Сәуірдің алғашқы онкүнінде қор биржасының капитализациясы 174 млрд теңгеге төмендеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елден импорттық тауарларға баж салығы енгізілгенін жариялағаннан кейін шетелдік инвесторлар қазақстандық құнды қағаздардан шыға бастады.  Қор нарығындағы жағдай жәй ғана тербеліс емес, дауылмен тен екенін сарапшылар айтып жатыр.

Инвесторлар 2-3 жыл бойы айтарлықтай өсім көрсеткен акцияларын сата бастады

Қор нарығындағы түзету бір айдан екі жылға дейін жалғасуы мүмкін. Бұл соңғы 50-100 жылдағы тарихи көрсеткіштерге негізделген математикалық болжам.

Дүрбелең басталған кезде инвесторлар бірінші кезекте акциялар нарығынан шығады, өйткені бұл активтердің ең табысты және болжауға келмейтін сыныбы. Айталық, инвесторлар облигациялар мен алтында «отыр» дейік: алтын тарихи тұрғыдан белгісіздік кезінде сақтайтын актив болып саналады, ал облигациялар тіркелген купон береді және ерекше құбылмалылыққа тап болмауға көмектеседі. Сондықтан дүрбелең кезінде капиталдың, бірінші кезекте, акциялардан кетуі орын алады — инвесторлар ақшасын жоғалтқысы келмейді және бәрін бірден кэшке ауыстыруға тырысады.

Бірақ турбуленттік кезеңде де тұрақты болып қалатын секторлар бар Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов брифингте хабарлады. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда жағдай тұрақталғанын айтты.

Сүлейменов инвестициялық басқарушылар, зейнетақы қорлары және басқа да ірі шетелдік ойыншылар Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кіріп, бірінші кезекте қаржы министрлігі мен квазимемлекеттік сектордың облигацияларын сатып алатынын түсіндірді.

Алайда, оның айтуынша, тұрақсыздық кезеңінде шетелдік инвесторлар әдетте дамушы елдердің нарығын тастап, қаражатты иена немесе швейцар франкі сияқты неғұрлым тұрақты активтерге ауыстыруға тырысады.

 «Сондықтан президент Трамп тарапынан хабарландырулар болған кезеңде бұл шетелдіктердің кейбір позицияларды жаба бастауына әсер етті, бірақ қазір бұл жағдай тұрақталды», — деді Сүлейменов.

Ол дәл деректерді айта алмайтынын, бірақ ол кезде шетелдік инвесторлар тарапынан долларға деген сұраныс жоғары болғанын айтты. Олар құнды қағаздарды теңгеге сатып, түсімді долларға айырбастады. Сондықтан, оның айтуынша, нарықта әдеттегі көрсеткіштерден асатын валютаны сатып алу-сатудың үлкен көлемі байқалды.

Мәселен, KASE Қазақстан қор биржасында операциялар көлемі 4 сәуірде — $368 млн, 7 сәуірде — $456 млн, 8 сәуірде — $260 млн, 9 сәуірде — $314 млн,

Үшінші сәуірде Трамп ондаған елдерге, соның ішінде Қазақстанға да импорттық баж салығы енгізілгенін жариялады. Алайда 9 сәуірде АҚШ президенті АҚШ-қа қарсы шара қолданбаған елдер үшін баж салығын енгізуді 90 күнге тоқтатты. Олар үшін бұл уақытта 10% мөлшерлеме қолданылатын болады. Ал Қытайға қатысты Трамп тарифтерді 125% -ға дейін көтерді. Өз кезегінде Бейжің АҚШ-тан импорттық баж салығын 125% -ға дейін көтерді.

Нарықтағы кез келген әрекет қазір эмоцияға емес, стратегияға сүйенуі тиіс

Сарапшылардың айтуынша, портфель өсуге бағдарланған болса, оны теңгерімдеуге, яғни қайта бағаланған және құбылмалы активтердің үлесін қысқартуға, тәуекелдерді азайту және тұрақсыздық жағдайында капиталды сақтау үшін қорғау секторларын, дивидендтік қағаздарды немесе облигацияларды қосуға болады. Егер ол қорғауға бағытталған болса, онда нүктелі кіру үшін сәтті пайдалану керек, яғни жалпы тәуекелді ұлғайтпай ұзақ мерзімді әлеуетті күшейту үшін кэшті немесе өтімді позицияларды пайдалана отырып, төмендетілген бағамен сапалы активтерді ұқыпты іріктеуді бастау керек. «Қазір стратегиялық саясат қайта құрумен маңызды. Қор нарығы — лотерея емес, жүйе екенін есте сақтау маңызды» дейді Айбар Олжаев. 

Сарапшы Нұрсұлтан Ерболатұлының айтуынша,  2025 жылдың 1–10 сәуір аралығында KASE индексі мен қор нарығының капитализациясы құбылып тұрды. KASE индекс 5707,9 пунктен 5533,3-ке дейін төмендесе, нарық капитализациясы 31,8 трлн теңгеден 31,1 трлн теңгеге азайды. Ең үлкен төмендеу 4 сәуірде тіркеліп, индекс 5522,8-ге, ал капитализация 31,3 трлн теңгеге дейін түсті

2025 жылдың 1 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында Қазақстан қор биржасындағы отандық ірі компаниялардың акция бағасы негізінен төмендегені байқалады.

Сол сияқты Air Astana акциясы да 3,6%-ға арзандап, 756 теңгеден 730 теңгеге түсті. Kazatomprom (-3,3%), CenterCredit (-3,1%) және «Қазақтелеком» (-2,9%) сынды ірі компаниялардың да акциялары біраз құнын жоғалтты. Kaspi.kz те 1,5%-ға, KEGOC – 1,1 пайызға, ал «ҚазМұнайГаз» бен KazTransOil акциялары тиісінше 0,5 және 0,4%-ға төмендеген. Бұл өзгерістер отандық қор нарығындағы инвесторлардың сақтық ұстанымын немесе сыртқы нарықтардағы белгісіздіктерді меңзеуі мүмкін.

Айта кетерлігі, Kcell акциясы осы 10 күн ішінде мүлде өзгеріссіз қалып, 3 400 теңге деңгейінде тұрақтады. Бұл – компанияға деген сенімнің белгісі немесе нарықтағы айтарлықтай қозғалыстың болмауының көрінісі..

«10 күн ішінде нарық айтарлықтай қысымға ұшырап, кейін ішінара қалпына келді. Бұл құбылыстар сыртқы және ішкі факторлардың, соның ішінде отандық ірі компаниялардың акция бағаларына деген сенімнің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін» дейді сарапшы.

Қорытындылай келе, сәуірдің алғашқы онкүндігі Қазақстан қор нарығы үшін тұрақсыз кезең болды. Дегенмен соңғы күндердегі өсім оң тенденцияның басталуына үміт береді.

«Сауда соғыстары Қазақстан қор биржасында листингтен өткен компанияларға тікелей де, жанама да әсер етеді. Бұл — акция бағасының құбылуы, табыстылықтың төмендеуі және инвесторлар сенімінің әлсіреуі түрінде көрінеді. Бірақ кейбір салалар — мысалы, ішкі нарыққа бағытталған IT, ауыл шаруашылығы немесе телекоммуникация — бұл кезеңде салыстырмалы түрде тұрақты болуы мүмкін» дейді Нұрсұлтан Ерболатұлы. 

Продолжая тему:
Суд по экстрадиции главы «НеМолчи.kz» еще впереди — Тансари сделала заявление
15 апреля 2025 в 21:51
С 1 мая меняется порядок работы бригад скорой помощи в Казахстане
11 апреля 2025 в 11:49
Нищета меняет мышление: что мешает выбраться из бедности
15 апреля 2025 в 21:28
Теперь по номеру 1414 казахстанцы могут узнать о налоговой задолженности
11 апреля 2025 в 20:11
Китай сомневается в поставках российского газа через Казахстан
15 апреля 2025 в 21:20
Первая АЭС в Казахстане: завершен выбор поставщиков
10 апреля 2025 в 19:53
Сотрудники МВД провели громкое задержание в Балхаше
15 апреля 2025 в 20:42
В Туркестанской области обезврежена группа интернет-мошенников
14 апреля 2025 в 10:16
День влюбленных в Казахстане: создано свыше 500 семей
15 апреля 2025 в 20:38
Есть ли риски девальвации тенге, рассказал глава Нацбанка
11 апреля 2025 в 13:57
Официально утверждена: как выглядит адвокатская мантия в Казахстане
15 апреля 2025 в 19:55
Прокуратурой Актюбинской области строго пресекается вождение автотранспорта в нетрезвом виде
12 апреля 2025 в 12:20
Конфликты на работе: что делать, если коллега выводит из себя
15 апреля 2025 в 19:23
Как понять, что ваш мужчина — судьба: проверка из 5 шагов
13 апреля 2025 в 17:34
Учеба в Великобритании по «Болашаку»: стипендии не хватает на жизнь
15 апреля 2025 в 18:53
Рейтинг самых надёжных авто: Lexus, Toyota и BMW
6 апреля 2025 в 11:27
В столице пройдет VIII Международная книжная выставка – ярмарка «Astana Eurasian Book Fair-2025
15 апреля 2025 в 18:46
Пластика за счёт государства: какие операции покрывает медстраховка в РК
13 апреля 2025 в 15:24
Стала известна дата, когда Kaspi обнародует финрезультаты за первый квартал 2025 года
15 апреля 2025 в 18:19
В Черногории задержали Дину Тансари, основательницу фонда «НеМолчиKZ»
14 апреля 2025 в 21:06
Финансирование иностранных легионеров: Токаев подписал закон о запрете
15 апреля 2025 в 17:37
Десять самых востребованных профессий в Казахстане за март 2025 года
14 апреля 2025 в 16:41
Когда кредиты рушат отношения: как выжить и не сойти с ума
15 апреля 2025 в 17:17
Halyk Bank сделал переводы за границу дешевле
11 апреля 2025 в 10:50