Қайырымдылық қорлары «Солнышко» орталығына асүй жабдықтарын сыйлады

Қасиетті Рамазан айында AYALA қоры мен Herbalife отбасылық қоры күш біріктіріп, «Солнышко» орталығының тәрбиеленушілеріне отбасы, ошақ қасының жылулығын сезіндіру үшін асүй жабдықтарын тарту етті.

Алматы облысына қарасты Өтеген батыр ауылында тумай жатып жақындарын жоғалтқан, сатқындық пен жоқшылық көрген тағдырлы балаларды тоғыстырған «Солнышко» атты орталық бар. Олардың кейбірі орталыққа есімсіз, құжатсыз, тіпті туған күні көрсетілмей келген. Дәтке – қуат, дейтініміз, қазір осы жерде тұрақты мекен тапқан 60 баланың құжаттары түгел, тамақтары тоқ, ең бастысы ресми қағаздардан әлдеқайда маңызды – оларды жалғызсыратпайтын жылы орта бар. Орталықтың қызметкерлері жасөспірімдерге күн сайын жақсы адамдардың бар екеніне сенуді үйретуге ұмтылып жатады. 

Дегенмен, тағдырлас кішкентай адамдарға бір жетпейтіні – отбасының жылулығы, өз үйлеріндегідей асханадан шыққан қолдың дәмі болса, осы жоқтың орнын толтыру үшін әлеуметтік жауапкершілік аясында Herbalife отбасылық қоры мен AYALA қоры «Солнышко» орталығының тәрбиеленушілеріне жаңа асүй жабдықтарын тарту етті.

Дәмі тіл үйірген, денсаулыққа пайдалы ас әзірленетін жерде қашан да жылулық пен қамқорлық табылса, өз үйлеріндегідей жайлы бұрыш балаларға жанға жайлы мейірім сыйлай алады. 

«Біз орталықтағы балаларды қажетті дүниелермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, қамқорлық пен сенім ахуалын қалыптастыруға тырысамыз. Кәдуілгі отбасыларда махаббат асүйден бұрқыраған иіс, бауырлар арасындағы жылулық арқылы беріледі. Асүй жабдықтарының арқасында өз тәрбиеленушілерімізге жылдам, жайлы, ең бастысы, сапалы да  алуан түрлі тағамдарды ұсына аламыз», – дейді «Солнышко» орталығының директоры Денис Лочуков. 

Сонымен Herbalife отбасылық қоры берген қаражатқа AYALA қоры ыдыс жуу машинасын, пеш, таба, екі тоңазытқыш шкаф, планетарлық миксер, фритюрница, блендер, мәнті пісіргіш, гастросыйымдылықтар мен құймақ табалар сатып алды. Әрі мұндай заманауи асүй жабдықтарының балаларға көбірек көңіл бөлуге, өздеріне ұнайтын тағамдарды жиі әзірлеуге де  көмегі бар.

«CASA Herbalife бағдарламасы – өмір сынағына тап болған балалардың дұрыс тамақтануын қарастыратын басты қайырымдылық бастамаларымыздың бірі. Бағдарламаның ерекшелігі – Тәуелсіз Серіктестеріміз оны қаржылық тұрғыдан ғана емес, волонтерлық жобаларға тікелей араласу арқылы белсенді түрде қолдайды. Олар игі істердің нағыз жолсеріктеріне айналып, бүкіл әлем бойынша балалардың сапалы тамақтануына септесіп, мейірімге мұқтаж әрбір балаға қамқорлық танытуға да көмектеседі», – дейді Қазақстан мен Қырғызстан бойынша бизнесті дамыту жетекшісі Игорь Гончаров.  «Егер осы алаңдардың ең болмағанда біреуі бір баланың тағдырын жақсы жағына өзгертсе, онда біздің әрекетіміздің бекер болмағаны», – дейді AYALA қорының негізін қалаушы әрі президенті Айдан Сүлейменова.

Продолжая тему:
#Благотворительность #БФ AYALA #Казахстан #Помощь #Солнышко
В рамках поручения Президента по цифровизации в казахстанских школах запустят обучение ИИ
12 августа 2025 в 18:35
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
С 1 сентября 2025 года в организациях образования вводится в действие новый Стандарт питания
12 августа 2025 в 18:16
В Казахстане впервые за долгое время снизилась стоимость новых автомобилей
9 августа 2025 в 10:36
Вопросы и ответы по новому Налоговому кодексу
12 августа 2025 в 17:57
В Казахстане могут ввести новый порог для взыскания долгов по соцплатежам
11 августа 2025 в 16:48
На севере Казахстана запустят новый завод — будут делать корм из люцерны
12 августа 2025 в 17:49
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Минфин внес изменения в приказы по вопросам госзакупок
12 августа 2025 в 17:32
Миллиард тенге мог исчезнуть из-за чиновников: прокурорам удалось вовремя вмешаться
8 августа 2025 в 17:38
Зарплаты выросли только на бумаге: реальный доход казахстанцев не изменился
12 августа 2025 в 17:23
Сколько денег можно получить от государства, если переехать на север Казахстана
11 августа 2025 в 15:07
Более 104 тысяч вакансий разместили работодатели на портале Enbek.kz в июле
12 августа 2025 в 17:13
Кого освободили от транспортного налога в Казахстане
11 августа 2025 в 14:42
Названы сроки подключения казахстанских школ к интернету
12 августа 2025 в 17:04
В Павлодаре с августа подорожало электричество
8 августа 2025 в 14:25
В Мангистау водолаз очистил дно Каспия от мусора
12 августа 2025 в 16:58
VIP-номера в Казахстане: сколько стоит «красивый» госномер в 2025 году
11 августа 2025 в 16:02
Правительство уделяет особое внимание укреплению партнерства между колледжами и работодателями
12 августа 2025 в 16:49
Как медь помогает мозгу в старости? Исследователи сделали заявление
9 августа 2025 в 13:49
Более 7 млрд тенге сэкономлено в Казахстане внедрением ваучерного финансирования детских садов
12 августа 2025 в 16:38
Home Credit Bank изменил условия рассрочки
8 августа 2025 в 12:57
В Академии Национальной гвардии стартовал сбор офицеров-воспитателей
12 августа 2025 в 16:30
Спутниковая связь: Beeline предлагает Starlink кое-что сделать в Казахстане
8 августа 2025 в 11:07