Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен кездесуде тұрмысы төмен азаматтарға несие беру тетіктері қиындататыны айтылды. Бұл кездесу президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда ірі бизнеспен келіссөздерде жүргізгеннен кейін өтті. қазақстандықтарға қарыз шұңқырынан шығуға көмектесу қажет деп мәлімдеген болатын. . Сонымен қатар «мемлекет қаржылық білім беру жүйесін нығайтуы тиіс», деп есептейді президент.

ҚНДРА банктерді қарыз алушылардың төлемқабілеттілігін мұқият бағалауға міндеттегісікелетінін айтып берді. Мерзімі өткен төлемдері бар қазақстандықтар үшін олардың қарыздарын одан әрі ұлғайтуға шектеу қойғысы келеді.
Агенттік банктердің қаржылық тұрақтылығынатеріс әсер етуі мүмкін «нашар» кредиттердіжинақтамауы үшін қосымша шараларды (реттеушіжәне заңнамалық) қарайды.
Банктер проблемалық тұтыну кредиттерiнқайта құрылымдау жөнiндегi жұмыстыжалғастыруы тиiс. Яғни, олар қарызды өтеудеқиындық көріп отырған қарыз алушылар үшіннесие шарттарын қайта қарайтын болады. Біріншікезекте көмек өмірлік қиын жағдайға тап болғаназаматтарға бағытталатын болады. Ал сарапшылар болса бұл мәселе халықтың ЕДБ алдындағы қарызын жеңілдете алмайтынын айтып отыр. Тұрмыстық проблемасын банк несиесі арқылы шешуге дағдыланған жұрт ЕДБ бермесе, МҚҰ арқылының есігін қағып, өте жоғары пайзыбен несие алуға шешім қабылдайтыны анық. Сарапшылардың пайымдауынша, нақ қазір халықтың табысы өзін-өзі дамытуға мүлдем жетпейді.