Қасиетті Рамазан айында AYALA қоры мен Herbalife отбасылық қоры күш біріктіріп, «Солнышко» орталығының тәрбиеленушілеріне отбасы, ошақ қасының жылулығын сезіндіру үшін асүй жабдықтарын тарту етті.

Алматы облысына қарасты Өтеген батыр ауылында тумай жатып жақындарын жоғалтқан, сатқындық пен жоқшылық көрген тағдырлы балаларды тоғыстырған «Солнышко» атты орталық бар. Олардың кейбірі орталыққа есімсіз, құжатсыз, тіпті туған күні көрсетілмей келген. Дәтке – қуат, дейтініміз, қазір осы жерде тұрақты мекен тапқан 60 баланың құжаттары түгел, тамақтары тоқ, ең бастысы ресми қағаздардан әлдеқайда маңызды – оларды жалғызсыратпайтын жылы орта бар. Орталықтың қызметкерлері жасөспірімдерге күн сайын жақсы адамдардың бар екеніне сенуді үйретуге ұмтылып жатады.
Дегенмен, тағдырлас кішкентай адамдарға бір жетпейтіні – отбасының жылулығы, өз үйлеріндегідей асханадан шыққан қолдың дәмі болса, осы жоқтың орнын толтыру үшін әлеуметтік жауапкершілік аясында Herbalife отбасылық қоры мен AYALA қоры «Солнышко» орталығының тәрбиеленушілеріне жаңа асүй жабдықтарын тарту етті.
Дәмі тіл үйірген, денсаулыққа пайдалы ас әзірленетін жерде қашан да жылулық пен қамқорлық табылса, өз үйлеріндегідей жайлы бұрыш балаларға жанға жайлы мейірім сыйлай алады.
«Біз орталықтағы балаларды қажетті дүниелермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, қамқорлық пен сенім ахуалын қалыптастыруға тырысамыз. Кәдуілгі отбасыларда махаббат асүйден бұрқыраған иіс, бауырлар арасындағы жылулық арқылы беріледі. Асүй жабдықтарының арқасында өз тәрбиеленушілерімізге жылдам, жайлы, ең бастысы, сапалы да алуан түрлі тағамдарды ұсына аламыз», – дейді «Солнышко» орталығының директоры Денис Лочуков.
Сонымен Herbalife отбасылық қоры берген қаражатқа AYALA қоры ыдыс жуу машинасын, пеш, таба, екі тоңазытқыш шкаф, планетарлық миксер, фритюрница, блендер, мәнті пісіргіш, гастросыйымдылықтар мен құймақ табалар сатып алды. Әрі мұндай заманауи асүй жабдықтарының балаларға көбірек көңіл бөлуге, өздеріне ұнайтын тағамдарды жиі әзірлеуге де көмегі бар.
«CASA Herbalife бағдарламасы – өмір сынағына тап болған балалардың дұрыс тамақтануын қарастыратын басты қайырымдылық бастамаларымыздың бірі. Бағдарламаның ерекшелігі – Тәуелсіз Серіктестеріміз оны қаржылық тұрғыдан ғана емес, волонтерлық жобаларға тікелей араласу арқылы белсенді түрде қолдайды. Олар игі істердің нағыз жолсеріктеріне айналып, бүкіл әлем бойынша балалардың сапалы тамақтануына септесіп, мейірімге мұқтаж әрбір балаға қамқорлық танытуға да көмектеседі», – дейді Қазақстан мен Қырғызстан бойынша бизнесті дамыту жетекшісі Игорь Гончаров. «Егер осы алаңдардың ең болмағанда біреуі бір баланың тағдырын жақсы жағына өзгертсе, онда біздің әрекетіміздің бекер болмағаны», – дейді AYALA қорының негізін қалаушы әрі президенті Айдан Сүлейменова.