«Астана Моторс» жаңа зауытында автокөлікке арналған орындықтардың жаппай өндірісі басталғанын ресми түрде хабарлады

Almaty Autoparts Production компаниясының ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Youngsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың қатысуымен өтті.

2024 жылдың желтоқсан айында компания орындықтарға арналған көбікті қалып-пішіндердің сынама партиясын шығарып, сертификациядан өтіп, өнімдерді Hyundai жеңіл автокөліктер өндірісіне жеткізу мақсатында Hyundai Motor Company (Корея Республикасы) келісімін алды.

 Халықаралық стандарт талаптары мен қызметкерлердің біліктілік деңгейінің сәйкестігі расталған соң, кәсіпорын орындықтарды өндіру бойынша технологиялық операцияларды  жүзеге асыру мақсатында мемлекетпен келісімге отырды.

«Осылайша «Астана Моторс» өндіруші ретінде нарықтағы орнын нығайту үстінде. Біз Мемлекет басшысына, Қазақстан Үкіметіне және Алматы қаласының әкімдігіне өнеркәсіп саласына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Президент ел экономикасын дамытудағы жеке инвесторлардың маңызды рөліне тоқтап, кәсіпорындарға жұмыс орындарын сақтау және өндірісті жаңғырту бойынша көңілге қонымды міндеттемелер жүктелуі тиіс екенін атап өтті. Біз мойнымызға алған міндеттеріміз алдындағы жауапкершілікті толықтай сезінеміз. Осы мақсатта сыртқы факторларға тәуелділікті азайту, автокөлік өнеркәсібінде білікті инженерлер буынын дайындау, сонымен бірге шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу үшін автокомпоненттер мен шикізат өңдеудің қомақты үлесін локализациялауға қарай бағыт алып келеміз. Біз сондай-ақ Youngsan компаниясына бізге артқан сенімі, бөліскен технологиясы және тәжірибесі үшін алғыс айтып, ынтымақтастығымыздың табысты болатынына сенеміз», — деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Өз кезегінде, Youngsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом «Астана Моторс» компаниясына «Қазақстан өндірісінің жарқын болашағанына сенім артып, күш-жігердің арқасында ынтымақтастық пен дамуға жол ашқан мүмкіндіктер үшін» алғысын білдірді.

«Біз «Астана Моторс» пен Youngsan арасындағы бекем байланысқа негізделген бастамаларымыздың нәтижесін көріп отырмыз. Бұл тек алғашқы қадам ғана. Әлемде және ТМД аймағындағы автокөлік өнеркәсібіндегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта үнемі жұмыс істейтін боламыз. Бізге автокөлік саласын дамыту жолында қажетті инфрақұрылым мен басқа да көптеген салалар бойынша Қазақстан үкіметі тарапынан тұрақты қолдау қажет екенін атап өткім келеді. Мен сондай-ақ біздің зауыттағы барлық жас инженерлерді көргеніме қуаныштымын. Бұл инженерлер – Қазақстан өндірісінің болашағы!», — деп атап өтті Youngsan төрағасы Пак Чон Бом.

Зауыттың өндіріс қуаты жылына 100 мың орындық жинағын құрайды. Өнеркәсіп Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ұсақ түйінді өндірісі арқылы Hyundai Tucson моделіне арналған орындықтарды шығаруды бастады. Жақын арада зауыт Hyundai Santa Fe моделіне арналған орындықтарды өндіреді.

Болашақта Almaty Autoparts Production өз өнімдерін жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытына (ашылуы 2025 жылдың  2-тоқсаны), сондай-ақ басқа да автокөлік кәсіпорындарына жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда «Астана Моторс» Қытай Халық Республикасының Chery Automobile және Great Wall Motor Company (GWM) компанияларымен Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында Chery Tiggo 2 Pro, Haval Jolion, Tank 300 модельдерін өндіруде Almaty Autoparts Production автокомпоненттерін пайдалану туралы келісімдерге қол жеткізді.

Almaty Autoparts Propduction кәсіпорнының мамандары көбікті қалып-пішіндерді өндірудің технологиялық операцияларын меңгерді. 2026 жылы зауыт жеткізілетін шикізаттан орындық қаптамасын тігу бойынша локализацияның екінші кезеңіне шығады. Кәсіпорын тігін цехын ашып, оны жабдықтауға және кадрларды оқытуға қосымша 720 миллион теңге инвестиция жұмсауды көздеп отыр.

Аумағы 4850 ш.м. құрайтын Almaty Autoparts Production зауытының өндірістік алаңында көбікті полиуретанды (қалып-пішін) бұйымдарын шығару бойынша автоматтандырылған желі орнатылып, жұмысын бастады. Өндіріс құрал-жабдықтары Корея Республикасынан жеткізілген. Аталған желіде құйғыш робот, конвейер желісі, жылыту қондырғылары бар қалып пішіндер, айналмалы вакуумды крашер орналасқан.

Орындық өндірісінде зауыт Корея Республикасынан әкелінген құрал-жабдықтар, шикізат пен жиынтықтар, көбікті қалып-пішіндерді өндіруге арналған сұйықтық, сонымен қатар салынбалы элементтер, жақтаулар, орындық қаптамалары, пластикалық бөлшектер сияқты компоненттерді пайдаланылады.

Қазіргі уақытта зауытта 65 жұмысшы қызмет атқарарды. Кәсіпорын дамуының екінші кезеңінде орындық қаптау цехы іске қосылған соң Almaty Autoparts Production жұмысшыларының саны 95 адамға дейін өседі. Компания қызметкерлері Youngsan компаниясының тәжірибелі мамандарынан білім алып,  кореялық инженерлермен бірге жабдықтарды қондыру және баптау жұмыстарына қатысты.

Айта кетейік, «Астана Моторс» Алматының Индустриалды аймағында автокөлік кластерін, атап айтқанда Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыттарын, логистикалық хаб пен автокомпоненттер шығаратын технопаркін құрды.

«Астана Моторс» өндірісті кеңейту, сонымен бірге автокөліктер мен автокомпоненттерді локализациялауды ұлғайту жұмыстарын жалғастырады. Атап айтқанда, «Астана Моторс» жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерін, бәсеңдеткішті (түтін шығару жүйесі), еден төсеніштерін шығаруды жоспарлап отыр.

Продолжая тему:
#«Астана Моторс» #Almaty Autoparts Production #Авто #Завод #Казахстан
Погода в Казахстане: 19 июля снова будет жарко и ветрено
19 июля 2025 в 09:17
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
В аэропорту Астаны проведут антитеррористические учения
19 июля 2025 в 07:00
Рабочий из Кызылорды выиграл суд у ТОО
16 июля 2025 в 11:02
Новый налоговый кодекс: раньше думай о родине…
18 июля 2025 в 22:26
Взносы по ОСМС вырастут: в Минздраве объяснили для кого и как
15 июля 2025 в 15:00
На 20 млн тенге похитили золота квартирные воры
18 июля 2025 в 21:57
Хотите замедлить старение? Вот что действительно работает — исследование
17 июля 2025 в 13:32
В Туркестанской области ликвидирован завод по производству снюса
18 июля 2025 в 21:39
Назван простой способ сохранить ясность ума после 50 — и это не кроссворды
15 июля 2025 в 13:31
В Казахстане создано собственное производство мембран для очистки воды
18 июля 2025 в 21:23
Минсельхоз: Рекомендованная цена мяса сайгаков составляет 1600 тг/кг
16 июля 2025 в 14:40
11,4 млн тонн кормов уже заготовлено в Казахстане
18 июля 2025 в 21:08
Казахстан совместно с КНР запускают строительство завода карбамида в Актюбинской области
15 июля 2025 в 17:12
Комитет госдоходов сообщает о проведении технических работ в ИС ЭСФ
18 июля 2025 в 20:56
Токаев подписал новый закон по ЖКХ
15 июля 2025 в 15:42
В Казахстане продолжается системная работа по противодействию киберпреступности
18 июля 2025 в 20:39
Водительские права — теперь онлайн: МВД и Минцифры запускают новый формат оформления
17 июля 2025 в 14:15
К шести годам заключения приговорен бывший советник посла Казахстана в ОАЭ
18 июля 2025 в 20:21
Мучает бессонница? Эти 4 способа помогут уснуть без таблеток
17 июля 2025 в 12:41
«Ментальдық долларсыздандыру» процесі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары бар көше таблоларын шектеуден басталады
18 июля 2025 в 19:58
В каких банках казахстанцы почти не просрочивают кредиты
15 июля 2025 в 13:48
В Казахстане утверждены правила общего водопользования
18 июля 2025 в 19:50
Сколько стоят доллар, евро и рубль в обменниках 18 июля
18 июля 2025 в 08:15