ҚҚС: Үкіметтің есебі түгел

Елімізде қосылған құн салығына қатысты  пікірлер ұсынысы талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәселеге қоғамның, бизнес-қауымдастықтың пікірі ескерілетінін айтты.

Кеше, үкіметтің экономикалық блогының делегациясын Алматыға  бастап келген  Премьер-министрдің орынбасары -Ұлттық экономика министрі  Серік Жұманғарин елдегі бизнес обьектілерінің 65 пайызы Алматыда екенін, осы мәселеге қатысты қоғамдық пікір де Алматыға қарап көш түзейтінін айтты.

Күні кешеге дейін Үкіметттің ҚҚС -на қатысты пікірі 20 пайызды құп көргенін, осыған қатысты қаржы-қаражат да соған қарап үйлестірілгенін білеміз.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  үкімет үкілеп отырған 20 пайыздың тым жоғары екенін, үкіметке ҚҚС мәселесін зерттеуді әрі биыл нақты шешім қабылдауды тапсырып, үкіметті өздері қалаған мөлшерден біраз  пайызға  «жаңылдырып» қойғанын білеміз. Министрдің айтуынша, инфляция 3-3.5 пайыздан аспауы керек. С. 20 пайыздық деңгейдегі  индексация  800 млрд теңге керек еді. Бірақ бюджетке кіретін қаржы одан  да көп. Қазір 16 пайыздық деңгейде бізге керек қаржы 600-650 млрд теңге. Демек, үкімет есептен жаңылған жоқ. 

ҚҚС көтеру бизнестің көлеңкеге кетіп қалада немесе бөлшектеніп кетеді деген пікір басым болып келді. Ұлттық экономика министрі айтып өткендей, үкіметтің оған қатысты да кешенді жоспары бар. Мұнымен қаржы министрі айналысып жатыр. «Көлеңкеге бейім бизнестің санаты бізге белгілі. Соған жауап беретін 4-5 министр өздеріне қатысты жоспар жасап жатыр. Құрамында  министрлер бар жұмыс тобы аймақтарға шығады, бизнес-қауымдастықтың пікірін біледі. Соңғы шешімде бәрі ескеріледі»,   деді С. Жұманғарин.

Алматының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында министр олар салықтық түзетулердің инфляцияға әсерін бағалағанын айтты. Оның айтуынша, бұл жұмыс Ұлттық банктің макрофинансалық моделінде жүргізілді. «Менің ойымша, бұл сенімді есептеулер. Сондықтан бағалар туралы айтатын болсақ, өсім 3,5% құрайтынын көріп отырмыз. Бірақ бұл биылғы жылдың соңы және келесі жылдың жалғасы болады деп ойлаймын»,   деп атап өтті С. Жұманғарин.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы биыл инфляцияға басқа да факторлар әсер ететінін атап өтті. «Жасырмаймын, біз екі мәнді инфляцияға барамыз, бәлкім, 12-14% дәлізінде. Бірақ біз одан қорықпаймыз. Осы жылдар ішінде біз ең болмағанда азық-түлік инфляциясымен және қызмет көрсету инфляциясымен күресу тетігін пысықтадық», деп  мәлімдеді министр.

Алматының бизнес-қоғамдастығымен кездесу барысында министр олар салықтық түзетулердің инфляцияға әсерін бағалағанын айтты. Оның айтуынша, бұл жұмыс Ұлттық банктің макрофинансалық моделінде жүргізілді. «Менің ойымша, бұл сенімді есептеулер. Сондықтан бағалар туралы айтатын болсақ, өсім 3,5% құрайтынын көріп отырмыз. Бірақ бұл биылғы жылдың соңы және келесі жылдың жалғасы болады деп ойлаймын»,   деп атап өтті С. Жұманғарин.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы биыл инфляцияға басқа да факторлар әсер ететінін атап өтті. Екі мәнді инфляцияға барамыз, бәлкім, 12-14% дәлізінде. Бірақ біз одан қорықпаймыз. Осы жылдар ішінде біз ең болмағанда азық-түлік инфляциясымен және қызмет көрсету инфляциясымен күресу тетігін пысықтадық»,  деп мәлімдеді министр.

ҚҚС мөлшерлемесін 12% -дан 16% -ға дейін арттыру Қазақстанның экономикалық өсуін жеделдету, жақын арадағы 3-5 жыл ішінде жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні ұлғайту және 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі еселеу үшін негізгі фактор болады. 

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бұл қадам бюджеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ауқымды мемлекеттік инвестициялар үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

Мемлекеттік кірістер 10 жылдан астам уақыт бюджет шығыстарын жаба алмай келеді, бұл мұнай емес тапшылықтың жоғары деңгейіне — ЖІӨ-нің 7-8% -ына әкеледі. Оны жабу үшін Ұлттық қордан трансферттер пайдаланылады, бұл әлеуметтік төлемдердің қысқаруына және экономиканың басқа секторларына салықтық қысымның артуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай тәсіл болашақта бюджет жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіреді. «Ағымдағы жағдайда мемлекеттік шығыстарды азайту — орынсыз шара. 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығыстар үлесі 17,8% -ды құрады, ал Өзбекстанда — 24,0%, Қырғызстанда — 35,6%, ал орташа әлемдік деңгей 32,2% -ға жетеді. Бюджеттік шығындардың қысқаруы инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне және инфрақұрылымдық базаның нашарлауына алып келді»,  деп мәлімдеді Азамат Әмрин.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жеткiлiксiз қаржыландыру одан әрi экономикалық өсудi шектейдi. Қазіргі уақытта негізгі капиталға салынған инвестициялардың Қазақстандағы ЖІӨ-ге қатынасы небәрі 14% -ды құрайды — бұл соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл жоғары өсу қарқынын мүмкін етпейді.

Соңғы жылдары мемлекеттік шығыстардың төмендеуі мемлекеттік инвестициялардың — ЖІӨ-нің 5% -дан 3% -ға дейін күрт құлдырауына алып келді. Егер бұрын Қазақстан осы көрсеткіш бойынша кейбір дамыған елдерді басып озса, енді айтарлықтай артта қалып отыр.«Мемлекеттік инвестициялар көлемін арттырусыз өсу әлеуетін шектейтін инфрақұрылымдық алшақтықты жою мүмкін емес. Бізге жеке инвесторлар үшін ынталандыру жасау, сондай-ақ көлік, энергетика, цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі салаларды дамытуға көп қаражат бағыттау қажет»,   деп баса айтты вице-министр.

Бұл ретте Қазақстан әлемдегі ең төменгі ҚҚС ставкаларының бірін сақтап отыр. 2022 жылы қосылған құн салығы ЖІӨ-нің 4% -ын ғана қамтамасыз етті, ал кіріс деңгейі салыстырмалы елдерде бұл көрсеткіш 7% -ға жетеді. «ҚҚС мөлшерлемесін 16% -ға дейін көтеру бізге бюджетті теңестіріп қана қоймай, экономикалық өсудің берік негізін құруға мүмкіндік береді. Қосымша салық түсімдері инфрақұрылымды дамытуға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады»,  деп атап өтті Азамат Әмрин..

Осылайша, жаңа салық саясаты Қазақстанға ЖІӨ өсу қарқынын жеделдетуге, бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді экономикалық даму үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ремонт дорог в Астане: водителей просят планировать маршрут заранее
13 июля 2025 в 17:56
Сколько теперь стоит минимум пачка сигарет в Казахстане
9 июля 2025 в 09:54
ИИ и спецслужбы: как КНБ защищает Казахстан в новых реалиях
13 июля 2025 в 17:49
В Кызылорде запущен современный кирпичный завод
9 июля 2025 в 11:26
Подозрения в коррупции: судьи отстранены после матча КПЛ
13 июля 2025 в 16:50
Ученые нашли способ замедлить старение мозга — и он доступен каждому
10 июля 2025 в 12:35
Где парковаться на ALEM FEST-2025: в Астане определены стоянки для гостей
13 июля 2025 в 16:43
Хронический стресс выдает один неожиданный симптом — проверьте у себя
10 июля 2025 в 13:48
Казахстанцам могут давать отсрочку по кредитам в трудной жизненной ситуации
13 июля 2025 в 15:49
Глава Нацбанка высказался о возможности пересмотра прогноза по инфляции
11 июля 2025 в 13:44
Kazakhstan Growth Forum (K25) 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Алматыда басталады
13 июля 2025 в 15:20
Эту ошибку совершают почти все: как вы сами разводите бактерии в постели
9 июля 2025 в 13:30
Конаев принял уже более 860 тысяч туристов
13 июля 2025 в 15:17
Названы цены на концерт Backstreet Boys: самый дешёвый билет — 40 тысяч
10 июля 2025 в 12:59
Алаколь и туристический сезон: обнаружены серьезные проблемы
13 июля 2025 в 14:31
Global Banking and Finance: Казахстан теперь не только про нефть, а про людей
11 июля 2025 в 17:18
Гвардеец из Уральска завоевал «серебро» на чемпионате мира по муайтай среди военнослужащих
13 июля 2025 в 14:17
В Караганде создают рабочие места для людей с инвалидностью
10 июля 2025 в 09:34
Балхаш и Каркаралинск готовят к туристическому сезону: новые дороги, отели и пляжи
13 июля 2025 в 13:12
13 июля праздник органов национальной безопасности Казахстана
13 июля 2025 в 11:27
День работников рыбного хозяйства отметили в Казахстане
13 июля 2025 в 12:15
В Казахстане упростили получение отсрочки по кредиту
11 июля 2025 в 09:41
В Казахстане стартовал приём заявок на образовательные гранты
13 июля 2025 в 10:40
В Темиртау продолжается газификация частного сектора
11 июля 2025 в 11:43