
Ал сарапшылардың айтуынша, бұл мәселе тек бір-ақ бағытпен шектеліп қалмау қажет. Елде қаржыландыруды күтіп тұрған сала жетеді.
Ел арасында ара-кідік болса да айтылып қалатын ұсыныстардың жаңғырығы мәжіліске жетті.
Мәжілісмен Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, тәркіленген активтерді жеңілдікті ипотекаға бағыттайтын кез келді.
«Осыған байланысты үкіметке Бас прокуратураның активтерін қайтару комитеті тартқан қаражат есебінен» 2-10-20 «жеңілдікті ипотекалық бағдарламасының қатысушыларын несиелендіру үшін Отбасы банкін 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», — деп ұсынды ол.
Депутат түсіндіріп өткендей, бюджеттік қаржыландырудың жоқтығынан халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған несиелер тек қайтарылған қаражат есебінен ғана беріледі. Алайда олардың көлемі өте шектеулі.
Бұл мәселе осы күнге дейін бірнеше рет көтерілген: ҰБ төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев 2023 жылы журналистермен осы мәселермен тікелей айналысатын арнайы компания құрылғанын айтты. (Оол кезде премьер -министрдің орынбасары ) тәркіленген аталған активтердің Ұлттық қорға неліктен берілмейтініне қатысты түсінік берген. «Ұлттық қордың екі функциясы бар: үнемдеу және тұрақтандыру. Қаржы Ұлттық қордан маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға да бөлінеді. Ал бұл қаражат капиталды қайтару туралы заң аясында да шешуге пайдаланылады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер, сондай-ақ ашық түрде комиссияның шешімімен «Есеп палатасы» да тексере алады. Мен бұл жерде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Бұл ақшаның елге оралуы және соған жұмыс істеуі маңызды» деген.
Активтерді қайтарумен екі құрылым айналысады.
- Біріншісі – Қазақстан Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті. Бұл комитетті 44 жастағы аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков басқарады.
- Екінші құрылым — Мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия. Оның төрағасы — премьер-министр Олжас Бектенов.
- Айта кетейік, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жыл сайын Жоғары аудиторлық палатаның тексеруінен өтеді
- Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов бұл жақсы және уақытында көтерілген бастама екенін, бірақ активтерді қайтару процесін реформалауды қажет екенін айтады. Қазіргі тәсілде қорқыныш басым. Қазіргі жүйеге анық және түсінікті процедура қажет.
Сарапшылардың басым көпшілігі Заңсыз активтерді қайтаруда ақпараттық ашықтық қажет екенін, екшеп барып берілетін ақпарат екенін айтады. Бірақ ең басты мақсат – қайтарылған қаржы бюджетке кіріп, ел игілігіне жұмыс істеуі не экономикаға инвестиция болып құйылуын қадағалау керек. БҰҰ-ның 2003 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында бұл мәселеге аса назар аударылған.
Сарапшы М. Халықтың айтуынша, кейбір елдер Конвенция қабылданғанға дейін NCBC жүйесін енгізген. Мысалы, Антигуа мен Барбуда 1996 жылы ақшаны жылыстатуды болдырмау туралы заң қабылдады.
- АҚШ 2000 жылы азаматтық активтерді тәркілеуді реформалау туралы, Аустралия, Колумбия және Ұлыбритания NCBC туралы заң қабылдады.
- Активтерді тәркілеу жүйелері Болгария, Канада, Фиджи, Италия, Малайзия, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Нигерия, Перу, Филиппин, Оңтүстік Африка республикасында да бар.
Спикердің айтуынша, бұл жұмыс қазірдің өзінде нақты нәтижелер беруде. Қысқа мерзім ішінде ел бюджетіне орасан зор сомалар қайтарылды. Бұл тек бастама. «Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару — бұл жай ғана сыбайлас жемқорлықпен күрес емес, бұл біздің еліміздің болашағына инвестициялар. Бірақ қайтарылған активтерді Ұлттық қорға бағыттау әлдеқайда тиімді. Әлеуметтік бағытқа бөлінген қаржы осы қор арқылы өтеді» дейді сарапшы,