
AITAS холдингі Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі шұжық зауытын салады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Тиісті меморандумға қала әкімдігімен қол қойылды.
- Кәсіпорын «Бозарық» индустриалды аймағының аумағында орналасады.
- Ол жылына 50 мың тоннаға дейін дайын өнім шығара алады.
- Холдинг жобаға шамамен 18,6 млрд теңге инвестициялауды жоспарлап отыр.
«Бұл Орталық Азияда теңдесі жоқ өршіл жоба. Бастама біздің food-компанияға трансформациялаудың ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі және экспорт саласындағы әлеуетін күшейтеді «, — деп атап өтті AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев.
- Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттармен жұмыс жүргізілуде.
- Зауыт 2033 жылы толық қуатына шығады.
- Жоба әрқайсысы 25 мың тонна өндірістік желіні іске қосумен екі кезеңде іске асырылады.
- Зауытта 500-ден астам жұмыс орны ашылады.
Холдинг кәсіпорындарының ішінде Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы — Макинск және еліміздің ең көне құс фабрикасы — Өскемен, ТМД-дағы ең ірі Алматы асыл тұқымды құс өсіру репродукторы және Жетісу Алматы құс фабрикасы бар. Холдинг «Кус & Вкус» брендімен бойлер тауығының етін және деликатес, жартылай фабрикаттар, шұжық өнімдерін шығарады.
Мажоритарлық акционер Серік Толықпаев Forbes нұсқасы бойынша 2024 жылы $217 млн-мен Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде 42-орынды иеленді.