Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгін Президент қол қойған бюджет кодексінің басты бағыттарына тоқталып, негізгі өзгерістерді атады, аталған құжат – ел үшін маңызды заңдардың бірі, себебі мемлекеттік қаржының қаншалықты тиімді жұмсалатынын тікелей анықтайды.

«Кодексті талқылау оңай болған жоқ. Ол сынға алынды, көптеген өзгеріс ұсынылды, пікірталастар өтті. Нәтижесінде, кейбір ұсыныс қабылданды, кейбірі өтпей қалды. Бірақ бұл да қалыпты жағдай, өйткені саясат – мүмкіндіктерді пайдалану өнері. Өз тарапымнан 70-ке жуық түзету енгіздім, оның 30-ға жуығы қабылданды. Бұл – әріптестермен, сарапшылармен, қоғам өкілдерімен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Түзетулер жергілікті және орталық деңгейдегі тәжірибемізге негізделді, – деп жазды Аймағамбетов желідегі парақшасында.