Сәуірдің бірінші аптасында БЖЗҚ 400 миллиард теңге табыс тапқаны белгілі болды. Оның алдында Ұлттық банктың БЖЗҚ теңгелік портфелінің 69% -ы мемлекеттік бағалы қағаздарға салынғаны белгілі болған еді.
Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов БЖЗҚ теңгелік қоржынының 69% мемлекеттік бағалы қағаздар салынғанын, сенімді және инфляциядан жоғары табыс әкелетін болғандықтан осындай шешім қабылданғанын аййтты.
Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, корпоративтік шығарылымдар өте аз.
«Компаниялар облигациялар шығарудан гөрі банктерден несие алғанды жөн көреді. Корпоративтік секторға ақша салу үшін Ұлттық банк бизнестің ашықтығына сенімді болуы тиіс. Әзірге ондай компаниялар аз, бірақ сенімді эмитенттер пайда болса, банк салымдарды көбейтуге дайын», — дейді ҰБ өкілі.