Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram аккаунтында айтты.
«Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алынған кезде әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған еді. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар «Кенесарының ескерткіші мүлдем алынып тасталды енді мүлдем орнына қойылмайды» деген сияқты расталмаған ақпарат таратқан болатын. Ал шын мәнісінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан ол орнынан алынды, керісінше, оны бұрынғымен салыстырғанда биіктігін де ұзартатын болды. Міне, бүгін сол жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», – деді ол.