Маэстро – Нұрғиса: «Аққу» күйінің, «Құстар, құстар» әнінің әуезімен қазақтың тарихына ән падишасы болып енген Тілендиевтың туғанына 100 жыл

Ақыреттік мекені ұлы бабасы – Жамбыл тәтесінің қасынан бұйырды. Ән падишасының өмірден өткеніне 27 жылға ауып барады. Сол тілек, сол сағыныш.  

Мәңгілік музасы Дариға апамыз күні кеше мәңгілік махаббатының рухымен табысты…

Осы күндері Нұрғиса Тілендиевтің  100 жылдық  торқалы тойын халқы атап өтіп жатыр.

Ұлы Отан соғысының батыры, КСРО халық әртісі, ұлы композитор, шебер музыкант, сезімтал жетекші және ұстаз Ахмет Жұбановтың өзі алты жасында музыкаға деген талантты байқаған — мұның бәрі  Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев өмірінің бір қыры ғана.

 Ахмет Жұбанов жас музыкант үшін тек тәлімгер ғана емес, сонымен қатар, өмірі бойы сүйіспеншілік пен құрметке бөленген ересек досы да болды.

Тілендиев  көзі тірісінде өзіне лайық бағасын алып кеткен ұлы тұлға.  Әбдіжәміл Нұрпейісовтің сөзімен айтқанда оның талантты екені, тұла бойы толған ән, әуен, саз екенін білу үшін онымен бір рет дидарласып, кездессе де жетіп жатыр.

 Ән падишасының көзін көрген Уалихан Қалижанов кезінде  Н.Тілендиевтің шоғырлы жұлдыз сияқты күйлері туралы да мың бір тол­ғау жазуға болатынын айтыпты, «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен», «Махамбет», «Сүйінбай сазы», «Бестөре», «Аққу», т.б. күйлері қазақ өнеріндегі эпикалық рухты шығармалардың қатарына қосылды. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деген ұлы Абай ақынның осы бір сөздері Нұрғиса Тілендиевке де қатысы бар сыңайлы. Мен Нұрғисаның «Әл­қиссасынан» осындай үйлестік аңғара­мын. Өйткені, «Әлқисса» сөз басы, ол Н.Тілендиев күйлерінің күй басы. Ол композитор жүрегінің аманаты, сыры, мұраты. Ол кіріспесі, кіші сағасы, негізгі тақырыбы, қайырмасы, үлкен сағасы, содан негізгі тақырыпқа қайта оралып қайырмаға түсетін ерекше күй. «Әлқисса» арқылы Н.Тілендиевтің бүкіл шығармасын ойша қайталап, жүрек елегінен өткізіп отырасың. Шертпе күй мен төкпе күй үйлесім тауып, өзіне шақырып отырады. Күйдің ерекшелігі де, құдіреті де осында жатыр» Уалихан Қалижанов.

Қазақ домбырашылары күй өнерін көз арқылы, қол арқылы, қала берді құлақ арқылы берілетінін айтады. Осылардың ішінде күйді құлақпен сіңіретіндердің жөні бөлек. Себебі, көз – көргенінен танбайды, қол – ұстағанынан – айырылмайды. Яғни, күйді көз бен қол арқылы жұғысты еткендер, әдетте, қасаң қайталаушылыққа ұрынады. Ал, құлаққа сіңген күй, сөз жоқ, санаға да сіңеді. Санаға сіңген күй жүректі тербеп, жүрекпен тартылмақ. Нұрғиса болса, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы екенін көзі тірісінде талай рет айтыпты.    

  Нұрғиса Тілендиев туралы көлемді мақала жариялаған «Қазақстан тарихы»  жобасы атақты музыка маманының әскери өмірге де қатысы болғанын жазады. Соғыс басталмай тұрып, Нұрғиса ­Ахмет Жұбановтың ұстаздығымен оқуға қабылданады.

Әйгілі композитордың «әскери қызметті жалғастырсам» деген арманы әртүрлі деректерде айтылып қалады.

16 жастағы Нұрғиса да төлқұжатына екі жас қосып жаздырып, соғысқа аттанып кетеді. Нұрғиса Тілендиев 1943 жылдан 1945 жылға дейін Курск шайқасынан Берлинді алғанға дейінгі жолмен жүріп өтіп, бірнеше рет жараланған.

Кезінде Ұлы Жамбыл «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар» деген екен

Қан майданның оты мен оғынан Нұрғисаны сол қызыл жолбарыс та қорғап-қолдап, ән әлеміне жетелегені анық. Нұрғиса Тілендиевтің замандастары оның ән жазғанда белгілі бір уақытты таңдамайтынын талай рет еске алған.

Сазгер көбінесе үйде жұмыс істейтін. Әуен ойына келгенде дереу рояльге отырып, жаңа әнді дүниеге әкелетін.

Одан кейін Тұманбай Молдағалиевке немесе Қадыр Мырза Әліге хабарласып, әнді естіртіп, өлең жазып берулерін сұрайтын. Нұрғиса Тілендиевтің Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Куә бол» әні айлы түнде дүниеге келген.  Бірде Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғамен Алматы өзенінің жағасымен қыдырып келе жатады. Бір кезде сазгер өзен жағасындағы тастың үстіне шығып, біресе айға, біресе жұлдыздарға қарап: «Куә бол, жұлдыз, Куә бол, айым, Куә бол, Алатауым!» — деп әндете жөнеледі. Кейін сөздерін ақын інісіне жаздыртып алады. Осылайша, «Куә бол»  әні дүниеге келген.

Бір күні Нұрғиса Тілендиевтің шаңырағына қонаққа ақиық ақын Мұқағали Мақатаев келеді. Екеуі әңгіме-дүкен құрып отырғанда Нұрғиса: «Даха, домбырамды берші маған», деп жары Дариғаға домбырасын алғызып, «Аққу» мен «Арман» күйлерін тартып береді.

Осы кезде ақын інісі «Дариға, домбырамды берші маған» атты өлең жазып береді. Артынан сазы да жазылады. 

Бұл кездесуден кейін ақын композитордың үйінде бір ай жатып, екеуі 32 әнді дүниеге әкеледі. Соның ішінде «Саржайлау», «Кел, еркем, Алатауыңа», «Мен сендерді іздеймін», «Сөнбейді, әже, шырағың» және тағы басқа шығармалар бар. Нұрғиса Тілендиев пен Мұқағали Мақатаевтың бірлесе отырып жазған соңғы әні – «Есіңе мені алғайсың».

Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы екенін өнер зертетушілері жиі айтады.  Ол уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын сұнбады, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Жерден қуат алатын Антей сияқты, дәстүрлі күйден нәр алып, жүрегінің үнін күмбірлеген күйге айналдырды.

Қазақтың күйін  оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы әлемдік ән өнерімен интеграциялап, көшпенділер өркениетінің музасын ХХ ғасырға жеткізді.  

Продолжая тему:
#Казахстан #Культура #Тлендиев #Юбилей
Подписано соглашение о покупке Казахстаном электроэнергии у Таджикистана
30 апреля 2025 в 13:57
Триллион тенге не облагаемого налогами оборота мимо бюджета: что не так с мясом в Казахстане
28 апреля 2025 в 11:08
Гвардейцы первыми пришли на помощь при пожаре в Талдыкоргане
30 апреля 2025 в 13:46
Доллар упал до 513 тенге: что это значит для цен и кошельков казахстанцев
28 апреля 2025 в 15:36
НДС станет 16%: депутаты одобрили новую налоговую реформу
30 апреля 2025 в 13:30
Ученые назвали момент, когда смартфон излучает наиболее опасное излучение
28 апреля 2025 в 14:50
Трамп АҚШ-тың автокөлік өндірушілеріне баж салығын қайта қарады
30 апреля 2025 в 13:25
113 ДТП, 42 погибших: власти Казахстана берутся за контроль такси
21 апреля 2025 в 15:13
Мажилис: ОСМС за безработных будут выплачивать из местного бюджета
30 апреля 2025 в 13:12
Франция поможет Казахстану спасти Балхаш: что изменится
29 апреля 2025 в 10:38
Футбольный клуб «Актобе»: выявлены хищения на 250 млн тенге, возбуждено три уголовных дела
30 апреля 2025 в 13:02
Можно ли хрустеть пальцами: врач объяснил, когда это безопасно, а когда — сигнал к тревоге
26 апреля 2025 в 19:09
Үкімет қосылған құн салығына қатысты ұстанымын өзгертті
30 апреля 2025 в 12:36
В Казахстане вводятся абонементы на платные дороги: как это работает
29 апреля 2025 в 16:49
ДГД: Нововведения в заполнении платежных поручений в связи с переходом на формат ISO 20022
30 апреля 2025 в 12:23
С 29 апреля в Казахстане снова похолодает
28 апреля 2025 в 12:15
Чего люди боятся сильнее всего? Ученые провели анализ
30 апреля 2025 в 12:19
Рост цен на золото сменился притоком денег в акции техно гигантов
28 апреля 2025 в 15:28
Казахстан ограничил экспорт бычков и баранчиков
30 апреля 2025 в 12:14
Доходы казахстанцев всё меньше зависят от государства
29 апреля 2025 в 09:52
Вклады растут: Halyk и Forte лидируют по привлечению средств населения
30 апреля 2025 в 11:58
До 18% годовых: в каких банках в апреле выросли ставки по депозитам в тенге
30 апреля 2025 в 11:20
Сауда министрлігі: Қазақстан АҚШ-тан тарифтер бойынша консультацияларларды ДСҰ алаңында қарастыруға дайын
30 апреля 2025 в 11:47
Вход на eGov.kz по-новому. Пошаговая инструкция
13 марта 2022 в 10:17