Қазақстанда шамамен 1,5 млн адам тұратын 20 моноқала бар. Қарағанды облысында Теміртау, Балқаш, Шахтинск және Абай моноқалалары мәртебесінде қалып отыр. Экономиканы әртараптандыру жұмыстарының арқасында Саран осы санаттан шығарылды

Қарағандады да «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» деген тақырыпта, пен Қарағандыда өткен республикалық семинар-кеңес премьер Бектеновтың төрағалығымен өтті.
Премьер-министр Екібастұз қаласының экономикасын әртараптандыру мен өсімнің тұрақты динамикасын атап өтті.
Құны 138,4 млрд теңге болатын ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске қосу, 800-ден астам жұмыс орнын құру, сондай-ақ индустриялық аймақты қалыптастыру маңызды рөл атқарды.
Премьер-Министр сондай-ақ тұрақты дамудың негізгі шарты жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.
«Ең үлкен міндет — моноқалаларға инвесторлар тарту. Біз әр қалада ауруханалар, мектептер, стадиондар және басқа да әлеуметтік нысандар сала аламыз, бірақ жұмыс болмаса, онда ешкім де тұрмайды. Сондықтан бізге инвесторларды тартып, оларға қажетті жағдай жасау қажет. Оларға бос тұрған ғимараттар мен жер учаскелерін ұсынып, онда жаңа өндірістер ашу қажет. Егер мұндай әдістер болмаса, онда даму да болмайды. Сондықтан ең маңызды мәселе — инвесторларды тарту. Саран, Екібастұз және басқа да қалаларда нәтижелер бар, бірақ осы бағытта белсенді жұмыс істеу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Самұрық-Қазына» қорына, «Бәйтерек» холдингіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін моноқалалардағы ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттарды, оның ішінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде кеңейтуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Ұлттық экономика, цифрлық даму, ауыл шаруашылығы, туризм және спорт, ғылым және жоғары білім министрліктері мен облыс әкімдіктері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін нақты инвестициялық жобаларды ескере отырып, моноқалалар экономикасының өсуінің жаңа драйверлерін айқындау жөнінде шаралар әзірлеуі қажет
Сондай-ақ, Көлік министрлігіне облыс әкімдіктерімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ірі көлік дәліздерінің бойында орналасқан моноқалалардың маңында сервистік қызметті дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.