
Қала әкімдігінде мәлімдегендей, бұл медициналық қызмет көрсетуге әсер етпейді.
Құрылыс басқармасынан атап өткендей, бірінші кезең аясында 20 ай ішінде 11 блоктың 5-уін қайта жөндеу жоспарланған.
«Аурухананың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық блокты, реанимация залын уақытша ауыстыру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ мекеменің штаттық кестесі өзгермейді», — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда аурухананың инженерлік желілері 90%, тірек конструкциялары 60%, ал қасбеті 70% тозған. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, желдету жүйесі, ғимараттар мен лифтілерді гидроизоляциялау нормаларға сәйкес келмейді, медициналық жабдықтар ескірген.
Әкімдіктің мәліметінше, ғимаратты сейсмикалық күшейту, инженерлік коммуникацияларды, қасбетті, желдеткішті, трансформаторлық қосалқы станцияларды ауыстыру, қазандықты орнату қарастырылған, аурухананың пайдалы алаңы 2,5 мың шаршы метрге ұлғайтылады, бөлімшелер функционалды аймаққа бөлінеді және заманауи медициналық техникамен толық жарақтандырылады. Басқарманың хабарлауынша, бүгінде бөлімшелер блоктар мен қабаттарға шашыраңқы орналасқан, бұл логистиканы қиындатады. Қайта жөндеуден кейін бірінші қабат әкімшілік пен амбулаториялық онкогематологиялық бөлімшеге арналған жеке кіретін есігі бар аурухананың фронт-офисі болады, сондай-ақ бірінші қабатта ресепшені және клиникалық-диагностикалық орталығы бар күту аймағы орналасады, ал қоймалар, мұрағат және басқа да қосалқы үй-жайлар цокольға көшіріледі.
«Пациенттер мен қызметкерлер ағыны бұдан былай қиылыспайды, яғни пациенттер мен дәрігерлер үшін қолайлы және түсінікті орта жасалады», — деп баса айтты құрылыс басқармасына