
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, қосылған құн салығы 16% болады.
- Үкімет пен депутаттар ортақ компромиске келді.
- Біз бұл шешім негізінде 160-қа жуық салық төлеушіні жоғалтып, шамамен 400 млрд теңге көлемінде бюджетке қосымша салық түсімінен айырыламыз.
- Сәйкесінше біз жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талаптарын барынша қатаңдатамыз.
- Қажетті нормалар дайын тұр
Бастапқыда шекті 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылды, алайда бизнес өкілдерімен талқылау нәтижесінде ымыралы шешім қабылданды.
• 40 млн теңге — бұл біз қол жеткізген мәміленің жемісі, — деп мәлімдеді бүгін Жұманғарин.
• ҚҚС-тың жаңа шегін енгізу талқыланып жатқан салық реформасы аясында жүріп жатыр, бұл кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерін алаңдатады.
- Бұған дейін бизнесмен Жұмабек Жанықұлов «салық реформасы — бизнес үшін елеулі қауіп» екенін айтып, бастамаларды сынға алған болатын. «Салдарын мұқият есептеу қажет. Тұрақсыз экономика жағдайында бизнеске күрт өзгерістер емес, болжамдылық пен қолдау керек», деп атап өтті Жанықұлов.
• Жаңа жоспар заңнамаға тиісті түзетулерден кейін күшіне енеді деп күтілуде.
Билік өзгерістердің салық базасын кеңейтуге бағытталғанын, бірақ бұл ретте шағын және орта бизнестің мүдделерін ескеретінін мәлімдейді.
Сонымен қатар Жұманғарин жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлік (ИП) иелері мен бұрын бұзушылықтар жасағандар үшін жаңадан кәсіпкер ретінде тіркелу қиыннға соғатынын айтты.