы төлеп тұратын адал ниетті қарыз алушылар үшін тиімсіз.

Біздегі жағдайды өзге дамыған елдермен салыстырғанда тәуір екенін айтудан жалықпайтын сарапшылар бір нарсені естен шығарады

Дамыған елдерде несие пайызы біздегідей жоғары емес. Халық табысының кемі 40 пайызын несиеге төлемейді.  Сарапшылардың айтуынша, халықтың несие жүктемесі өсіп жатыр. !рі сауда орталықтарында тауар немесе кредит алуды ұсынатын банк өкілдерінің отыратынын ескерсек, ЕДБ мен ірі сауда дүкендері қожайындары арасындағы «тандем өз жемісін» беріп жатыр.

Не істемек керек….

Осыдан екі күн бұрын Ұлттық банк «бөліп-төлеудің» айдалада жатқан батпан құйрық емес екенін ескерткенін,  Халықтың банктер алдындағы несиесінің кемі жарты пайызын бөліп-төлеу саудасының үлесіне қатысты    жаздық. Тіпті Ұлттық банк өкілі Ұлттық банк   төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов бөліп төлеумен жасалған сауда – тіпті де тегін сыйлық емес екенінін, тіпті   тауарды алудың тиімді жолы болып есептелмейтінін айтты. Тіпті сатушылар мен банктер клиентінің қанша қаржыны асыра төлейтінін көбіне жасырып, айтпайтыны де сол кезде белгілі болды.  Ұлттық банк пен Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті компанияларды бөліп төлеу тетігін «мөлдір» етуге міндеттеу жолдарын қарастырып айтса да оның тетіктері әлі нақтыланған жоқ.  Ал сарапшылар үшін  бөліп -төлеу кезіндегі үстеме пайыз кімдердің  қалтасына кетеді деген сауал маңызды болып тұр.  

Бөліп төлеу құралын реттеу керек

Сарапшылардың мұнын түк те қиындығы жоқ. Тек қана ЕДБ ға бөліп-төлеу тетіктерінің «айдың арғы бетіндегі көзге көрінбейтін тетіктерін» жарыққа шығарып, сатушыларға тауардың құнын бөліп-бөліп төлеусіз көрсету керек. Мысалы, сауда  үйлерінде қолма-қол ақшаға сатып алатын болсаң, онда оның құны 20% арзан екені ашық айтылады. Егер осы тетіктер реттелсе, тұтыну кредиттерін беру ережелері барынша айқын болады..

Продолжая тему:
Разбитый асфальт и дорожные проблемы в Туркестанской области
30 июля 2025 в 22:31
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
В Шымкенте рассказали, что будет с госслужащими, игравшими в азартные игры
30 июля 2025 в 21:01
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
Алматинцам предлагают закрыть долги без штрафов
30 июля 2025 в 19:45
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В Казахстане повысят цены на паспорта и визы в рублях с 9 августа
30 июля 2025 в 18:53
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
В Алматы временно перекроют участок улицы Жубанова
30 июля 2025 в 18:08
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Кибермошенничество в Казахстане: как защитить себя в цифровом мире
30 июля 2025 в 17:32
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Новое производство в Атырау: теперь здесь делают вагонные колесные пары
30 июля 2025 в 17:29
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Пенсионерка через суд восстановила 13 лет трудового стажа
30 июля 2025 в 17:02
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Никогда не произносите эти слова в аэропортах: вас оштрафуют или посадят в тюрьму
30 июля 2025 в 16:54
Прокуратура Казахстана пресекла ввоз в страну подержанных шин
29 июля 2025 в 11:14
Обман под видом инвестиций: мужчина получил 6 лет за мошенничество
30 июля 2025 в 16:41
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
В Астане осужден мошенник, похитивший более 100 млн тенге
30 июля 2025 в 16:36
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Интервенция басталды
30 июля 2025 в 16:03
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20