Ұлттық инвесторларды қалыптастыратын кез келді

Тоқсаныншы жылдары кезінде бірнеше қара малдың құнына баға­лан­ған нысандар уақыт өте бірнеше есе бағаға мемлекетке қайта сатылды.

Бұл жағдай өткен жылы тағы қайталанды.Өткен жылы еліміздің біраз аймақтарындағы жылу электр стансиялары істен шығуы алдыңғы толқындағы жекешелендіру науқаны кезіндегі жіберіп алған кемшіліктерімізді көз алдымызға жайып салды.

Біз мұны не үшін еске алып отырмыз?

Өйткені жекешелендірудің жекелелендірдің кезекті тоқсаны басталғалы тұр. Өткен аптада ғана бұл жолы қандай нысандардың саудаға салынатынын сараптап жазғанбыз. 

Кезекті толқын бізге тағы да жауапкершілік жүктейін деп тұр. Халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін нысандардағы мемлекеттің үлесі туралы мәселе тағы да алдымыздан шықты. Кейбір сарапшылар  бұл нысандарда мемлекет үлестен бірден емес, кезең-кезеңімен шығуы керектігін айтып жатыр.

Ұлттық экономика министрлігі «2021–2025 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесін» жариялап,  өңір басшылары әкімдікке қарасты кәсіпорын-компанияны өзі қалаған кәсіпкерге беріп, онымен МЖӘ келісіміне отыра алатынын айтты. 

«Жергілікті атқарушы органдар: біріншіден, көрсетілген нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында өткізе алады. Екіншіден, қажет болған жағдайда осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен тарата алады», — делінген «Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің жаңа қаулысы жобасында.

2021–2025 жылдары 137 республикалық меншік жекешелендіру тізіміне ілініп отыр. Болашақта тізбесі кеңеюі ықтимал. Ірі ұлттық компаниялар бұл қатарға кірмеген, олар ірі инвесторлармен әріптестікте не ІРО-ға шығу жолымен жекешелендірілмек.

Сарапшылар бағдарлама  жүзеге асырылған 4 жыл ішінде 503 нысан сатылғанын,  мемлекеттің экономикадағы үлесі 16,2%-ға дейін төмендегенін айтып отыр. 503 нысанды өткізуден мемлекетке 534,1 миллиард теңге табыс түскенін  Қаржы министрлігі хабарлады.

Алайда халықта үміттен гөрі кү­дік басым. Әсіресе, әлеуметтік ма­­ңызы бар мекемелерді жекеменшік­ке беру олардан біржола қол үзгенмен тең деген ойда тұрғындар.

«Енді сол нау­қанды қайта жүргізуге не себеп бол­ды?», — деген сауалға Үкіметтің жекеменшікті бәсекеге тарту қабылданып жатқанын алға тартады, жекеше­лен­діруді заңдастыратын келісімдердің жұртқа ашық жарияланау керек екенін сарапшылар жиі айтады.  

Жекешелендіру нәтижесінде жоспарланғаннан көп қаржы алынды деген пікір бар. Бірақ саты­ла­тын нысандарды кім бағалайды деген сауал әлі күнге дейін жұмбақ.  

Сарапшы Мағбат Спановтың айтуынша төртінші толқынның алдыңғыларына қа­рағанда қалталы, нарықтың беталысын аңгарып, табыстың дәмін біліп қалған толқын. Оның айтуынша, әлеуметтік-стра­те­гиялық нысандарды жеке меншікке сатқан кезде біраз жайттарды қайта қараған дұрыс.

«Бізге ұлттық инвесторларды  қалыптастыратын кез келді. Қазіргі бизнесті 1990 жылдардағы бизнеспен салыстыруға болмайды», — дейді  Мағбат Спанов.

Ал келесі сарапшы Замир Қаражанов та бұл пікірді қолдайды. Күлшелі кәсіпорындарға қызығатын топ жетеді. Қазір сирек кездесетін пайдалы кен орындарының картасы жасалып, жекеге берілуге дайындалып жатыр. Бірақ олардың қандай шартпен берілетіні әзірге құпия. Мемлекет оны ашық айтқан жоқ. Ал халық олардың жабық есік жағдайында сатылып кеткенін қаламайды. Комиссия құрамы тек үкіметтің экономикалық блогынан емес, тәуелсіз сарапшылардан да тұруы керек деген пікір әр жерде айтылып қалады.

З. Қаражанов айтып өткендей, бізге ауыл шаруашылығына инвесторлар іздейтін кез келді. Бос жатқан жерлер мемлекет иелегіне қайтып жатыр. Мемлекет нарықтың мәртебесін анықтап алу керек. Олардың иесі кім болса да мемлекеттік саясаттың шеңберінен шығарып алуға болмайды.  

З. Қаражановтың айтуынша, жекешелендірудің өткен кезеңінде сатылады деген бірнеше нысан сатылмай қалды. Мысалы, «Қазақфильм» киностудия­сының өзі 2016 жылдың аяғына дейін жекешеленіп кетуі тиіс еді. Өткен жылдары да осы мәселе қайта көтеріліп , қайта басылды.  Демек,үкіметте бұл бағытта нақтылап алатын мәселелер баршылық. 

Продолжая тему:
#Деньги #Инвесторы #Казахстан #Приватизация
Причину сибирской язвы озвучил главный санврач Акмолинской области
8 августа 2025 в 21:53
Стоимость на газ пересмотрели по всей стране
5 августа 2025 в 10:49
Граждане Казахстана успешно эвакуированы из сектора Газа
8 августа 2025 в 21:33
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Восточный Казахстан — в числе лидеров по темпам строительства в стране
8 августа 2025 в 21:15
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Льготы, вычеты и новые правила: что готовит бизнесу новый Налоговый кодекс
8 августа 2025 в 21:02
БЦК просчитался и «кинул» казахстанцев? Ставка по Jana ипотеке выросла до 8%
4 августа 2025 в 14:29
Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова
8 августа 2025 в 20:37
Kaspi.kz продолжает зарабатывать миллиарды: три платформы обеспечили рост
4 августа 2025 в 17:28
АЭС: Отынға тәуелді емеспіз…
8 августа 2025 в 20:19
Казахстанцы всё чаще изымают пенсионные накопления
5 августа 2025 в 16:07
Политика заимствований Банка развития Казахстана стала более прозрачной и управляемой
8 августа 2025 в 20:11
Новый маркетплейс откроется в Казахстане. В правительстве сделали заявление
5 августа 2025 в 11:14
Глава государства принял председателя Ассоциации инвесторов Казахстана Болата Акчулакова
8 августа 2025 в 19:54
Слепые снова увидят? Ученые нашли способ восстановить зрение с помощью улиток
7 августа 2025 в 12:37
В ВКО руководитель районного отдела привлечён к административной ответственности
8 августа 2025 в 19:36
Скорость 200 Мбит/с. Новый интернет протестировали в Казахстане
5 августа 2025 в 15:24
Несладкий чай оказался полезнее, чем думали — почему?
8 августа 2025 в 19:21
В Казахстане упростят процесс выпуска ЭЦП — теперь не нужно идти в ЦОН
6 августа 2025 в 14:55
Капитальный ремонт 233 многоквартирных жилых домов провели за год в Казахстане
8 августа 2025 в 19:17
Процесс развода в Казахстане упростят
8 августа 2025 в 09:51
Поддержка семей с низким уровнем дохода: больше 77 тыс. арендных квартир за шесть лет
8 августа 2025 в 19:00
Концерт Дженнифер Лопес в Алматы: акимат сделал заявление
7 августа 2025 в 16:29