Экономика мен инфляция қатар өсе бастады

Ұлттық банктің сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Бұл жолы сарапшылар бренд маркалы мұнайдың бағасы, ЖІӨ, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамына назар аударып отыр. Алғашқы нәтиже экономикамызбен бірге инфляция да қатар өсетінін көрсетті.

Сарапшылардың айтуынша экономикалық өсім мен инфляция — бұл өзара байланысты күрделі құбылыстар. Экономикалық өсім көбінесе бағаның өсуімен қатар жүреді, бірақ бұл инфляцияның болмай қоймайтынын білдіре бермейді. Экономикалық өсуден туындаған тауарлар мен қызметтерге жоғары сұраныс бағаның өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ өндіріс шығындарының өсуі немесе ақша саясаты сияқты басқа да факторлар инфляцияға әсер етуі мүмкін. Мысалы, Қазақстанда ЖІӨ өсуін жалғастырады деп күтілуде, бірақ инфляция қарқыны бұрын болжанғаннан баяу төмендейді. Бұл доллар бағамының өсуі және қатаң ақша-кредит жағдайларының сақталуы сияқты әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін.

Ары қарай таратсақ;

• 2025 жылға Brent маркалы мұнайдың медианалық бағасы 75,0-тен 69,3 АҚШ долларына дейін төмендеді.

• 2026 және 2027 жылдарға арналған күтулер тиісінше 66,0 және 66,2 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанды.

• Қазақстан экономикасының 2025 жылға арналған өсу қарқыны бойынша болжамдары 4,7%-тен 5,0%-ке дейін жоғары қарай қайта қаралды. 2026 және 2027 жылдарға арналған күтулер өзгеріссіз қалды – тиісінше 4,5% және 4,3%.

• 2025 жылға арналған болжам 10,6%-тен 10,7%-ке, 2026 жылға – 9,0%-тен 9,4%-ке, 2027 жылға – 6,1%-тен 6,8%-ке дейін көтерілді.Инфляция бойынша болжамдардың өзгеруіне байланысты базалық мөлшерлемеге қатысты күтулер де қайта қаралды.

• 2025 жылдың соңына арналған медианалық болжам 15,9%-тен 16,3%-ке дейін, 2026 жылға – 14,3%-тен 14,5%-ке дейін, 2027 жылға – 11,5%-дан 12,0%-ға дейін көтерілді.

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттердің арасында нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер бар.

Біздің жағдайда

Сарапшылардың атап өтуінше, сәуірде айлық инфляция наурыздағы 1,3% -дан кейін 1,2% -ды құрады. Айлық инфляцияның баяулауы екінші ай қатарынан байқалып отыр, алайда оның мәні жоғары болып қалып отыр. Сәуірде жылдық инфляция сарапшылардың болжамдарына сәйкес 10,7% деңгейіне жетті. Жылдық инфляцияға тамақ өнімдері мен қызметтер елеулі үлес қосты. Бұл ретте өткен айда халықтың инфляциялық күтулері наурызбен салыстырғанда төмендеді. Келесі жылдың ішінде инфляцияның күтілетін деңгейі — 12,2%. Сонымен қатар бес жылдық көкжиекке инфляцияны күту 13,5% -дан 14,3% -ға дейін өсті.

Сәуірде валюта нарығына да қысым жалғасты: доллар айдың басында 503 теңгеден 521 теңгеге дейін өсті, бірақ кейін ұлттық валюта біршама нығайды. Сәуірде теңгенің әлсіреуі сауда-саттық көлемінің 32% -ға өсуімен қатар жүрді. Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектор операцияларының валюта нарығындағы үлесі төмендеді.

Сарапшылардың айтуынша, шикізат, жұмыс күші және басқа да ресурстар бағасының өсуіне байланысты жеке компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар өздерінің табыстылығын сақтау үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің құнын да көтеруге мәжбүр. Бұдан басқа, операциялық шығындардың көбеюі: жалдау, өз қызметкерлерінің жалақысы, басқа да коммуналдық қызметтер — бизнесті өз баға стратегиясын қайта қарауға мәжбүрлейді. Бұл шығындар тарифтерді көтеру арқылы тұтынушыларға жиі аударылады. Алайда, сарапшылар атап өткендей, инфляция мен тарифтердің көтерілуі барлық дамыған елдерге тән және күшті экономиканы құру үшін қажетті қадам болып табылады. Олар мұндай өзгерістердің ұзақ мерзімді оң әсерлері қысқа мерзімді қолайсыздықтардан жиі асып түседі деп санайды.

Продолжая тему:
Токаев об остановке плотных построек в горных местностях Алматы
3 августа 2025 в 18:08
Доллар за 552 тенге: в правительстве сделали заявление
31 июля 2025 в 12:04
С нового года изменится схема подсчёта налога с ГПХ-договоров: часть денег можно вернуть уже сейчас
3 августа 2025 в 17:20
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Генсек ООН Антониу Гутерриш прибыл в Алматы и встретился с Токаевым
3 августа 2025 в 16:29
Льготных автокредитов больше не будет — правительство Казахстана
31 июля 2025 в 17:34
Министр энергетики Казахстана лично проинспектировал объекты в Карагандинской области
3 августа 2025 в 15:59
Бензин подорожает? Роман Скляр сделал заявление
31 июля 2025 в 14:22
Поправки о химической кастрации вносит Минздрав Казахстана
3 августа 2025 в 14:57
Эти три продукта помогут уснуть без таблеток — совет врача
1 августа 2025 в 13:29
Нурбанк зарегистрировал семь новых доменов: возможна смена названия
3 августа 2025 в 14:26
Что происходит с банками Казахстана к середине года
1 августа 2025 в 12:54
В Казахстане число штрафов стало рекордно большим
3 августа 2025 в 12:55
Казахстан обогнал всех: у нас легковушки дорожают быстрее, чем в ЕАЭС
30 июля 2025 в 15:01
Ключевая сфера отечественной экономики
3 августа 2025 в 12:26
Свет по новым ценам: с 1 августа электроэнергия снова подорожает
31 июля 2025 в 10:54
Қазақстандықтардың депозиті жыл басыменсалыстырғанда 3,55% -ға өсті
3 августа 2025 в 11:55
Доллар почти добрался до 450 тенге: официальный курс на 31 июля
30 июля 2025 в 15:36
На одной из улиц Астаны на некоторое время изменили движение из-за ремонта
3 августа 2025 в 11:52
Вы можете так делать: неочевидные привычки, которые портят зрение
31 июля 2025 в 12:29
Таксистов у аэропорта Шымкента начнут штрафовать за навязчивость
3 августа 2025 в 10:52
Тенге укрепился на 11 пунктов после интервенций Нацбанка
31 июля 2025 в 15:27
Некоторые счета начнут закрывать с 1 августа
3 августа 2025 в 09:55
Как полиция Алматы остановила блогеров-нарушителей
2 августа 2025 в 12:25