ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовинстагарам желісінде таралған «Қазақстан әскеріУкраинадағы соғысқа жіберіледі екен» деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасап, «ресейшіл, сатқын, қазақты соғысқа тартып жатыр» деген сынды өзіне тағылған кінә-айыптауларғақатысты жауап берді.

Тасмағамбетов өзіне жала жауып бос айыптағандар барын айтады. Алайда ол бұл сынмен келіспейді
ҚИЫН ІС АДАМДЫ СЫНАЙДЫ
Қадірменді ағайын. Менің өмір жолымды қалыңқазақ біледі ғой деп ойлаймын. Егемен мемлекетболғалы ел игілігіне аз да болса өз үлесімдіқосқандаймын. Әрине, «ауыр жол атыңдысынайды, қиын іс адамды сынайды» деген. Осы жолда талай сый да, сын да болды. Оның ішіндеқадіріңді байыптағандар да, жалған жала жауыпбос айыптағандар да болды. Дегенмен сол жалғанайыптарға көңіл бөлмедім, сотқа жүгініп, кеткенесемді ешкімге артпадым.
Өйткені, атам қазақайтпақшы «ақтың отын ақымақ өшіре алмайды», қашанда әр мәселенің әділдігін адам көрмесе де, Алла көреді деген қағидаға сүйендім.
Десе де өтірігі шындай, шыны құдай ұрғандайболған мынау әлеуметтік желіге сенген кейбірадамдар үндемегенді басқа теуіп, табанынатастауға даяр, жағадан алып, жаныштауға құмарекендігіне көзім әбден жетті. Сондықтан да азды-көп абырой, атымды болымсыз ортаныңсаудасына салмай, барша айып таққыш жаранға бір жауабын берсем деп шештім.
ҰҚШҰ бас хатшысы абыройын түсірмек болғанайып таққыш қауымға өз жауабын берді. Алдымен ол қазақтың иісі аңқыған Атыраудатуып өскенін, қазақтың рухын, мәдениеті мен әдебиетін сіңірген, ана тәлімін алып өскенін ескесалды
Шыңғыс Айтматов айтқан: «Жеті атасына тамыржібермеген адам, жетесіз. Оны білмеген жерденәдепсіз қылық пен арам істен жиіркенбеубасталады» деген екен. Қарапайым да, қатал елдіңфилософияны үлкендердің аузынан көп естіп, шыққан тегін, барар жерін, жақын мен жаттыайыруды біліп өскендердің қатарынанмын. Ал ендібүгін ше? Туған жеріне салмағы жоқ, жел айдағандәнсіз қауыз тәрізді кейбір бақытсыз жандар үшінмен ресейшіл, сатқын екенмін. Сонда қалай?! Келісім сөздің күші емес, зымыранның мысы басыптұрған мына заманда халықаралық әскери ұйымғатуған елімнің атынан барып, қауіпсіздік үшін отқа, мүдде үшін суға түскенім үшін бе? Егер дәл солайболса онда мен заманында «орысшылсың» деп айыпталған ұлы Абайдың сөзімен қайырайын: «Адамнан надан артпас ұққанменен, Тағдыркөрмей қоймайды бұқанменен» дейді. Яғни, жүрегің азаптан жарылайын деп тұрса да қадіріңдібілмегеннің алдында еңсеңді түсірме деген. Сондықтан түсінгендерді бағалап, түсінбегендердісаралап өтетін өмір бұл.
Тасмағамбетов Ресей-Украина арасындағысоғысқа да тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір адамзат әлемі бұрын-соңды болмағансоғыс қаупінен арылмай тұр. Бұл соғыстажеңімпаз болмайтынын және бәрі де жеңіледідеп баға берді.
«Бұл соғыста жеңімпаз болмайды. Екіншіден, мен қолыма қару алып оқ атпасам да жауынгершілікзаманның зардабын, соғыс атаулының зар заңынжақсы білетін, жастайымнан жаным сезетінжандардың бірімін. Өйткені әкемнің екі ағасы ұлыотан соғысында қаза болған. Қазір адамзат әлемібұрын-соңды болмаған соғыс қаупінен арылмайтұр. Бұл соғыста жеңімпаз болмайды, бәрі де жеңіледі. Мұндай жағдайда біреудің сойылын соғунағыз соқырлық, ал өз ұлтына соғыс тілеуқаныпезерлік болар еді.Осы орайда атамның бір әңгімесі еске түседі. Өткен ғасырлар болса керек. Барымта жасаған қазақтың бес-алты жігітінжергілікті отарлық сот үкім шығарып, итжеккенгеайдағалы жатыр екен. Сонда сол елдің ағасы болғанбір ақсақалдың көзінен парша-парша жас ағып, жылап тұр екен. Жанындағылар: «Уа, ақсақал, неге жылайсыз? Ұры жазасын алды, әділ емес пе» деген екен. Сонда ақсақал: «Еее, мен бұл бейбақтардыңбасы үшін емес, әрқайсының белінде он-оннанкеткен бала үшін жылап тұрмын» деген екен» дейді ол үндеуінде.
Ал ақылды сақтайтын мінез деген сауыты бар, сол мінез бұзылмасын
Осыдан кейін өз қазағын соғысқа тартып жатыр деген қасаң әңгімеге қалай шыдайсың?! Білем, тұтас ойдан оймақтай сөзді жұлып алып, жаранғажар салатындар болған, бола да бермек.
Өз тарапымнан халқыма айтарым, ағайын, не нәрсегеде ақылмен қарайық. Ал ақылды сақтайтын мінездеген сауыты бар, сол мінез бұзылмасын.
Әрине, әлеуметтік желіде отырып мән-жайдыанықтамастан жалған ақпарат тарату өте оңай. Қиыны – ар алдындағы жауап. Әбіш Кекілбаевағамыз айтпақшы: “Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені ол өткінші бақыттың, өткінші қайғыныңырқына мойынсұнбайды. Сондықтан да оныңтағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкініштіболуы мүмкін емес. Менің де өмірімдегі ел-жұртым сеніп, мойныма артқан қай қызмет, қандайжұмыс болсын ұялатын жерім жоқ. Мен үшінхалқымыздың мүддесінен биік ешнәрсе болғанемес. Бүгін де елден жырақ жүрсем де туған елдіңәрбір жетістігі мен жемісі мәнді, сағынышы тәтті. Әрине, мен үшін еліміздің сенімінен шығужолында мемлекетіміздің мүддесін сыртта сақтап, жүргізудің маңызы өте зор. Оған қоса мұндаймәртебелі міндеттің үдесінен шығуда халқымыздыңрухани қолдауы қашанда қымбат.
Сөз соңында ардақты ағайын, ораза айт құттыболсын! Ұстаған оразаларыңыз, ізгі тілектеріңізқабыл болсын! Еліміз аман болсын!
МӘСЕЛЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ бас хатшысыИманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымынаберген сұхбатында Еуропа әскерінің Украинаға кіруықтималдығына байланысты сұраққа жауап берген.
Осы сұхбаттан кейін әлеуметтік желілерде«Қазақстан әскері Украинадағы соғысқа жіберіледіекен» деген қауесет кең тарап, қоғамдық резонанс туғызған.
Иманғали Тасмағамбетов 2022 жылғы 23 қарашадан бері Ұжымдық қауіпсіздік шартыұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметінатқарып келеді