2024 жыл донор аймақтардың әлеуетіне үлкен сын болды. Бюджеттің доноры болып іріктеліп шыққан төрт өңірдің өткен жылдан енгітігіп шыққанынбәріміз көрдік, былтырғы дағдарыстан «ентігіп» шықты.

Бірақ соған қарамастан, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының, Атырау және Маңғыстау облыстарының ел бюджетіндегі үлесі 451 млрд теңгеден асты. Сарапшылардың айтуынша, донор аймақтардың не үшін әлсірегенін дер кезінде анықтап алу керек. Кеш қимылдасақ өзін өзі қамти алмайтын, тек дотациямен өмір сүретін аймақтардың қатыарына қосылады. Сондықтан мәселені дереу қолға алып, нақты шешімдер қабылдау қажет..Елдiң өңiрлiк дамуы бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, салықтық кiрiстердi өңiрлiк бюджеттерге беру, аудандық және кенттiк бюджеттерге мәртебе бере отырып, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қолдау, төмен тұрған бюджеттерге трансферттер мөлшерiн ұлғайту жөнiндегi күш-жiгерiне қарамастан бiркелкi емес болып отырғанын мойындау қажет.Еліміздің өңірлік дамуы мемлекеттік құрылымның біртұтас нысанымен, әкімшілік-аумақтық ұйыммен, облыстардың экономикалық мамандануымен және қалыптасқан бюджетаралық қатынастармен айқындалады.
AERC консалтингтік қызметтер департаментінің аға талдаушысы Ерасыл Серікбай Қазақстанның өңірлері арасындағы алшақтық 10-20 жылға жетуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, негізгі экономикалық және әлеуметтік орталықтар негізінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, бірқатар өңірлер кірістер мен инвестициялардың төмен деңгейімен, инфрақұрылымның қартаюымен, халықтың көші-қон ағынымен, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру сапасымен байланысты проблемаларға тап болады.
Сонымен қатар, 2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өңіраралық айырмашылықтарды талдауға сәйкес жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең көп көлемі:
- Атырау облысында — 13,96 млн теңге,
- Алматыда — 7,3 млн теңге,
- Астанада — 6,3 млн теңге,
- Ұлытау облысында — 6,1 млн теңге болып тіркелді.
Ең аз дамыған өңірлер анағұрлым қарапайым көрсеткіштерді көрсетеді:
- 1,5 млн теңге — Түркістан облысы,
- 1,8 млн теңге — Жамбыл облысы,
- 2 млн теңге — Жетісу облысы.
«Өңірлер бойынша жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орташа мәні шамамен 4,2 млн теңгені құрайды. Бұл ретте ең төмен дамыған өңірлердің осы деңгейден артта қалуы үш еселенген мәнге жетеді, ал Атырау облысымен айырмашылық — 9,3 есе», — деп түсіндірді сарапшы.
Сондай-ақ, Е.Серікбай халықтың табысы деңгейінде едәуір сәйкессіздіктерді бөліп көрсетеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылы 402,6 мың теңгені құрады.
Ең жоғары деңгей Атырау облысында — 620,4 мың теңге, Жетісу облысында бұл көрсеткіш 291,1 мың теңгені құрайды. Айырмашылық екі еседен артық.
Бұдан басқа, өңірлер көліктік қолжетімділікті (авто- және теміржол), цифрлық байланыстылықты және инженерлік желілерді қоса алғанда, қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі бойынша мегаполистерден едәуір төмен. Бұл, сарапшының пікірінше, экономикалық теңсіздікті күшейтеді және анағұрлым дамыған орталықтарға көші-қонды одан әрі күшейтуге ықпал етеді.
«Дамыған және артта қалған өңірлер арасындағы уақытша алшақтық қарастырылып отырған параметрлерге байланысты 10 жылдан 20 жылға дейін болуы мүмкін. Бұл сәйкессіздіктерді қысқартудың шынайылығы мемлекеттік саясаттың кешенділігі мен дәйектілігіне байланысты», — деді Е. Серікбай.