Жыл басында БЖЗҚ салымының не себепті азайғаны белгілі болды

2025 жылдың қаңтар айында зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі азайды. Бұл жағдай инвестициялық кірістің төмендеуі және бюджет қаражаты есебінен төлемдердің жүргізілуімен байланысты.

2025 жылдың басымен салыстырғанда 2025 жылғы 01 ақпанда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2 709 бірлікке көбейіп, 11 143 824 болды, ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 2 282 бірлікке көбейіп (0,5%), 441 494 болды, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша – 3 330 бірлікке көбейіп (0,5%), 717 408 болды.

Салымшылар саны артқанымен, жинақ көлемі төмендеді

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарын жасаған салымшылар саны 2 709 адамға көбейіп, 11 143 824 адамды құраған.
Ал ерікті зейнетақы жарналарын төлеушілер саны 441 494-ке жетті (+2 282 адам). Сонымен қатар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны 717 408-ге дейін өсті (+3 330 адам).

Алайда бұл оң көрсеткіштерге қарамастан, жалпы зейнетақы жинағының көлемі азайды. 2025 жылдың басынан бері жинақталған қаражат 186,4 млрд теңгеге (-0,8%) кеміп, 22,35 трлн теңгені құрады. Бұл ретте инвестициялық табыс теріс көрсеткішке ие болып, 284,8 млрд теңгеге төмендеді.

ЖІӨ 2025 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша – 135 251,6 млрд. теңге.
Зейнетақы жинақтарының ЖІӨ-ге қатынасы – 16,7 %.

Зейнетақы активтерінің құрылымы

2025 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 2025 жылдың басынан -189,5 млрд. теңгеге немесе -0,8%-ға азайып, 22 366 млрд. теңге болды.
2024 жылғы 01 ақпан – 2025 жылғы 01 ақпан аралығындағы кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық ұлғаюы 354,4 млрд. теңге болды.
Инвестициялық портфелінің негізгі үлесіне бұрынғыша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасының эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары ие (инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен, тиісінше 41,5% және 14,9%).
Инвестициялық портфельді басқарушыларда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтарының мөлшері 2025 жылғы 01 ақпандағы жағдай бойынша 63,7 млрд. теңгені құрады.

Зейнетақы төлемдері мен тұрғын үй бағдарламасы

Зейнетақы жинағынан тұрғын үй жағдайын жақсарту және медициналық мақсаттарға бөлінген қаражат көлемі артты:
Тұрғын үй алу мақсатында – 47,6 млрд теңге бөлінді.
Емделуге – 29,4 млрд теңге жұмсалды.
Осы факторлар да жалпы жинақтың төмендеуіне әсер етті.

Зейнетақы активтерінің құрылымы   

2025 жылғы 1 ақпанда зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 22 366 млрд теңгені құрады. Бұл жыл басынан бері 189,5 млрд теңгеге немесе 0,8%-ға төмендегенін көрсетеді. Инвестициялық портфельдегі негізгі үлес:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,5%.
Қазақстандық корпоративтік бағалы қағаздар – 14,9%.
Сондай-ақ зейнетақы активтерінің экономикадағы рөлі де өзгеріссіз қалды.
ЖІӨ көлемі 135 251,6 млрд теңгені құрап, зейнетақы жинақтарының жалпы ішкі өнімге қатынасы 16,7% деңгейінде сақталды. 

Қазақстандық сарапшылар осы ақпараттың барлығына талдау жасап, Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің баламалылығын арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды әзірледі.

1. Көп деңгейлi үлгiдегi зейнетақы жүйесiнiң жұмысында мемлекеттiң ықпал ету үлесiн ұлғайту. Бұл ерекше мәнге ие, өйткені қазір 98 жылға дейінгі жұмыс өтілі азайып бара жатқан зейнеткерлікке шығатын ел тұрғындары көбейіп келеді. Демек, зейнетақының ортақ бөлігінің үлесі де азаяды. Жасына байланысты мемлекеттік төлемдер жұмыс істейтін адамдардың жалақысы аясында құнсызданбауы үшін ең төменгі жалақыны зейнеткерлерге арналған жәрдемақыларды болжау және есептеу параметрі ретінде пайдалану ұсынылады. Бұл тәсіл қазірдің өзінде түрлі елдерде енгізілген және белгіленіп отырған үрдістерге сүйене отырып, ол өзін барлық тараптар үшін тиімді ретінде көрсетті. Алдын ала бағалау бойынша ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне сүйене отырып, жәрдемақыларды есептеуге қарағанда неғұрлым барабар шешім болады.

2. ҚР әлеуметтік бағдарланған ел болып саналатындықтан, жыл сайын зейнетақының мемлекеттік бөлігіне бюджеттен жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 3% бөліп отыру қажет. Мұндай практика жинақтаушы үлгiдегi зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi бар кейбiр елдерде (, Мексика, Австралия) қолданылуда. Осының арқасында зейнетақының мемлекеттік бөлігінің мөлшері ЖІӨ көрсеткішімен бірге ұлғаяды, ал мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме теңгерімі әрқашан бір деңгейде сақталатын болады.

3. ЖҚ-дан өмір бойы төленетін төлемдердің кепілдіктері және салымшылардың шоттарындағы жинақ сомасын ұлғайту үшін жәрдемақылардағы жинақтау компонентін одан әрі арттыру; халықтың зейнетақы жүйесіне қатысу үлесін кеңейту, ел тұрғындарын тұрақты жарналар жасауға ынталандыру; және салымшыға тиесілі активтерді басқаруды оңтайландыру

Сондай-ақ, сарапшылар инвестициялық басқарудан түсетін кірістілікті арттыруға бағытталған бірқатар басқа да шараларды ұсынды:

1. активтер бойынша ықтимал инвестициялық кірістерді болжау және айқындау (дағдарыс кезеңдерінде ПҚ қызметін есепке алмағанда);
2. салымшының портфеліндегі валюта үлесінің біртіндеп өсуі (халықаралық практика мысалдарында дәлелденгендей);
3. кірістілікті арттыру шараларын кеңейту: активтерді басқарудағы консервативтілікті төмендету, квази-мемлекеттік сектор компанияларының ғана емес, бәсекелес сенімді кәсіпорындардың да бағалы қағаздарын сатып алу;
4. салымшы өзі үшін неғұрлым тартымды инвесторды өз бетінше таңдауы үшін әртүрлі базалық инвестпортфельдерді құру.


 

Продолжая тему:
Более 6,7 тыс. этнических казахов получили статус кандаса за шесть месяцев в текущем году
30 июля 2025 в 13:16
Контрольная точка — не контрольный выстрел. Что происходит с геологией Казахстана
28 июля 2025 в 10:53
Период «охлаждения»: получение кредитов меняется в Казахстане
30 июля 2025 в 13:10
Евро, рубли, доллары: что будет с валютными депозитами после отзыва лицензии у банка
28 июля 2025 в 17:58
В Туркестанской области на возвращенные активы обеспечивают села качественным водоснабжением
30 июля 2025 в 13:00
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Распространенные схемы интернет-мошенничества назвали в МВД
30 июля 2025 в 12:50
Что происходит с луком и картофелем в Казахстане: данные от Минсельхоза
29 июля 2025 в 11:27
Минобороны: Поиски вертолёта EC-145 затруднены видимостью на дне озера Сорбулак
30 июля 2025 в 12:46
Ночные проверки в Алматы: полиция поймала подростка за рулем
28 июля 2025 в 14:28
Брат Бишимбаева выйдет пораньше: суд сократил срок по амнистии
30 июля 2025 в 12:31
Пенсия по-новому: в Казахстане хотят пересмотреть порядок оформления
29 июля 2025 в 14:06
Казгидромет: В Казахстане резко похолодает
30 июля 2025 в 12:30
Новый взгляд на инсульт: эксперты назвали неожиданный триггер
25 июля 2025 в 13:20
Чтение в 90 — и мозг меняется: ученый рассказал, как это работает
30 июля 2025 в 12:26
Концертное выступление Дженнифер Лопес в Астане: что нужно знать зрителям
29 июля 2025 в 17:10
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан көмірін Ресей арқылы Еуропаға қайта тасымалдау туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді
30 июля 2025 в 12:18
БЦК запустил ипотеку под 3,5%, но пользователи в сети спорят, насколько она выгодна
26 июля 2025 в 17:14
Из дороги — в аллею: часть улицы Пушкина станет пешеходной зоной
30 июля 2025 в 12:17
Не болели COVID-19? Все равно пострадали — ученые обнаружили ускоренное старение мозга
29 июля 2025 в 13:25
Скорая, операции, реабилитация: что входит в медстраховку и как ею пользоваться
30 июля 2025 в 12:11
В Казахстане введут прогрессивный налог на продажу жилья
29 июля 2025 в 16:51
Кафе и рестораны дорожают: рейтинг регионов по расходам
30 июля 2025 в 11:59
В Алматинской области начинается масштабная перезагрузка туризма
25 июля 2025 в 17:13