Осыған OPEC+ ұйымына мүше сегіз ел 3 сәуірдегі жиналыста мұнай өндірісі квотасын бұзғандарға қысым көрсетуге келіскенін Bloomberg делегаттар сөзіне сүйене отырып хабарлады.

Агенттік ұйымның «ішкі мәселелері» туралы былай деп жазды:
«Ұйым саясаты өзгергенге дейін топтың өз ішінде өндіріс лимиті қайта-қайта бұзылып, кикілжің туғызған мәселеге айналған. Ауқымды Теңіз мұнай кен орнын кеңейту барысында өндіріс квотасын қатты асырып жіберген Қазақстан жанжалға себеп болған.
Келіссөздер жабық өтуіне байланысты аты-жөні мақалада аталмауын қалаған делегаттар квотаны бұзушыларға баға жағынан қысым көрсету жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Бұған қоса артық өндірісті еселеп қайтаруға мүмкіндік беруге келісті», – деп жазды Bloomberg.
Жарияланған ақпаратта көрсетілгендей, Қазақстан 2026 жылдың маусымына дейін тәулігіне 1,299 миллион баррель мұнай өндіруді өтеуі тиіс. Оның ішінде:
- сәуірде – 63 мың баррель
- мамырда – 116 мың
- шілдеде – 126 мың
- тамызда – 141 мың
- қыркүйекте – 135 мың
- қазанда – 160 мың баррель тәулігіне өтеуі қажет.
Қазақстаннан кейін өтеуі керек өтемақысы көп елдер – Ирак және Ресей. 2025 жылдың соңына дейін Ирак 1,9 млн баррель, ал Ресей 691 мың баррельді өтеуі керек.
Жалпы 2026 жылдың маусымына дейін жалпы 4,572 млн баррель өтелуі керек. Өтемақының максималды көлемі биыл қыркүйекке келіп тұр. Аталған елдер тәулігіне 520 мың баррель өтеуі тиіс.
Осыған дейін OPEC+ ұйымына мүше сегіз ел арнайы жиын өткізген. Олар мұнай өндірісі квотасын бұзғандарға қысым көрсетуге келісті. Былтыр да белгіленген жоспардан артық өндіріп, келісімді қайта-қайта бұзып алғанбыз..
Негізі OPEC+ келісімі бойынша Қазақстан тәулігіне 1,468 млн баррельден артық мұнай өндірмеуі тиіс. Бірақ бұл ереже сақтала қойған жоқ. Былтырдан бері Астана квотада асып, ұйым мүшелері ескерту жасаған.
Биыл сәуірде қара алтын өндірісін азайтқандай болды, бірақ соның өзінде квотадан асып кетті.