Банктердің мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаруы ынталандырылады — маңызды

ҚНДРА мен Ұлттық банк банктерді мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын қайтаруға одан әрі ынталандыру бойынша қосымша шаралар әзірлеуде. Ынталандырудың сипатының қандай болатыны жайлы әзірге белгісіз.  

Банк секторының 2025 жылға арналған қадағалау саясатында екінші деңгейдегі бес банктің теңгерімінде 1,45 трлн теңге мемлекеттік көмек сақталатыны айтылған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылдан 2020 жылға дейін банктер мемлекеттік көмек алғанын еске салды: «Бір кездері сізге көмектескен, енді сіз де өзара жауап беріңіз».

Қазір бес қазақстандық банк мемлекет алдында 1,5 трлн теңге қарыз.

Бұған дейін банктердің біразы қарызын бірден жауып тастады, енді бірі бөліп-бөліп өтеп жатыр. 

Мемлекетке қарызы бар банктер

1.  Bank RBK

Алған сомасы: 244 млрд теңге;
Қайтарғаны: 30 млрд теңге (екі траншпен);
Қалған қарызы: 214 млрд теңге;
Қарызды мерзімінен бұрын қайтару банк акционерлеріне дивиденд төлеу шарттарына байланысты.

2. Банк ЦентрКредит (БЦК)

Алған сомасы: 60 млрд теңге;
Қайтарғаны: 20 млрд теңге (2024 жылдың желтоқсанында);
Қалған қарызы: 40 млрд теңге: Мемлекетке қарызды толық қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бірақ жаңа салық заңнамасына байланысты соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

3. Еуразиялық банк

Алған сомасы: 150 млрд теңге;
Қайтарғаны: 0 млрд теңге;
Қалған қарызы: 150 млрд теңге;
Жоспары: Қарызды алдын ала қайтару жоспарда жоқ, келісімшарт бойынша белгіленген мерзімге дейін төленеді.

4. «Нұрбанк»

Алған сомасы: 30 млрд теңге;

Қайтарғаны: 0 млрд теңге:
Қалған қарызы: 30 млрд теңге;
Жоспары: Қарызды толық өтеу мерзімі аяқталғанда ғана қайтаруды жоспарлап отыр.

5. Jusan Bank – ең көп көмек алған банк

Jusan Bank басқа банктермен салыстырғанда жағдайы ерекше болып тұр. Қаржы институты Банк секторын тұрақтандыру бағдарламасы ғана емес, қосымша бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған. Осы бағдарлама шеңберінде «Цеснабанк» пен АТФБанк алған қарыздар кейін Jusan Bank иелігіне өтті.

Мемлекет «Цеснабанктің» проблемалық несиелерін сатып алу арқылы оған 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлген. Сарапшылар бұл сатып алу-сату мәмілесі болғандықтан, бұл қаражаттың қайтарылуына аса қатты сене қоймайды

Сонымен қатар Jusan Bank-тің балансында 859 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау қаражаты бар, оны банк 2045 жылға дейін пайдалануға құқылы. Дегенмен баланста көрсетілген қарыз көлемі дисконттауға байланысты едәуір төмен.

Jusan Bank бұл қаржыны мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отырған жоқ. Банк өкілдері  БАҚ өкілдеріне «мемлекет алдындағы барлық міндеттеме жасалған келісімдерге сәйкес толық орындалып жатқанын» айтқан. 

Соңғы күндердегі басты оқиғасы – Қазақстанның ең ауқатты кәсіпкерлерінің бірі Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алуға қызығып жүр. Сарапшылар екі тараптың мәмілесі аса тартысты жағдайда өтетінін айтып жатыр. Банктерден қарызды қайтарып алуға мүдделі болып отырған алдымен қарызды қайтар деп талап қоюы мүмкін.  

Жалпы, банктер бұл қаражатты 15 жылға 4% жылдық мөлшерлемемен алған. Бірақ олардың кейбірі несиенің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтарып жатыр, ал кейбірі толық өтеу мерзіміне дейін ұстап қалуды жөн көріп отыр.

Сарапшылар халықаралық тәжірибеде банктердің мемлекеттен қарыз алу өте сирек кездесетінін айтады.  Нарық заңы бойынша банкротка тап болған банктер шағын қаржы ұйымдарына айналады.

Әлемдік тәжірибеде бұл қалыпты жағдай.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге мемлекет енді көмектеспейтінін мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, бұл дұрыс шешім.

«Енді банктер мемлекеттен алған қаржыны қайтарды ма, соны тексеру керек. Ол үшін мемлекетке де қаржы саласында нақты қадамдарға бару керек. Инфляция деңгейін бақылауға алу керек. Сонымен бірге банктердің мемлекеттік қаржы саласындағы, экономикадағы қан жүгіртуші организм екенін есте сақтау қажет. Біздің банктер адамдарды «кредит инесіне» отырғызып, солардың қаржысын, жүйке жүйесін соруға бейімделген. Банк жұмысын өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағыттау керек. Мемлекетке, елге көмегі тисін. Әділеттілік, теңдік принциптері қаржы саласына да тиісті», — дейді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Продолжая тему:
#Банки Казахстана #Возврат #Господдержка #Деньги #Казахстан
В рамках поручения Президента по цифровизации в казахстанских школах запустят обучение ИИ
12 августа 2025 в 18:35
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
С 1 сентября 2025 года в организациях образования вводится в действие новый Стандарт питания
12 августа 2025 в 18:16
В Казахстане впервые за долгое время снизилась стоимость новых автомобилей
9 августа 2025 в 10:36
Вопросы и ответы по новому Налоговому кодексу
12 августа 2025 в 17:57
В Казахстане могут ввести новый порог для взыскания долгов по соцплатежам
11 августа 2025 в 16:48
На севере Казахстана запустят новый завод — будут делать корм из люцерны
12 августа 2025 в 17:49
Спасатели МЧС Казахстана обнаружили фрагменты пропавшего вертолета
26 июля 2025 в 11:53
Минфин внес изменения в приказы по вопросам госзакупок
12 августа 2025 в 17:32
Миллиард тенге мог исчезнуть из-за чиновников: прокурорам удалось вовремя вмешаться
8 августа 2025 в 17:38
Зарплаты выросли только на бумаге: реальный доход казахстанцев не изменился
12 августа 2025 в 17:23
Сколько денег можно получить от государства, если переехать на север Казахстана
11 августа 2025 в 15:07
Более 104 тысяч вакансий разместили работодатели на портале Enbek.kz в июле
12 августа 2025 в 17:13
Кого освободили от транспортного налога в Казахстане
11 августа 2025 в 14:42
Названы сроки подключения казахстанских школ к интернету
12 августа 2025 в 17:04
В Павлодаре с августа подорожало электричество
8 августа 2025 в 14:25
В Мангистау водолаз очистил дно Каспия от мусора
12 августа 2025 в 16:58
VIP-номера в Казахстане: сколько стоит «красивый» госномер в 2025 году
11 августа 2025 в 16:02
Правительство уделяет особое внимание укреплению партнерства между колледжами и работодателями
12 августа 2025 в 16:49
Как медь помогает мозгу в старости? Исследователи сделали заявление
9 августа 2025 в 13:49
Более 7 млрд тенге сэкономлено в Казахстане внедрением ваучерного финансирования детских садов
12 августа 2025 в 16:38
Home Credit Bank изменил условия рассрочки
8 августа 2025 в 12:57
В Академии Национальной гвардии стартовал сбор офицеров-воспитателей
12 августа 2025 в 16:30
Спутниковая связь: Beeline предлагает Starlink кое-что сделать в Казахстане
8 августа 2025 в 11:07