БЖЗҚ салымындағы өзгерістердің себебі нақтыланды

Сарапшылар 2025 жылдың басынан бері БЖЗҚ шоттарындағы қырық құбылып тұратындығына  көптен назар аудара бастаған.

Дәл осындай жағдай 2017 жылы қаржылық дағдарыс кезінде байқалған. Ол кезде, салым  көрсетілмей, жинақталған инвестициялық табыс қана тіркеліп отырды. Ал қазір ұялы телефон арқылы зейнетақы қорындағы ақшаныңкөбейіп-азайғанын бақылап отыруға мүмкіндік бар. Енді алдағы бірер айда назарымызға ұсынылуы мүмкін жаңа жоба бойынша болашақ зейнеткерлер өз қаражатын басқарудың бірнеше стратегиясының бірін таңдай алады:

2000 жылдары Ұлттық банкті басқарған  Григорий Марченко «жарты жыл сайын зейнетақы қорын ауыстырып отырған дұрыс, өйткені бұл инвестициялық табысты нақтылап отыруға мүмкіндік береді, осылайша жинақтар тұрақты өседі» деп кеңес берген болатын.

Бірақ бұл мәселе 2023 жылдан бері талқыланып келеді, бірақ бұл жүйенің нақты қашан іске қосылатыны әлі белгісіз.

БЖЗҚ деректерінде жыл басынан бергіинвестициялық табыстың динамикасы едәуір өскені айтылады. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында салымшылардың есеп-шотына 661,7 млрд теңге инвестициялық табыс түскен. 

БЖЗҚ өкілдері инвестициялық табыстың көлемін күнсайын емес,ай сайын емес,  бір жылғы табысты есептей отырып, бақылау қажеттігін айтады. Себі зейнетақы қорындағы салымдардың емес, тек инвестициялық табыстың  көлемі ғана өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мысалы, биылғы жылдың алғашқы тоқсандағы кірістіліктің теріс болуына доллардың  бағамындағы өзгерістер әсер еткен. 

БЖЗҚ  мен Ұлттық банк өкілдері мұның себебін инвестициялық кірістіліктің динамикасына байланысты түсіндіріп келген болатын. Ұлттық банк өкілдері  бұл жолы да алаңдауға себеп жоқ екенін айтты. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бағасы арзандап кеткен, себебі инфляция өсті, ал қаржы министрлігі оларды шамадан тыс көп мөлшерде шығарған. ҰБ өкілдері Zakon.kz басылымына берген сұхбатында биылғы қаңтар–сәуір айларында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы -1,05% болғанын айтыпты. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының табыстылығы өскен облигацияның бағасы керісінше төмендейді. Ал БЖЗҚ активтерінің бір бөлігі осы облигацияларға салынған.

Екінші себеп ретінде сарапшылар теңгенің нығаюын атайды.  Жыл басынан бері теңгенің долларға шаққандағы бағамы 525-тен 512-ге дейін күшейді. Ал БЖЗҚ активтерінің 40%-ы шетел валютасында. Валюта арзандағанда, теңгемен есептегенде, қордың табысы төмендеп кетеді.

Қазіргі таңда БЖЗҚ-да 22,6 трлн теңге зейнетақы жинағы бар.

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша,  Мұндай өзгеріс зейнетақы активтерін қайта бағалау нәтижесінде туындады. Теріс кірістілікке алып келген негізгі себептердің бірі – мемлекеттік бағалы қағаздардың нарықтық құнының төмендеуі.

Қазір қоғамда БЖЗҚ салымдарының түрлі  жобаларға салынып жатқандығына алаңдайтындар көп.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, мұндай инвестициялар тек нарықтық шартпен, яғни пайызбен және қайтарылатын түрде жасалады. Бұл – зейнетақы жинағы үшін де, мемлекет үшін де тиімді шешім. 

Дегенмен сарапшылар арасында салық реформасының БЖЗҚсалымдарына әсері терең зерттелмейді деген пікір бар. Салық кодексі қазіргі версияда қабылданса, мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табысқа 10% салық салынады. БЖЗҚ активтерінің 9 триллион теңгеден астам бөлігі осы бағалы қағаздарға салынған. Мұндай салықтың енгізілуі инвестициялардың табыстылығын арттыратындығына сенім аз.

Продолжая тему:
#Взносы #Деньги #ЕНПФ #Казахстан
Президент Токаев поздравил граждан с Днём столицы
6 июля 2025 в 09:52
Новые тарифы на воду в Казахстане: Первые результаты
1 июля 2025 в 13:37
URBAN TALKS ASTANA: международный диалог о будущем городов — путь к национальному урбан форуму в Кызылорде
5 июля 2025 в 22:41
Доходов не хватает даже на еду: в Казахстане растет число крайне бедных семей
3 июля 2025 в 10:07
Любите наушники? Летом это может обернуться проблемами со здоровьем
5 июля 2025 в 21:21
Авто из ЕАЭС могут оказаться под запретом в Казахстане?
4 июля 2025 в 16:24
В Астане около 700 гвардейцев присягнули на верность Родине
5 июля 2025 в 18:15
Казахстанцев ждут длинные выходные в июле
1 июля 2025 в 15:26
Президент Токаев поздравил Нурсултана Назарбаева с 85-летием
5 июля 2025 в 18:10
Высокая ставка: Евразийский банк предлагает казахстанцам заработать на вкладе
2 июля 2025 в 15:23
В Алматы прошел большой субботник в рамках акции «Таза Қазақстан»
5 июля 2025 в 17:57
Kaspi.kz: Теперь доступно погашение кредита или рассрочки круглосуточно в мобильном приложении
4 июля 2025 в 18:17
Вынесен приговор экс-акиму Риддера и его подчиненным
5 июля 2025 в 16:51
Банки Казахстана продолжают наращивать объемы кредитования населения
1 июля 2025 в 19:37
Подача на визу в Германию теперь только через TLScontact
5 июля 2025 в 16:36
Актуальные курсы валют в Астане, Алматы и Шымкенте на 5 июля
5 июля 2025 в 11:12
В Илийском районе выяснили причины перебоев с поливом
5 июля 2025 в 16:29
То, что нам говорили с детства, оказалось мифом: правда о купании после еды
1 июля 2025 в 13:14
В Туркестанской области начнут выращивать шелкопряда и выпускать чай из шелковицы
5 июля 2025 в 15:39
Эти лекарства нужно взять с собой в отпуск — список, который может спасти отдых
5 июля 2025 в 19:07
Тимур Тұрловтың Freedom Holding акциялары американдық биржалық қорға қосылды
5 июля 2025 в 15:37
Цены на картофель выросли почти вдвое
1 июля 2025 в 17:27
В Казахстане выставили на торги 39 участков с твердыми полезными ископаемыми
5 июля 2025 в 15:13
В Карагандинской области нашли захоронение ребёнка эпохи кыпчаков
4 июля 2025 в 16:57