Қазақстан шетелдіктердің банк карталарын алу ережесін тағы да қатайтты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қызметті реттеу мәселелеріне қатысты маңызды түзетулер әзірлеп жатқаны осыған дейін айтылған. Қаңтардың басында Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банктеріне қолданылу мерзімі 12 айдан асатын резидент еместердің карталарын ашуға тыйым салды. Есірткі мен цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін азайту үшін жаңа шектеулер қабылданды, деп түсіндірілді агенттік хабарламасында. Бұл ретте шектеулер Қазақстанның тұрақты түрде  тұруға құқы бар не кәсіпкерлер, дипломатиялық қызметкерлер немесе инвесторлар болып табылатын шетелдіктерге қолданылмайды. Енді шетелдіктердің банк картасын алуы қиындайды. Қазақстандық Каспи Банк пен Home Credit Bank елдің резидент еместері үшін карталарды ашуды тоқтатқан. Бұған дейін Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бір жылдан астам мерзімге шетелдіктер үшін карталарды ашуға тыйым салған болатын.

Енді НҚА порталы 21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға төлем карталарын ашуға тыйым салынады, бейрезиденттер ұстайтын карталарға бақылау күшейетінін, құжатты жария талқылау 14 сәуірге дейін жалғасатынын хабарлады. 

  1. Банк клиенттеріне онлайн қызмет көрсету кезінде бақылау күшейеді. Оған сәйкес жеке тұлға ұялы телефонын ауыстыруы кезінде биометрияны міндетті түрде қолданып, оған екі факторлы идентификация жүргізіледі. Олар мобильді қосымшаны банк анықтаған бір ғана абоненттік құрылғы арқылы пайдалана алады.
  2. Маңызды түзетулердің бірі – 18 жастан 21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға қашықтан төлем карточкаларын шығаруға және қайта шығаруға тыйым салынады.
  3. Азаматтарға біреуден артық төлем карточкасы шығарылған кезде о баста көрсеткен нысаналы мақсатқа сәйкес шот бойынша ақша қозғалысына мониторинг жүргізіледі. Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталса, мұндай операциялар жіті тексерілмек.
  4. Қазақстанның бейрезиденттеріне де талап күшейеді. Күдікті және тәуекелі жоғары клиенттерге қатысты бақылауды қатаңдату мақсатында қашықтан төлем карточкаларын шығаруға және қайта шығаруға жол берілмейді. Жаңа ережелерге сәйкес, клиент паспортының фотосы бойынша биометрияны қолдана отырып, екі факторлы идентификация жүргізеді. Сондай-ақ алғашқы үш айдағы шоты бойынша ақша қозғалысы бақыланатын болады.

Кімдер жіті бақылауға алынады?

Банк клиенттерінің бірқатар санатына күшейтілген мониторинг жүргізіледі: 

­-  ­­Әртүрлі   банктер шығарған 5 төлем карточкасын ұстаушыларға (банкте ақпарат болған кезде немесе ҚРҰБ Антифрод-орталығының Бірыңғай карточкалық базасынан алынған ақпаратты пайдалана отырып);

— шекаралас аудандарда шығарылған төлем карточкаларын ұстаушыларға;

— тұруға ықтиярхаты немесе тұрақты тұруға рұқсаты жоқ ҚР бейрезиденттеріне;

— 14 пен 25 жас аралығындағы клиенттерге шот бойынша елішілік және трансшекаралық аударымдар жүргізуге байланысты ресми кіріс көзі болмаған жағдайда. Енді бұл санаттағы жеке тұлғалардың операцияларын электрондық банк қызметтерін алу кезінде ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тексереді.

Бұдан бөлек қазақстандықтардың шетелдік аударымдар көлемі 500 мың теңгеден асатын болса, банкте күдік тудыруы мүмкін. Мұнда Қазақстан Сингапурдың тәжірибесін негізге алған. Ол елде жарты млн теңгеден астам сомаға трансшекаралық төлемдер және ақша аударымдарына күшейтілген мониторинг жүргізіледі. «Кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру тәуекелін арттыратын банк қызметтері мен оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды: жеке тұлғалардың 500 мың теңгеден астам сомаға трансшекаралық төлемдері және ақша аударымдары»  делінген қаулыда.

Яғни, егер де адам шетелге ақшаның ірі көлемін жіберетін болса, онда бұл операция қосымша тексерілуі мүмкін деген сөз.

Бұл түзетулердің барлығы да адамдарды алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында енгізілгелі жатыр. Сол себепті енді банктер клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 жыл олардың биометриялық деректерін (суреттер, видео) сақтауға міндеттеледі.

Сарапшылардың сөзінше қаржы нарығына қарата айтылған сын да, өкпе де көп болатын.  

Продолжая тему:
Статистика по заработной плате за II квартал 2025 года
12 августа 2025 в 19:16
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Алгебру и геометрию могут объединить в один предмет в школах Казахстана
12 августа 2025 в 19:00
В Казахстане впервые за долгое время снизилась стоимость новых автомобилей
9 августа 2025 в 10:36
Все уличные туалеты в школах Казахстане снесут до конца года
12 августа 2025 в 18:46
В Казахстане могут ввести новый порог для взыскания долгов по соцплатежам
11 августа 2025 в 16:48
В Астане проходит вторая Конференция рабочей группы по сотрудничеству в области гражданской авиации «Центральная Азия — Китай» (C5+1)
12 августа 2025 в 18:40
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
В рамках поручения Президента по цифровизации в казахстанских школах запустят обучение ИИ
12 августа 2025 в 18:35
Сколько денег можно получить от государства, если переехать на север Казахстана
11 августа 2025 в 15:07
С 1 сентября 2025 года в организациях образования вводится в действие новый Стандарт питания
12 августа 2025 в 18:16
Миллиард тенге мог исчезнуть из-за чиновников: прокурорам удалось вовремя вмешаться
8 августа 2025 в 17:38
Вопросы и ответы по новому Налоговому кодексу
12 августа 2025 в 17:57
Кого освободили от транспортного налога в Казахстане
11 августа 2025 в 14:42
На севере Казахстана запустят новый завод — будут делать корм из люцерны
12 августа 2025 в 17:49
В Павлодаре с августа подорожало электричество
8 августа 2025 в 14:25
Минфин внес изменения в приказы по вопросам госзакупок
12 августа 2025 в 17:32
VIP-номера в Казахстане: сколько стоит «красивый» госномер в 2025 году
11 августа 2025 в 16:02
Зарплаты выросли только на бумаге: реальный доход казахстанцев не изменился
12 августа 2025 в 17:23
Как медь помогает мозгу в старости? Исследователи сделали заявление
9 августа 2025 в 13:49
Более 104 тысяч вакансий разместили работодатели на портале Enbek.kz в июле
12 августа 2025 в 17:13
В Казахстане официально появился 23-й банк — KMF Банк
12 августа 2025 в 13:33
Названы сроки подключения казахстанских школ к интернету
12 августа 2025 в 17:04
Спутниковая связь: Beeline предлагает Starlink кое-что сделать в Казахстане
8 августа 2025 в 11:07