Өткен жылы шағын және орта бизнес өкілдерінің несиеге деген сұранысы өсіп, тұтынушылық несиеге деген сұраныс төмендеді

Бірақ ірі бизнес тарапынан сұраныс тоқтаған жоқ. Банктер бұл үрдісті мемлекеттік жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларының қайта жандануымен байланыстырып отыр.  

2024 жылдың IV тоқсанында кредиттеу бойынша банктер арасында жүргізілген сауалнамаға екінші деңгейлі 19 банк қатысты. Сауалнаманы Ұлттық Банк тоқсан сайын несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді бағалау мақсатында жүргізеді.

Кейбір банктер бірнеше инвестициялық жобаның іске қосылғанын хабарлаған. Ірі бизнес тарапынан несие өтінімдердің саны 9%-ға өсіп, 214-ке жетті, алайда орташа өтінім мөлшері 13%-ға төмендеп, 8,8 млрд теңгені құрады.

Шағын және орта бизнес сегментінде қаржыландыруға сұраныстың артуына банктер ұсынған жаңа онлайн-өнімдер мен жеңілдетілген несиелеу шарттары әсер етті. Шағын бизнестің кредиттік өтінімдерінің жалпы саны 10%-ға артып, 930 мыңға жетті, ал орта бизнес бойынша бұл көрсеткіш 2%-ға өсіп, 4,7 мыңды құрады.

Қаржы институттары ірі бизнес кредиттерін мақұлдау коэффициентінің 60%-ға дейін артқанын, ал орта бизнес бойынша бұл көрсеткіш 41% деңгейінде тұрақты қалғанын және шағын бизнес несиелерін мақұлдау деңгейінің 33%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

Ипотека, тұтынушылық және автонесие

Төртінші тоқсанда ипотека және автокредиттерге сұраныс артып, тұтынушылық несиелерге қызығушылық төмендеген.

Банктер ипотекаға деген сұраныстың артуын құрылыс компанияларымен серіктестіктің жалғасуы және жаңа өнімдердің іске қосылуымен байланыстырды. Дегенмен, кейбір банктер ипотекалық портфельді ұлғайтпау үшін кепіл талаптарын күшейтті. Нәтижесінде ипотекалық өтінімдердің жалпы саны 5%-ға өсіп, 228 мыңға жетті.

Есесіне тұтынушылық несиеге деген сұраныстың төмендеуі байқалды. Сарапшылар мұны пайыздық мөлшерлеменің өсуімен және кепілге қойылатын талаптардың қатаңдауымен түсіндіреді. Тұтынушылық несиеге түскен өтінімдер саны 16%-ға қысқарып, 40,8 мыңды құрады.

Кепілсіз қарыздарға дегенн сұраныстың азаюы III тоқсанда енгізілген реттеуші өзгерістермен байланысты болды. Кепілсіз кредиттерге өтінімдер саны 20,2 млн-ға жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға азайды. 2025 жылдың I тоқсанында банктер автокредитке сұраныс артады деп күтеді. Банктердің пікірінше, ипотекалық қарыздар мен кепіл арқылы берілетін тұтынушылық қарыздар бойынша сұраныс аздап төмендейді, ал кепілсіз қарыздар бойынша сұраныс 2024 жылғы ІV тоқсан деңгейінде қалады.

Почти 1,3 млрд тенге направили на возмещение затрат предприятий
4 сентября 2025 в 18:03
Старые 5000-ные купюры в Казахстане теряют силу
31 августа 2025 в 17:03
Сыну депутата Турлыханова отказали в смягчении наказания
4 сентября 2025 в 17:51
Казахстанский лидер поздравил Украину с Днём независимости
24 августа 2025 в 12:17
В Казахстане запустили первые криптокарты: это сделал Евразийский банк
4 сентября 2025 в 17:45
Kaspi Bank отменил штрафы за досрочное погашение кредитов
2 сентября 2025 в 10:16
Других фигурантов не установили: АФМ о деле Перизат Кайрат
4 сентября 2025 в 17:38
Алматы грозит катастрофа. Бакытжан Базарбек поднял проблему незаконной застройки
3 сентября 2025 в 12:05
Официальные источники опровергают задержание Мурата Нуртлеу
4 сентября 2025 в 17:35
Cobalt, Tucson, Sportage, Elantra и Mufasa — первые по производству в Казахстане. Сколько они стоят?
3 сентября 2025 в 17:38
Жалобы казахстанцев: Банк ЦентрКредит навязывает кредиты под видом подарков
4 сентября 2025 в 17:17
Как в Алматы может быть решена проблема пробок
31 августа 2025 в 10:48
Операции с цифровыми активами свыше 5 млн тенге попадут под контроль АФМ
4 сентября 2025 в 17:17
Какими будут МРП, минимальные пенсии и зарплаты в 2026 году — данные Минфина
30 августа 2025 в 13:45
Послание Президента 2024: модернизация, диверсификация и инвестиции как приоритеты развития промышленного потенциала
4 сентября 2025 в 17:07
Президент выступил на заседании казахско-китайского Делового совета в Пекине
2 сентября 2025 в 17:36
Прокурорами Кокшетау установлен фиктивный ввод в эксплуатацию многоквартирных жилых домов
4 сентября 2025 в 17:03
Сулейменов: разговоры о долларе за тысячу тенге — «чистая теория»
2 сентября 2025 в 13:17
В Единую систему видеомониторинга Алматы выведено более 54 тысяч камер
4 сентября 2025 в 16:50
Нацбанк вводит новые правила для обменников
3 сентября 2025 в 10:55
В Казахстане объяснили стоимость модернизации «Байтерека»
4 сентября 2025 в 16:49
ДТП в Казахстане: за полгода — 955 погибших
16 июля 2025 в 17:45
Золото в Казахстане уверенно удерживается выше 60 тысяч
4 сентября 2025 в 16:47
Трёхлетний бюджет одобрен: сколько будет тратить Казахстан?
3 сентября 2025 в 11:07