Соңғы жылдары сыртқы қарыз туралы жарияланып жатқан пікірлерде түрлі эмоция, үрей мен ыза да бар. Жағымсыз нарратив, түрлі миф пен болжам көп. Бірден айтайық, сыртқы қарызды бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен қайтармаймыз. Қарыз Ұлттық қордан түсетін салықтық және салықтық емес түсім мен трансферт есебінен, ал қалған бөлігін қарыз есебінен жабылады.

Қазіргі жағдайда барлық қарыздың 96% -ын үкіметтің міндеттемелері құрайды.
* Оның 22,6 трлн теңгесі — ішкі қарыз.
* Қалғаны — сыртқы қарыз және жергілікті атқарушы органдардың қарыздары.
« Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп келеді, бірақ экономика әзірге тез өсуде — бұл тәуекелдерді жеңілдетеді. ЖІӨ-ге қатысты 22,2% қарыз деңгейі халықаралық өлшемдер бойынша қалыпты болып саналады» деп атап көрсетеді сарапшылар.
Қазақстанның сыртқы қарызының қазіргі көрсеткіші 2018 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш
Еске салсақ, 2022 жылы 164,1 млрд долларға жеткен.
Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясы төлем балансының операциялары және операциялық емес өзгерістер есебінен $18,3 млрд — ға — 2024 жылы $49,7 млрд дейін жақсарды. Бұл көрсеткіш елдің не иеленетіні мен не керек екені арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
«Еліміздің сыртқы активтері 2025 жылдың 1 қаңтарына $198,4 млрд құрап, 2024 жылдың басынан бастап $10,3 млрд ұлғайды. Мұндай өсімге шетелдік компаниялардың капиталына қатысу құралдарының, шетелдік инвестициялық қорлардың және ақша нарығы қорларының, сондай-ақ резиденттер портфеліндегі шетелдік компаниялардың борыштық бағалы қағаздарының сатып алынуы және олардың құнының өсуі ықпал етті «, — деп нақтылады Ұлттық банкте.
2025 жылғы 1 қаңтарда елдің сыртқы міндеттемелері $8 млрд-қа — $248 млрд-қа дейін азайды (оның ішінде мемлекеттік органдар мен Ұлттық банктің міндеттемелеріне $15,1 млрд тиесілі). Бұл үлестес кредиторлардың қарыздарын өтеу есебінен болды.
- Сыртқы қарыз құрылымында және динамикасында айтарлықтай өзгерістер бар. 2019 жылмен салыстырғанда 2020–2021 жылдары сыртқы борыш шамалы қысқарса, 2022 жылдан бастап өсім қайта байқалды
- 2023–2024 жылдары сыртқы қарыз шамамен 4,5 млрд долларға артты. Экономистер бұл өсімді негізінен жекеменшік корпорациялардың сыртқы қарыз алу белсенділігінің артуымен байланыстырады, ал мемлекеттік сыртқы борыш біршама қалыпты деңгейде қалғанын айтады.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік қарызымыз қызыл сызықтан асып кеткен жоқ. Халықаралық практикада қарызы көп елдің экономикасы да қуатты жеген пікір бар.
Салыстырсақ:
Дүниежүзілік банк сарапшылары мемлекет борышының мөлшері ЖІӨ-нің 77 пайызынан асса экономикалық өсімге кері әсер ететінін айтады.
- АҚШ-тың мемлекеттік қарызының ЖІӨ-ге арақатынасы 2013 жылы 100% -дан асты және содан бері бұл деңгейден төмен түспеген. 2025 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша АҚШ-тың мемлекеттік борышы $36,6 трлн-нан асты, бұл АҚШ ЖІӨ-нің 122% -дан астамын құрады.
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы $64,1 млрд. құрады Мұндай мәліметтерді республиканың Орталық банкі жариялады.
- Бас банктерінің ақпаратына сәйкес, сыртқы қарыз көлемі елдің ЖІӨ-нің 55,7% -ына жетті. Бұл ретте мемлекеттік қарыз шамамен $33,9 млрд құрады, бұл ЖІӨ-нің 29,5% -ына баламалы.
- • Өзбекстанның корпоративтік сыртқы қарызы $30,2 млрд. асты
- Ресей Федерациясының сыртқы борышы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 290 млрд, АҚШ долларын (соңғы 12 айдағы ЖІӨ-ге шаққанда 13,5%) құрап, 2024 жылғы IV тоқсанның басынан бастап 18,8 млрд, АҚШ долларына қысқарды.