Доллар арзандаған сайын арзан баға іздеп нарыққа көз сүзу қалыпты жағдайға айналды. Бірақ қымбат доллар бағаны қымбаттатқанмен, құнды теңгеге бағаға әсер ете алмайтынын байқап жүрміз.

Халықты алаңдатқан, жауап күткен сауалдардың бірі осы: 1 доллар үшін 530 теңгеге дейін өсіп, қайтып 500 теңгеден төмен дәлізге түскен теңгенің нарықтағы бағаға әсері аз болып тұр. Сарапшылардың айтуынша, бұған біздің нарықтың қалыптаспаған нарық екені себеп болып тұр. Нарықтың ғана емес, экономиканың да теңгеге әсер ететін тетіктері де, теңгені қосымша қуаттандыратын экономикалық ресурстар әлсіз. Сарапшылар мұндай жағдай ішкі нарық дамымаған елдерде көп кездесетінін айтады.
Сарапшы Арман Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі жағдай осыдан 5-6 жылғы бұрынғы жағдаймен салыстырғанда жақсарып қалғанын айтады. Бағаның құбылмалығы да қалыпты жағдай. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мониторингіндегі деректер бірқатар сегменттерде бағаның кері қайтқаны байқалады. Бірақ бағаның доллар бағамының өсуіне реакциясы жақсы дамыған, бірақ теңгенің күш алуына келгенде әсер ету тетігі өте әлсіз болып тұр.
Оның айтуынша, Ұлттық банк айналымдағы қаржының нарықтың әлеуетіне сай келуі үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Ақша көбейіп кеткен кезде ақшаны жиып алады, үйлесімділік бұзылған сәтте интервенция жолымен теңестіреді. Инфляция төмендесе баға арзандайды деп сеніп қалудың қажеті жоқ жоқ екенін айтқан сарапшы біздің нарық үшін ІЖӨ деңгейі кем дегенде 6-7 пайызға жеткенде ғана баға жасанды емес, нарық жолымен қалыптасады. Инфляция төмендесе баға арзандайды деп сеніп қалудың қажеті жоқ. Дамушы экономика ретінде шағын экономика үшін өсу қарқыны кем дегенде 6-7% -дан асуы тиіс. Бізге өсім керек. Сол кезде ғана сыртқы факторға тәуелділігіміз төмендейді.
«Сыртқы контурда баға өсіп жатыр. Ауыл шаруашылығында өткен жылдардағы су тасқынына байланысты шешілмеген проблема бар. Онымен әзірге не істеу керектігі әзірге айтылған жоқ», — дейді Арман Бейсембаев деіңгэкономика ретінде шағын экономика үшін өсу қарқыны кем дегенде 6-7% -дан асуы тиіс.
Яғни, біз тез өсуіміз керек. Біз әлемдік экономикаға кірігіп, оған тәуелдіміз.
«Сыртқы контурда баға өсіп жатыр. Ауыл шаруашылығында өткен жылдардағы су тасқынына байланысты шешілмеген проблема бар. Онымен әзірге не істеу керектігі әзірге айтылған жоқ», — дейді Арман Бейсембаев.
Нарықта бағаға әсер ететін ірі ойыншылардың аз екені де дамуға кері әсер етіп жатыр. Сатушылар тауардың бір бөлігін шетел валютасымен сатып алғандықтан, доллар қымбататан сәтте -ақ бағаны алдын ала көтере бастады. Қымбат доллар ел бюджетіне тиімді болғанымен теңге құнсызданса мемлекет баланс сақтауға ұмтылуы керек. Тауардың 100 пайызын шетел валютасымен сатып алғандықтан алып-сату кезіндегі айырманы, жол шығыны, кеден шығынын бағадан шығарып алғандықтан, доллардың теңгеге аударылған нақты төлем арасындағы айырмашылықтан қосымша шығындарға әкеп соқтырады.
«Мұның бәрі кейде мемлекеттің араласуымен шешіліп жатады. Бұл дұрыс емес, Бірақ үкімет сондай шешім қабылдауға мәжбүр», — дейді Арман Бейсембаев.
Ұлттық банктің есебі бойынша USD/KZT бағамының 10% тұтыну бағасының индексінен тұрады. Келесі үш айда 0,81 пайыздық тармақты құрайды. Демек мұндай ықпал 1 жыл көлемінде сақталуы мүмкін.
«Инфляция дәлізі 7,5-8,5% диапазонында болады деген болжам бар. Басты проинфляциялық фактор мемлекеттік бюджет тапшылығы. Инфляция деңгейі айтарлықтай дәрежеде үкіметтің мемлекеттік шығыстарды қаншалықты тез және тиімді тұрақтандыратынына, басқаша айтқанда үкіметтің қажетті шешімдерді уақытында қабылдауына байланысты болмақ. Дәл қазіргі жағдайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендете алмайды. Биылғы жарты жылдықта бағаның өсуі салыстырмалы түрде болса да қалыпты болады. Алғашқы жарты жылдықта баға өспейді, бірақ кері кетпейді. Экономикалық белсенділік базалық мөлшерлемеге байланысты. Бұл проблеманың алдын алу үшін біздің үкімет батыстық серіктестермен бірлесе отырып одан құтылуға мүмкіндік беретін тәсілдерді табуы тиіс», — деп есептейді Арман Бейсембаев.
Сарапшылар қымбатшылықты долларға тели беру Үкімет пен Ұлттық банктің экономика мен халық алдындағы жауапкершілігін жеңілдететінін жиі айтады. Қымбат доллар қателігімізді жапқанмен, арзандаған кезде кемшілігіміздің көрініп қалатынын көріп жүрміз.
Отандық кәсіпорындар шығарған тауарлар шетелдік тауарлармен сапа жағынан таласа алса бағасы жағынан таласа алмайды. Себебі отандық өнім деп қабылдаған өнім құрамының кемі 80 пайызы импорт екенін отандық тұрмыстық химия өнімдерін дайындайтын цех басшылары талай рет айтқан. Өткен жылы үкімет қабырғасында отандық тауарлар шығару үшін шикізат тапшылығы бар екені айтылды. Нарықтағы баға саясаты тек отандық өнімдерге ғана емес. Соған қажетті шикізат өнімдерін өзімізде дайындау жағына да тәуелді. Сол кезде ғана теңге екі аяғынан тік тұрып, бағаға иелік ететін болады.