«Бәйтерек» холдингінің бизнесті қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға және импортты алмастыруға 8 трлн теңге бағыттауы ЖІӨ-нің 1,3% өсуіне, азық-түлік бағасының өсуін тежеуге көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Холдинг төрағасының орынбасары Жандос Шайханың айтуынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1,2 трлн теңге бөлінген қаражат игерілді, бұл жоспарлы көрсеткіштен 1 трлн теңгеге жоғары.
«Биыл» Бәйтерек «арқылы қолдауға ие болған жобалардың жалпы қосылған құнының көлемі 521,5 млрд теңге деңгейінде күтілуде», — деп холдинг өкілінің сөзін келтірді баспасөз қызметі.
- Жобалардың ең үлкен инвестициялық пулы Қазақстанның Даму банкінде шоғырланған — биылғы жылы 2,2 трлн теңгенің 66 жобасы.
- Салымдардың негізгі салалары — көлік, логистика және байланыс (34%), металлургия (19%), химия өнеркәсібі (12%).
- Жобалардың барлық пулын іске асырудан қаржыландырудың барлық мерзімінде ел экономикасына 37,8 трлн теңге көлемінде жаңа өндірістер, тауарлар мен қызметтер түрінде үлес алынады деп күтілуде.
- Негізгі капиталға инвестициялар биыл 1,6 трлн теңгені құрайды. 2025 жылы қаржыландырылуы жоспарланған ҚДБ инвестициялық жобаларының ішінде — Жамбыл облысындағы натрий цианидін өндіретін зауыт, Түркістан қаласындағы күкірт қышқылы зауыты, Қостанай облысындағы ыстық брикеттелген темір өндіретін ірі қазақстандық кәсіпорын және басқалары бар.
Жобаларды іске асырудың табыстылығын бағалау және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімділіктің мынадай түйінді көрсеткіштері пайдаланылатын болады:
• ЖІӨ өсуі;
• құрылған жұмыс орындарының саны;
• қаржыландырылған жобалар арасында экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың үлесі.
Ал сарапшылар сол 8 трлн теңгенің қажетті тетіктерге жұмсалуына күмәнданады.
Сарапшы Марат Абдурахмановтың айтуынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеріп, инфляцияны тежеуге тырысып жатқанда, үкімет өсімді ынталандыру үшін бір мезгілде нарыққа триллион бюджеттік теңге лақтырып жатыр. «Егер, бұл қаржыны нарық бойына сіңіре алмаса, нақты өсім де, елеулі жеңілдік те жоқ. Егер 30 мың ШОБ қолдауға ие болса, ондаған мың ШОБ нарықтық мөлшерлемемен несие алуға мәжбүр болады. Нәтижесінде бәсекелестік бұрмаланып, мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынасты реттей алғандардың жолы болады. «күні бүгінге дейін бизнес пен үкімет арасындағы интервенциясының табиғаты масылдық сипаттан әрі асқан жоқ. Үкімет субсидия арқылы нарықтағы үстемдігін күшейтіп жатыр. Бізге мұндай тәсілмен нарықтық экономика қалыптастыру қиын» дейді Марат Абдурахманов.
Біздің байлам Субсидиялау — бұл «инфляцияға қысым жасауға әкелетін бұрмалау, яғни нақты субсидиялау бюджеттің ақшасын бір қалтадан алып, екінші қалтаға салумен бірдей екенін жаза-жаза жауыр тақырыпқа айналдырып жібердік. Нарық заңы бойынша төмен мөлшерлемелерді алу үшін бірнеше жылға шыдамдылық танытып, субсидиялардан бас тартып, базалық мөлшерлеменің жұмысын теңестіруге , инфляцияны төмендетуге әрекет жасау керек еді. Жыл басында үкімет тарапынан субсидиялаудан бас тартамыз деген үкіметтің күші жарты жылға да жеткен жоқ. Сарапшылардың сөзінше базалық мөлшерлеме жоғары болуына да, инфляция жоғары болуына да базалық мөлшерлеменің әрекетін бұрмалайтын субсидиялар мен нарықтық емес кредиттік бағдарламалар кінәлі.. Төмендетілген инфляция базалық ставканың төмендеуіне әкеледі, ал бұл кредиттер құнының төмендеуіне әкеледі. Нарықтық құралдарға және экономиканың тұрақты өсіміне осындай жолмен көшуге болатын еді.